Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру

      «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген.
      Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.
      Сұрау салуды, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе Салық есептілігін өңдеу қызметі ақпараттық жүйесі веб-қосымшасы (бұдан әрі - СЕӨҚ АЖ) арқылы;
      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;
      3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

      Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге СЕӨҚ АЖ-да, ХҚКО-да және порталда тапсырған сәттен бастап берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет сұрау салу келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады;
      салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме беру (бұдан әрі - Үзінді көшірме) -салықтық өтінішті берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер электронды нысанда;
      2) үзінді көшірмені беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті алушы не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға қажетті құжаттар тізбесі:
      1) берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет алу үшін - сұрау салу;
      2) үзінді көшірме алу үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;
      3) жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

     ХХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      ХҚО-та көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2015 жылғы 08 қазан                                                                                  Астана қ.

ҚР Парламентінің Мәжілісі «ҚР мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдерді құру, халыққа қызметтерді ұсынуды реттейтін нормаларды заңды түрде бекіту және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті ресімдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын сақтау», - деп ҚР ИДМ вице-министрі Сәкен Сәрсенов атап өтті. 

«Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызметтерді іріктеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Қызметтерді мемлекеттік корпорацияға беру шарттарының бірі оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады», - деп қосты ол.

Кәсіпорындарды біріктірген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерін сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін көрсететін болса, онда мемлекеттік корпорацияда барлық қызметтер сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін көрсетілетін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына жолданды.

рисунок 

 «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі  әзірледі.
     Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi көрсетедi.
     Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
     көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
     Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
     «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап - 10 жұмыс күн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. 
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде. 
     Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

     Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
      тауардың фотосуретi (болған жағдайда).
           ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      ХҚО-та көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.

    Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi көрсетедi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап - 15 жұмыс күн;

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға  тегiн көрсетiледi.

ХҚО-ға:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
-жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны.
-өнiмдi қайта өңдеуге арналған сыртқы шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;
-тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi.

Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
      ХҚО қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
      ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      ХҚО-та көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      ХҚО нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін ХҚО-қа дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде ХҚО-ң сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжуттарды бір жұмыс күні ішінде ХҚО-қа жолдайды.

«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
      Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
      «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап ХҚО-ға - 20 жұмыс күні (Астана қаласында орналасқан - 10 жұмыс күні.       

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты). Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде. 
     Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға  тегiн көрсетiледi.
     Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; 
      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы шеттету құжаты немесе сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) көшірмесі;
      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжаты көшірмесі.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2015 жылғы 1 қазан                                                                                                   Астана қ.

Бүгіннен бастап Астана мен Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтауға арналған  SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жобасы бастау алды. Келешекте осындай мобильдік ЭЦҚ-сы бар SIM-карталар Қазақстанның барлық ХҚКО-ларында қолжетімді болады.

«ХҚКО-ларда пилоттық жоба халыққа ыңғайлы болу үшін іске қосылды. Азамат ХҚКО-ға келіп, осы жерде SIM-картаны сатып алып, оған электрондық цифрлық қолтаңбаны жаздыра алады және мамандардан оны қалай дұрыс пайдалану туралы кеңес ала алады», - деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева айтты.

Сонымен бірге ол қазіргі уақытта пилоттық жоба мамандандырылған ХҚКО-ны қоспағанда, Астананың барлық ХҚКО-ларында, сондай-ақ Алматының Бостандық, Әуезов, Медеу, Түркісіб және Наурызбай аудандық ХҚКО-ларында іске қосылғанын айтып өтті. 

Егер азамат ЭЦҚ жаздыратын SIM-картаны алғаш рет сатып алса, оның бағасы    200 теңгені құрайды, мұнда көрсетілген сома абоненттің балансына есептеледі.  Ал егер азаматта «Алтел» ұялы операторының SIM-картасы болса, ол ХҚКО-да ЭЦҚ жаздыратын  SIM-картаға ауыстыра алады. Онда SIM-картаның бағасы 101 теңгені құрайды және клиенттің балансынан азайтылады.

SIM-карталардан мобильдік ЭЦҚ пайдалану азаматтарға «egov.kz» мобильдік қосымша көмегімен мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің бары (жоғы) туралы, зейнетақы төлемдері туралы анықтамаларды және өзге де қызметтерді  алуға мүмкіндік беретінін айта кетелік. Болашақта SIM-карталардағы мобильдік ЭЦҚ көмегімен пайдаланушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіпті интернетсіз және тиісті мобильдік қосымшаларсыз батырмалы телефон арқылы да қызметтер ала алады.

Телефон немесе SIM-картаны жоғалтқан кезде, абонент 888 телефоны бойынша ALTEL call-орталығына жүгіне алады - оператор SIM-картаны бұғаттайды, ал онымен бірге SIM-картадағы ЭЦҚ-ны пайдалану қолжетімсіз болады. SIM-карта әдеттегідей ALTEL ұялы операторының Сату және қызмет көрсету орталығына және одан кейін жаңа ЭЦҚ жазу үшін ХҚКО-ға жеке жүгінген  кезде оңай  қалпына келтіріледі.