«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі  әзірледі.
     Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi көрсетедi.
     Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
     көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
     Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
     «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

 

      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап - 10 жұмыс күн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. 
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде. 
     Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

     Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
      тауардың фотосуретi (болған жағдайда).
           ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      ХҚО-та көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

«Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.

    Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi көрсетедi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

 

көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап - 15 жұмыс күн;

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға  тегiн көрсетiледi.

 

ХҚО-ға:

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
-жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

-осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны.
-өнiмдi қайта өңдеуге арналған сыртқы шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесi;
-тиiстi құзыреттi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тауарларды аумақтан тыс жерде және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшiрмесi.

Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.
      ХҚО қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін алады;
      ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      ХҚО-та көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
      ХҚО нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін ХҚО-қа дайын құжаттарды алу үшін өтініш жасаған кезде ХҚО-ң сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін дайын құжуттарды бір жұмыс күні ішінде ХҚО-қа жолдайды.

«Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
      Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
      «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

 

      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап ХҚО-ға - 20 жұмыс күні (Астана қаласында орналасқан - 10 жұмыс күні.       

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты). Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде. 
     Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға  тегiн көрсетiледi.
     Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; 
      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы шеттету құжаты немесе сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) көшірмесі;
      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжаты көшірмесі.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

2015 жылғы 1 қазан                                                                                                   Астана қ.

 

Бүгіннен бастап Астана мен Алматының халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтауға арналған  SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жобасы бастау алды. Келешекте осындай мобильдік ЭЦҚ-сы бар SIM-карталар Қазақстанның барлық ХҚКО-ларында қолжетімді болады.

«ХҚКО-ларда пилоттық жоба халыққа ыңғайлы болу үшін іске қосылды. Азамат ХҚКО-ға келіп, осы жерде SIM-картаны сатып алып, оған электрондық цифрлық қолтаңбаны жаздыра алады және мамандардан оны қалай дұрыс пайдалану туралы кеңес ала алады», - деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева айтты.

Сонымен бірге ол қазіргі уақытта пилоттық жоба мамандандырылған ХҚКО-ны қоспағанда, Астананың барлық ХҚКО-ларында, сондай-ақ Алматының Бостандық, Әуезов, Медеу, Түркісіб және Наурызбай аудандық ХҚКО-ларында іске қосылғанын айтып өтті. 

Егер азамат ЭЦҚ жаздыратын SIM-картаны алғаш рет сатып алса, оның бағасы    200 теңгені құрайды, мұнда көрсетілген сома абоненттің балансына есептеледі.  Ал егер азаматта «Алтел» ұялы операторының SIM-картасы болса, ол ХҚКО-да ЭЦҚ жаздыратын  SIM-картаға ауыстыра алады. Онда SIM-картаның бағасы 101 теңгені құрайды және клиенттің балансынан азайтылады.

SIM-карталардан мобильдік ЭЦҚ пайдалану азаматтарға «egov.kz» мобильдік қосымша көмегімен мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүліктің бары (жоғы) туралы, зейнетақы төлемдері туралы анықтамаларды және өзге де қызметтерді  алуға мүмкіндік беретінін айта кетелік. Болашақта SIM-карталардағы мобильдік ЭЦҚ көмегімен пайдаланушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіпті интернетсіз және тиісті мобильдік қосымшаларсыз батырмалы телефон арқылы да қызметтер ала алады.

Телефон немесе SIM-картаны жоғалтқан кезде, абонент 888 телефоны бойынша ALTEL call-орталығына жүгіне алады - оператор SIM-картаны бұғаттайды, ал онымен бірге SIM-картадағы ЭЦҚ-ны пайдалану қолжетімсіз болады. SIM-карта әдеттегідей ALTEL ұялы операторының Сату және қызмет көрсету орталығына және одан кейін жаңа ЭЦҚ жазу үшін ХҚКО-ға жеке жүгінген  кезде оңай  қалпына келтіріледі.
 
рисунок 

«Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі  әзірледі.
     Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi көрсетедi.
     Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
     көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
     Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
     «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:    

      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларын қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасы тапсырылған, сондай-ақ порталға өтініш берілгін сәттен бастап - 10 жұмыс күн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. 
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде. 
     Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

     Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш;
      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны;
      тауардың фотосуретi (болған жағдайда).
           ХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      ХҚО-та көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

 «Кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.
      Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - ХҚО); 
      «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

 

      Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап ХҚО-ға - 20 жұмыс күні (Астана қаласында орналасқан - 10 жұмыс күні.       

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - кепiлдiк мiндеттеме (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаты). Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: қағаз түрiнде. 
     Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға  тегiн көрсетiледi.
     Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтiнiш; 
      жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
      сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы шеттету құжаты немесе сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) көшірмесі;
      егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжаты көшірмесі.
      Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет берушiнің қолтаңбасымен және мөрімен куәландырылған болуы тиіс.

«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері- күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде - көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

Мемлекеттік қызмет ақылы/тегін көрсетіледі.

Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және заңдық түрде маңызы бар іс-әрекеттер жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар берген орны бойынша есепке алынады.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мыналар:

1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар - тууы туралы куәлiктері тiркелгенi және қайта берілгенi үшін;

2) жеке тұлғалар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу туралы, әкесін анықтау, ұл бала асырап алу (қыз бала асырап алу) туралы актiлер жазбалары қалпына келтірілген және өздеріне куәлiктер берілгенi үшiн растайтын құжаттар ұсынған ретте мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.

Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Орталыққа жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі:

азаматтық хал актісі жазбасын қалпына келтіру үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акті жазбасының жоқтығы туралы жоғалтылған жазба болған жер бойынша облыстық (қалалық) азаматтық хал актілерін жазу мұрағатының анықтамасы;

4) көрсетілетін қызметті алушының және оның жақын туыстары (ата-анасы, балалары, аға-інілері, апа-сіңлілері мен қарындастары) туралы деректер толық көрсетілген өмірбаян;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі, егер көрсетілетін қызметті алушы студент болса - оқу орнынан туған күні мен жері көрсетілген анықтама (бар болса);

6) егер көрсетілетін қызметті алушы әскери міндетті болса, әскери билеттің көшірмесі (бар болса);

7) көрсетілетін қызметті алушының 3*4 мөлшердегі екі фотосуреті;

 8) мемлекеттік бажды бюджетке төлегенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат.

Егер азаматтық хал актілерін тіркеу 2008 жылға дейін жүргізілген болса, мынадай құжаттардың:

9) егер некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің;

10) егер бар болса, балалардың тууы туралы куәліктерінің;

11) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін) не ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің;

12) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің (егер бар болса);

13) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде нотариалды куәландырылған сенімхаттың;

14) егер көрсетілетін қызметті алушы зейнеткер болса, зейнеткер куәлігінің (орталыққа жүгінген кезде мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында түседі) көшірмесі ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді көрсетілетін қызметті беруші немесе орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.