Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни,еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды. 

Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады.

Енді қазақстандықтар азаматтық хал актілерінің барлығын тұрғылықты тіркеу орнына қарамастан, кез келген жерден ала алады. Бұл туралы заңға енгізілген түзетулер бүгін Парламент Сенатында қабылданған заң жобасында қарастырылды.

Жаңашылдық баланың тууына, некені тіркеу мен ажырасуға, аты-жөні мен тегін өзгертуге, қайтыс болуқұжаттарын тіркеу сияқты қызметтерді қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар аталған мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғылықты тіркеу орны немесе тіркеу жазбасының орналасқан жері бойыншамемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне немесе АХАТ бөліміне хабарласатын. Енді азаматтық хал актілеріне қатысты 5 түрлі қызметті кез келген ХҚО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керекті құжаттарды аз уақыт ішінде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Бұрын құжаттарды рәсімдеп алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейін жауап күтетін, бұл қызмет алушылар үшін қолайсыздық пенқосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бір аймақта тегін өзгерту туралы өтініш білдірсе, мемлекеттік орган өзге аймақтан – оның туған жерінен қосымша мәліметтерді сұрататын. Тиісінше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Жалпы, заңға ұсынылған түзетулердің 70% мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Электрондық форматқа көшу құжаттарды қабылдау уақыты мен олардың санын қысқартады, әкімшілік кедергілерді жояды және қызметтерді алу процесін жеңілдетеді.

 

рисунок

Достар, қарашадан бастап мекенжай анықтамасы болмайды. Желі пайдаланушылары оның орнын қандай құжат басады, енді тұрғылықты жер бойынша тіркеу қажет емес пе деп сұрап жатыр. Онда мына постымызды сақтап, мұқият оқып, көңілге тоқи жүріңіз.

Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?
1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттік реестрден мүлде алынып тасталады.

Мекенжай туралы мәліметтерді қалай, қайдан көруге болады?
Тұрғылықты мекенжай жөніндегі мағлұматты egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.

Мемлекеттік органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәліметті қайдан алады?
Мемлекеттік органдар мекенжай деректерін ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.
Басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

 

Үшінші тұлғалар сіздің атыңызға қандай анықтамалар ала алатынын білесіз бе?

Егер сізден үй кезегіне немесе жер тіркеуі үшін қандайда анықтама сұрататын болса, оларды үшінші тарап egov.kz порталы арқылы сұрау жасай алады. Ол үшін сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз болуы тиіс. Үшінші тарап анықтамаға сұрау жібергенде сізге анықтама алуға рұқсат сұрайтын смс-хабарлама келеді. Paperfree арқылы келесі анықтамаларды алуға болады:
- Жылжымайтын мүліктің бар (жоқтығы) туралы
- Жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және техникалық сипаттамалары туралы
- Соттылықтың бар (жоқтығы) туралы
Сондай-ақ сіздің отбасыңыздағы біреуге анықтама керек болса, ХҚО-ға бармай үшінші тұлғаға анықтама алу сервисі арқылы сіз оған сұрау жібере аласыз.

рисунок

 

рисунок

Достар, сіз телеграм қосымшасындағы egovkzbot-тан түрлі анықтамаларды алып, сервистерді пайдаланып көрдіңіз. Енді дәл солай қызметтерді танымал facebook және Vk әлеуметтік желілері арқылы алуға болады. Әзірге ВКонтакте жүйесінде 19, Facebook арқылы 15 қызмет қолжетімді.

-арқылы қызметтерді алу үшін әлеуметтік желінің мэссенджерінде «Портал egov.kz» жазуын енгізіп, бот сілтемесін басыңыз. Сізге бірден қызметтер мәзірі шығады.

-ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі сервисті қолдану үшін онда «Портал eGov.kz» аккаунтын тауып, хабарлама жазатын жерде диалог терезесін таңдаңыз, қажетті қызметтер мен сервистерді алу үшін сізден ЖСН мен телефон нөмірі сұратылатын болады.

- Әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызмет боттарын смартфоннан да, ноутбуктен де бірдей пайдалануға болады!

 

 рисунок

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегі парақшасында Қазақстандағы ХҚО арқылы берілетін жоғары сұранысқа ие 5 анықтама түрін жариялады. Бұл бестікке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 рисунок

Азаматтарға арналған үкімет анықтамалардың тағы 28 түрін қысқартуды ұсынады. Бұл туралы электронды үкіметтің цифрлық жаңашылдықтарының тұсаукесері барысындағы өз сөзінде «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.