Құрметті Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Бәйтерек ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Shaharov Aссылка

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Бәйтерек ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Бәйтерек ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Бәйтерек ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы 


Жаңалықтар


 

Бүгін ауданда қоғамдық кеңес отырысы өтті.

рисунок

Кеңесте аудан әкімі Асхат Шахаров ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытындағы жұмысы туралы есеп берді. Ауданда 2019 жылға межеленген көрсеткіштер орындалып, мемлекеттік бағдарламалар табысты іске асқан. Агросалада мемлекеттің қолдауымен ауыл шаруашылық өнім көлемі ұлғайды. Аудан экономикасының өсіміне тікелей әсер етуші шағын және орта бизнес қарқын алды. Өзге де салаларда атқарылған жұмыстарды шолып өткен аудан басшысы жыл бойы өзара түсіністікте әрекет етіп, әр бастамаға қолдау танытқан қоғамдық кеңес ұжымына ризашылығын білдірді.

Толығырақ...

Раздольный, Трекин ауылдық округтері әкіміне үміткерлерді таныстырды.

рисунок

2020 жылғы 24 қаңтарда аудан әкімі Асхат Шахаров Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығына сәйкес Раздольный, Трекин ауылдық округтері әкіміне үміткерлерді жергілікті қауымдастық өкілдеріне таныстырды.

Толығырақ...

Қоғамдық қабылдау жүргізді

рисунок

Бүгін аудан әкімі Асхат Шахаров "Nur Otan" партиясы Бәйтерек аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген тұрғындар тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеу, тұрақты жұмыс мәселесін көтеріп, шағын кәсіпке білдірілетін қолдау туралы пікір алмасты.

Толығырақ...

Барлық жаңалықтарды оқу ...