«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкіметтің бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен біріге отырып жүзеге асырылды. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында   сурдоаударма тілін меңгерген 862 маман жұмыс істеуде. «Дегенмен де, біз осымен тоқтап қалмай, одан әрі дамытуды жөн көрдік. Енді ХҚКО-ның жеңілдік терезесіне жүгінген сөйлеу және есту қабілеттері бұзылған тұлғалар ым-ишарат тілінде қажетті құжатты  қалай алу керектігін шынайы уақыт режимінде айтып беретін, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» - деді Оспанов.

Әзірге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аймақтарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгінде «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді кедергісіз және сапалы  көрсетуге мүмкін болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңілдік терезелері,  ал  1 және 2 топтық мүгедектігі бар тұлғалар Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы ХҚКО мамандарын үйіне шақыруына болады.

Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттік корпорация жұмыскерлері 1 және 2 топтық мүгедектігі бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметті үйінде көрсеткен. 

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік 

корпорациясы» коммерциялық емес 

акционерлік қоғамы баспасөз қызметі

 

Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жаңа қызметтердің басым бөлігін ҚР Ауылшаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің және Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.

Мемлекеттік корпорацияда ауылшаруашылық өнімдері өндірісін басқару жүйесін дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсіп кешені) саласында дайындау ұйымын аккредиттеуді, құрылыс объектілері жоспарларын кешенді ведомствоішілік сараптау жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеуді, ҚР резиденті болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға инвесторлық визалар алуға қолдаухат беруді рәсімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы бұл қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерістер енгізгеннен кейін мүмкін болып отыр.

Енді азаматтардың бұл қызметтер үшін мемлекеттік органдарға жүгіну қажеттігі жоқ. Демек, аталмыш қызметтерді мемлекеттік корпорацияның басқа қызметтері сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз алуға болады.

Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездері азаматтарды уақытша тіркеу қызметі бойынша орын алған кезек саны едәуір азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тіркеуден өткен.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік

қоғамы баспасөз қызметі

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтін кезекті пилоттық жобаны іске қосты. Бүгіннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және  оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақыны бір облыс ішінде тіркеуіне қарамастан ресімдеуіне болады.

Естеріңізге түсіре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы пилоттық жобаны іске қосқан болатын, оның шеңберінде корпорация қызметкерлері  перзентхана ғимараттарында бірден 4 бірдей қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тіркеу, бала тууына және оны бір жасқа дейін күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтік тәуекелдер жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: бір жасқа толғанға дейінгі уақытта бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою. Бүгінгі күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетілетін композиттік қызметтер пилотын мемлекеттік корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестіледі. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тіркелген жерінен ғана өтініш берулеріне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Жаңақалада тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген болып, ал Орал қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшін тіркелген жері бойынша, яғни Жаңақаладағы ХҚКО-ға жүгінуіне тура келетін. Біз бұл мәселені шештік және бала тууына байланысты және оның бір жасқа дейінгі күтіміне жәрдемақы тағайындауға өтініш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмін әзірледік. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс ішінде ғана жұмыс істейтін болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтің айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсімдеу үшін эксаумақтық қағидатты енгізу - мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетудің кезекті қадамы, себебі, бұл 4 бірдей қызметті алу үшін қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  - бұл  - ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлік және оның көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәліктің көшірмесін бермейді), баланың тууы туралы медициналық куәлік (перзентханада беріледі), барлық балалардың тууы туралы куәліктері немесе ахуалдық жазбалардың көшірмесі, банктік шоттың нөмірі жайлы құжат.

Пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендігін айта кету керек.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

 коммерциялық емес акционерлік қоғамының  баспасөз қызметі

Баспасөз релизі

 

2016 жылғы 22 маусым                                                                                Астана қаласы

 

 рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік қызметтерді алу үшін фронт-офистерді  жаңғырту  жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір кеңседе корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің біріңғай ақпараттық базасы, кедергісіз қызмет көрсету, электрондық кезек енгізілді, сондай-ақ нақты жұмыс режимінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылауға болатын ахуалдық орталық енгізілді. Бөлімдердің көпшілігі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшті.

Бүгінгі таңда мемлекеттік корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екі кезеңі аяқталып, нәтижесінде аудандық және ауылдық  маңыздағы елді мекендер 120 біріңғай фронт-офистермен қамтамасыз етілді. Енді азаматтар мемлекеттік корпорация көрсететін барлық қызмет түрлерін бір жерден ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, оңтайландыру жақын орналасқан  фронт-офистерді біріктіру есебінен жүргізілуде. «Офистерді оңтайландыру азаматтардың қызметтерді бір жерден алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ ғимаратты күтіп-ұстау және жалға алу шығындарын едәуір  азайтады. Бұл ретте мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жұмыс жүктемесіне қарай фронт-офистерге орналастырылады»,- дейді ол.

Офистерді жаңғыртумен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету уақыты мен құжаттар топтамасын қысқарту бойынша мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру жұмыстары жалғасуда.

Естеріңізге салсақ,  жаңа құрылым 530 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, ал жақында мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мемлекеттік корпорацияға беру үшін тағы 53 қызмет түрін белгіледі. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері арқылы 583 қызмет түрін алатын болады.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі,

тел. 8 7172 27 06 58 (ішкі 109)

Баспасөз релизі

 

2015 жылғы желтоқсан                                                                                      Астана қ.

Фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды енді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

  

ҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба іске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндік сертификаттарды беруі ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзіне қарағанда, бұрын аталған қызметтерді азаматтар ҚР АШМ агроөндірістік кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Енді оларды баламалы негізде мемлекеттік орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетеді. Бұл ретте қызметтерді ресімдеу үшін ХҚКО-ларға дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкі сағат 20.00 минутке дейін жүгінуге болады», - деп қосып өтті Балташева.

Карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзімдері - 3 және сәйкесінше 5 жұмыс күнін құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнімді ауыстыруға карантиндік сертификат алу үшін өзіңізбен бірге тек қана жеке куәлігіңіз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшін, сондай-ақ импортер-елдің өсімдіктер карантині бойынша ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейік, екі жағдайда да өтінімді толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тізімін http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негізде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні Қазақстанда 212 қызмет көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы - электрондық нысанда көрсетілді.
 
рисунок

 

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру

 

      «Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген.
      Мемлекеттік қызметті аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары көрсетеді.
      Сұрау салуды, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе Салық есептілігін өңдеу қызметі ақпараттық жүйесі веб-қосымшасы (бұдан әрі - СЕӨҚ АЖ) арқылы;
      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;
      3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мерзiмi:

 

      Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге СЕӨҚ АЖ-да, ХҚКО-да және порталда тапсырған сәттен бастап берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет сұрау салу келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады;
      салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірме беру (бұдан әрі - Үзінді көшірме) -салықтық өтінішті берген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі-салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер электронды нысанда;
      2) үзінді көшірмені беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.Көрсетілетін қызметті алушы не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға қажетті құжаттар тізбесі:
      1) берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәлімет алу үшін - сұрау салу;
      2) үзінді көшірме алу үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш;
      3) жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).

 

     ХХҚО арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 
      ХҚО-та көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2015 жылғы 08 қазан                                                                                  Астана қ.

 

ҚР Парламентінің Мәжілісі «ҚР мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірыңғай провайдерді құру, халыққа қызметтерді ұсынуды реттейтін нормаларды заңды түрде бекіту және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлікті ресімдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын сақтау», - деп ҚР ИДМ вице-министрі Сәкен Сәрсенов атап өтті. 

«Қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік корпорация бірінші кезеңде 522, ал екінші кезеңде 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қызметтерді іріктеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Қызметтерді мемлекеттік корпорацияға беру шарттарының бірі оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады», - деп қосты ол.

Кәсіпорындарды біріктірген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бірыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерін сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін көрсететін болса, онда мемлекеттік корпорацияда барлық қызметтер сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін көрсетілетін болады.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қызметті көрсетуге өтінімді қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының қарауына жолданды.

 

рисунок