рисунок 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде   «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын қадағалайтын арнайы топ құрылды. Топқоғам қайраткерлері, журналистер мен блогерлерден құралған «Цифрлық комиссарлардан» тұрады.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектің неліктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды. Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚР ІІМ ақпараттық базасында туындаған техникалық ахауға байланысты еліміздің мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлік иелеріне дер кезінде қызмет көрсетілмеді, салдарынан үлкен кезектер пайда болып, халық наразылығы туындады. Орын алған жағдайды шешу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірқатар шара қабылдады.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлімінде енді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуін миграция қызметкерлерімен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де жүргізе алады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан зардап шегіп, қаладан эвакуацияланған тұрғындар үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері қызмет көрсетеді.