Мемлекеттік қызметті Министрліктің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

тұрақты жер пайдалану құқығына арналған актіні берген кезде - 6 (алты) жұмыс күні;

ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

 

Еліміздің экономикасының көтерілуіне сыбайлас жемқорлық үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты проблемасының бірі болып келеді.Сондықтан оның алдын алу болдырмау үшін көптеген іс шаралар жүзеге асырылып келеді.Дегенмен жемқорлықпен күрес күн сайын артып келеді дегенмен, жемқорлықтан бойларын аулақ ұстағысы келмейтіндер қатарлары күн санап артып келеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының сонымен қатар ел азаматтарының басты міндеттерінің бірі екендігі көрсетілген. Аталмыш заң азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен еліміздің қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуге сыбайлас жемқорлықтың жолын алдын алуға оның болу салдарына тосқауыл болып, және кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған. Осындай келеңсіз жағдайлармен күресу тек қана сот, құқық қорғау органдарының міндеті емес, сонымен қатар азаматтардың парызы яғни біздің парызымыз екенін ұмытпауымыз қажет. Қарапайым халық арасында сыбайлас жемқорлыққа білімділік жетіспейді, сол себепті жемқорлықпен күресуді тек құқық қорғау огандарымен жеңу қиын болып отыр сондықтан жемқорлықпен күресті бүкіл халық болып қолға алсақ  қана тоқтатуға мүмкіндік туады.

Заң бұзушылықтарға жергілікті  атқарушы  орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады.Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен кіналы тұлғалар жауапкершіліктен еш қиынсыз құтылып кетеді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ жүрген жөн болып табылады.                                                                                     

Қазіргі кезде мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы басты назары ұйымдық құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік міндетерді атқаратын лауазымды, сондайақ оларға теңістірілген адамдардың тиімді  қызметін қамтамасыз етуге бағытталған жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындау мақсатында және демократиялық негіздерді, мемлекеттіқ бакылауды кеңейтуге халықтың мемлекетпен оның құрылымдарына деген сенімін нығайту, сонымен қатар  Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысының сапасын арттыру және де адамның конституциялық құқықтарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысымен бір катар мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілген. Сол стандарттар бойынша көптеген мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталыктары арқылы көрсетілетін болған. Сонымен қатар қазіргі уақытта ауданымыздағы қызмет көрсету орталығы көптеген өкілетті органдармен бірлесе отырып, бекітілген стандарттар бойынша қызмет көрсетуде.

Орталығымыздың жұмысын ашықтығын әр бір азаматтардың қол жетімділігін, алдын ала ол адамдардың конституциялық құқықтарын сақтап, сыбайлас құқық бұзушылыққа жол бермейік.

Аталған мемлекеттік қызмет түрі баламалы түрде көрсетілетіндіктен енді тұтынушылар ХҚКО-ға келіп жұмыссыз ретінде тіркелуге болады. Ол үшін тіркелген мекенжайға  байланысты облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының  кез келген бөлімдерінен құжаттарын тапсыруларына болады.

Тұтынушылар  сауалнамада қандай білім алғаны, қай тілді білетіндігі, қызығушылығы және бос уақытында немен айналысатындығы туралы ақпаратты көрсете алады, бұл өз кезегінде іздеу үдерісін жеңілдетеді және оның мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен бұл қызметті сіздің қалаңыздың кез келген ХҚКО-сынан алуға болады. Тіркеуге және есепке қоюға кететін уақыт - күнтізбелік 10 күн.    

Бұрын бұл қызметті қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары ғана ұсынатын, енді осы жылдың қаңтар айынан бастап бұл қызметті ХҚКО-нда алуға болады, сонымен бірге Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса қызметті алу үшін электрондық үкімет порталына жүгінсеңіз болғаны. Қосымша ақпаратты ХҚКО дан алуға болады.

 

Бұл орайда ХҚКО-ның жыл сайын өз қызметтерінің санын арттырып отыратындығын атап өткен жөн. Мысалы, осы жылы оның саны 171-ге жетті, ал 2012 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 113 қызмет, ал бұдан бұрынғы жылы 59 қызмет қана көрсеткен болатын.

Бұл қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыру мен оңтайландырудан кейін енді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, техникалық және кәсіби білімі туралы дипломдардың телнұсқаларын, сондай-ақ негізгі орта, жалпы орта білімі туралы аттестаттардың телнұсқаларын алу үшін азаматтың жеке куәлігі мен табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтама  ғана керек.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында осы қызметтерді енгізгеннен кейін білім ұйымдарына бару қажеттілігі жойылды, бұл орайда кез келген ХҚКО-ға барып, өтінім берудің өзі жеткілікті. Оның үстіне бұл қызметтерді алу кезінде қажетті құжаттардың тізімі оңтайландырудан кейін екі есеге қысқарды.

Айтпақшы, бұрын диплом мен аттестаттың телнұсқасын алу үшін газеттен жоғалғандығы туралы үзіндіні, туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесін, табылатын заттарды тапсыратын орыннан анықтаманы ұсыну, сондай-ақ жоғалу жағдайының толық сипаттамасы берілген өтінішті жазу талап етілген.

Бұл қызметті ХҚКО-нда Қазақстан Республикасының адамдары, сондай-ақ Қазақстан аймағында тұрғылықты тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар және  ҚР азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының адамдары пайдалана алады. Аттестаттың телнұсқасын күнтізбелік 10 күн ішінде, ал техникалық және кәсіби білімі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломдардың телнұсқасын сәйкесінше 10 және 15 жұмыс күнінен кейін алуға болады.

 

Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті алу үшін тұрғылықты жеріндегі немесе  тіркелген мекенжайы бойынша орналасқан ХҚКО-мен қатар, еліміздің кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына құжат тапсыра алады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді  және  халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспановтың айтуынша, «бұл механизм ҚР Ішкі істер министрлігімен белсенді түрде талқыланып, іске асырылды. Бүгінгі күні барлық мәселелер реттелді және  ХҚКО-дағы  көші-қон полициясының қызметкерлері тұрғындардан жаңа куәлік немесе паспорт рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады. Бұл қызмет азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке куәлік немесе паспорт алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті жоқ ».

Сондай-ақ, Агенттіктің тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді де тіркелген жері немесе тұрғылықты жеріне  байланыстырмай-ақ, кез-келген ХҚКО арқылы беру  мәселесін мемлекеттік органдармен бірге  қарастыруда. 

«ХҚКО»РМК ақпаратына сәйкес, осы жылдың басынан бері 600 мыңнан астам адам  еліміздің  Халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттандыру қызметін алуға келген.

«Айталық, сіз Орал қаласында немесе басқа елді мекенде тұрып  жатырсыз,  бірақ нақты уақытта Алматы қаласында жүрсіз. Сізге паспорт немесе жеке куәлік алу үшін өзіңіздің қалаңызға барудың қажеті жоқ. Паспорт немесе жеке куәлік алуға өтінімді  Алматы қаласында орналасқан кез-келген ХҚКО-на бере аласыз» - деп түсіндірді «ХҚКО»РМК директоры  Мұрат  Айтуғанов.

Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-тегін ауыстырған, құжат  бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі  өтіп кеткен және т.б. жағдайларда  тұрғылықты және тіркелген мекенжайына қатыссыз,  кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.

Құжатты әзірлеу уақыты туралы ақпаратты ХҚКО-на өтінім беру кезінде біле аласыз.