БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлімінде енді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркеуін миграция қызметкерлерімен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де жүргізе алады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

24 маусымда Арыс қаласындағы әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасында болған жарылыстан зардап шегіп, қаладан эвакуацияланған тұрғындар үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері қызмет көрсетеді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2019 жылдың төрт айындахалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2 қызмет көрсетілді. 

Бұл туралы фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, елімізде 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив қызметі арқылы70 мың баланың туу туралы құжаты рәсімделіп, бала тууға байланысты берілетін 13 мың жәрдемақы смс арқылы тағайындалды.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Жетім қалған 2-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

 

2019 жылдың төрт айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының

Халыққа қызмет көрсету бойынша  бөлімдері арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгілеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2 қызмет көрсетілді. 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсілмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіміне мекенжай бойынша тіркелу қызметін қосты. Бұл қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен ҚР ІІМ мен Әділет министрліктері базаларының интеграциялануы нәтижесінде жүзеге асып отыр.

Енді жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегіне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс білдіретін смс-хабарламамен бірге жаңа туған сәбиді мекенжай тіркеуіне қоюға мүмкіндік беретін хабарлама қоса жолданады.

«Проактив тәсілі азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялар енді ғана сәбилі болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседі. Керегі – телефонға келген смс-ке жауап беру ғана», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидің ата-анасының біріне екі апта ішінде мекенжай тіркеуіне тұру жөнінде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берілген жағдайда баспана иесі өз мекенжайының тіркеу кодын енгізуі тиіс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесінің ЖСН-і қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсілмен жолданатын смс-терді алу үшін баланың ата-анасының бірі міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек.

Айта кетейік, 1,5 жыл бұрын іске қосылған проактив тәсілімен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты беріліп, 13 мың бөбек балабақша кезегіне тұрғызылды.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ баспасөз қызметі