АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

ҚР ІІМ ақпараттық базасында туындаған техникалық ахауға байланысты еліміздің мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлік иелеріне дер кезінде қызмет көрсетілмеді, салдарынан үлкен кезектер пайда болып, халық наразылығы туындады. Орын алған жағдайды шешу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірқатар шара қабылдады.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлімінде енді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуін миграция қызметкерлерімен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де жүргізе алады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан зардап шегіп, қаладан эвакуацияланған тұрғындар үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері қызмет көрсетеді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2019 жылдың төрт айындахалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2 қызмет көрсетілді. 

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив қызметі арқылы70 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін 13 мың жәрдемақы смс арқылы тағайындалды.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.