БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 600-ден астам қызметкері қан тапсырып, қан қорын280 литрге толықтырды. Еліміздің барлық филиалдарын қамтыған донорлық акциясы аясында халыққа қызмет көрсету орталықтарында қан алу орындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ бірқатар қалада қан тапсыру шарасы қан орталықтарында өтті.

Ерікті түрде қан өткізуге басшылықтан бастап қызмет көрсету орталықтарының мамандарына дейін ниет білдірді. Шара барысында донорлар алдын ала дәрігер бақылауынан өтіп, денсаулық жағдайын тексертті. Көшпелі бригада лаборанттары сол жерде қан тобын нақтылап, гемоглабин көрсеткішін анықтап беріп отырды. Әр қызметкерден шамамен 350-450 мл мөлшерінде қан донацияланды.

Қызметкерлердің қатарында бірнеше рет донор атанған азаматтар да жетерлік. Солардың бірі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алмалы фронт-офисының қызметкері Динара Тұрғалиева. Ол соңғы он жылдың ішінде 57 рет қан тапсырып, 25 литрөткізген. Қан орталығы оған «Сенімді донор» атағын да берген.

«Денімнің саулығы маған өзге жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Донорлықтың материалдық тұсы мені мүлде қызықтырмайды. Қаным адамның өмірін аман алып қалуға көмектескені туралы алғыс жазылған хабарламалар келгенде қуанамын», – дейді Динара.

Өзге адамның өмірін құтқарып қалуға көмектесетін шара барысында жиналған қан онкологиялық ауруханалармен өзге де медициналық мекемелерге жіберіледі. Жыл сайын елімізде донордың қан компоненттерінешамамен 80 мың адам зәру. Осылайша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері де бұл игілікті іске өз үлестерін қосты.

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды оқытатын цифрлық ХҚО еліміздің барлық облысында ашылған. Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды үйрететін аймақтар ашылып жатыр.

ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram  мен Mgov қосымшаларын орнатып беруге көмектесіп, түрлі анықтамалар мен қызметтерді алу ретін түсіндіріп беруде.

Бүгінде Telegram қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 24 қызмет қолжетімді. Жүйе іске қосылған сегізайдың ішінде 140 мың адам оны қолданып үлгеріп, 160 мың рет түрлі анықтамаға өтініш берген.Мэссенджер қолданушылары 60 мың рет мекенжай, 20 мың рет соттылықтың болу/болмауы туралы анықтамаларды сұратқан.Өз кезгінде, Mgov қосымшасы арқылы 90 мемлекеттік қызметті онлайн тәртіпте алуға болады. Смартфон иелері бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн рет жүктеп, 3,6 млн қызмет алған.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2018 жылғы                                                                    «28» қыркүйек Орал қ.

 01 10 18 news 1

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Батыс Қазақстан облыстық ІІД-мен бірлесіп, Орал қаласында миграциялық қызметтер орталығын ашты.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

11 07 18 news 2

Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі.  Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы «26» маусым                                                                                          Астана қ.

29 06 18 news 1 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады. 

Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының  тұрғындарына ұсынылады.

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.

Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен  толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.

Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

 

"Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес

акционерлік қоғамның баспасөз қызметі

 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free» сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.