Құрметті Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Бәйтерек ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Shaharov Aссылка

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Бәйтерек ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Бәйтерек ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Бәйтерек ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы

 


Президенттік жастар кадрлық резерві

рисунок

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылғанын хабарлаймыз.


Жаңалықтар


 

Сот төрелігін атқару қорытындысы

25.10.2019

рисунок

2019 жылғы 25 қазанда аудан активінде Бәйтерек  аудандық сотының төрағасы Роза Сариева ағымдағы жылдың 9 айында сот төрелігін атқару қорытындысы туралы ақпарат берді. Жиынға Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ғизатолла Қырықбаев арнайы қатысты.

Толығырақ...


Үміткерлер өз бағдарламаларын қорғады

23.10.2019

рисунок

2019 жылғы 22 қазанда Сұлукөл ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер тұлғалар аудандық мәслихат депутаттары алдында өз бағдарламаларын қорғады. Ресеймен шектесетін шағын округ аумағында республикаға белгілі "Жайық мұнай" ЖШС орналасқан. Сондай-ақ округте егін шаруашылығы табысты өркендеуде. Үміткер тұлғаларға мәслихат депутаттары ауылды одан әрі дамыту бағытындағы жоспарлары туралы сұрақтарын жолдап, ой бөлісті.

Толығырақ...


Ашық фестиваль мәреге жетті

23.10.2019

рисунок

Бүгін ауданда "Күзгі әуен" вокалды-аспапты ансамбльдердің облыстық ашық фестивалі мәреге жетті.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...