Аталған мемлекеттік қызмет түрі баламалы түрде көрсетілетіндіктен енді тұтынушылар ХҚКО-ға келіп жұмыссыз ретінде тіркелуге болады. Ол үшін тіркелген мекенжайға  байланысты облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының  кез келген бөлімдерінен құжаттарын тапсыруларына болады.

Тұтынушылар  сауалнамада қандай білім алғаны, қай тілді білетіндігі, қызығушылығы және бос уақытында немен айналысатындығы туралы ақпаратты көрсете алады, бұл өз кезегінде іздеу үдерісін жеңілдетеді және оның мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен бұл қызметті сіздің қалаңыздың кез келген ХҚКО-сынан алуға болады. Тіркеуге және есепке қоюға кететін уақыт - күнтізбелік 10 күн.    

Бұрын бұл қызметті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ғана ұсынатын, енді осы жылдың қаңтар айынан бастап бұл қызметті ХҚКО-нда алуға болады, сонымен бірге Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса қызметті алу үшін электрондық үкімет порталына жүгінсеңіз болғаны. Қосымша ақпаратты ХҚКО дан алуға болады.

 

Бұл орайда ХҚКО-ның жыл сайын өз қызметтерінің санын арттырып отыратындығын атап өткен жөн. Мысалы, осы жылы оның саны 171-ге жетті, ал 2012 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 113 қызмет, ал бұдан бұрынғы жылы 59 қызмет қана көрсеткен болатын.

Бұл қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мен оңтайландырудан кейін енді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын, сондай-ақ негізгі орта, жалпы орта білімі туралы аттестаттардың телнұсқаларын алу үшін азаматтың жеке куәлігі мен табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтама  ғана керек.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы қызметтерді енгізгеннен кейін білім ұйымдарына бару қажеттілігі жойылды, бұл орайда кез келген ХҚКО-ға барып, өтінім берудің өзі жеткілікті. Оның үстіне бұл қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттардың тізімі оңтайландырудан кейін екі есеге қысқарды.

Айтпақшы, бұрын диплом мен аттестаттың телнұсқасын алу үшін газеттен жоғалғандығы туралы үзіндіні, туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін, табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтаманы ұсыну, сондай-ақ жоғалу жағдайының толық сипаттамасы берілген өтінішті жазу талап етілген.

Бұл қызметті ХҚКО-нда Қазақстан Республикасының адамдары, сондай-ақ Қазақстан аймағында тұрғылықты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар және  ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары пайдалана алады. Аттестаттың телнұсқасын күнтізбелік 10 күн ішінде, ал техникалық және кәсіби білімі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқасын сәйкесінше 10 және 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.

 

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе  тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-мен қатар, еліміздің кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді  және  халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспановтың айтуынша, «бұл механизм ҚР Ішкі істер министрлігімен белсенді түрде талқыланып, іске асырылды. Бүгінгі күні барлық мәселелер реттелді және  ХҚКО-дағы  көші-қон полициясының қызметкерлері тұрғындардан жаңа куәлік немесе паспорт рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады. Бұл қызмет азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке куәлік немесе паспорт алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті жоқ ».

Сондай-ақ, Агенттіктің тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді де тіркелген жері немесе тұрғылықты жеріне  байланыстырмай-ақ, кез-келген ХҚКО арқылы беру  мәселесін мемлекеттік органдармен бірге  қарастыруда. 

«ХҚКО»РМК ақпаратына сәйкес, осы жылдың басынан бері 600 мыңнан астам адам  еліміздің  Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттандыру қызметін алуға келген.

«Айталық, сіз Орал қаласында немесе басқа елді мекенде тұрып  жатырсыз,  бірақ нақты уақытта Алматы қаласында жүрсіз. Сізге паспорт немесе жеке куәлік алу үшін өзіңіздің қалаңызға барудың қажеті жоқ. Паспорт немесе жеке куәлік алуға өтінімді  Алматы қаласында орналасқан кез-келген ХҚКО-на бере аласыз» - деп түсіндірді «ХҚКО»РМК директоры  Мұрат  Айтуғанов.

Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-тегін ауыстырған, құжат  бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі  өтіп кеткен және т.б. жағдайларда  тұрғылықты және тіркелген мекенжайына қатыссыз,  кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.

Құжатты әзірлеу уақыты туралы ақпаратты ХҚКО-на өтінім беру кезінде біле аласыз.