Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметінің порталы
Электрондық үкімет. Ашық үкімет
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі (rar, 249 Kb)
Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі
видео, баннер, макеттер, парақшалар
Бәйтерек ауданының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ фронт-кеңселерінен барлық қажетті анықтамаларды ала алады және құжаттарын ресімдей алады. Фронт-кеңселер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды және 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Бәйтерек ауданы бойынша 2 (екі) фронт-кеңсе қызмет көрсетеді: 1) Переметное а., Гагарин көш., 69 Б. Анықтама тел: 8-7113-02-36-15. 2) Дариян а., Балдырған көш., 27/1. Анықтама тел. 8-7112-54-26-68.
Оралда миграциялық ХҚКО ашылды
01.10.2018
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2018 жылғы «28» қыркүйек Орал қ.
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Батыс Қазақстан облыстық ІІД-мен бірлесіп, Орал қаласында миграциялық қызметтер орталығын ашты.
Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады
11.07.2018
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі. Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.
Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды
29.06.2018
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2018 жылғы «26» маусым Астана қ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады.
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыруға болады
12.03.2018
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін электрондық үкімет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады.
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.
Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек.
Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
"Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес
акционерлік қоғамның баспасөз қызметі
Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды
20.02.2018
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді азаматтар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтің тапсырмасымен электрондық үкімет порталында «Анықтамасыз қызмет» - «Paper free» сервисі іске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшінші тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкіндік береді. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берілді. Бұл орайда біз сауалнама жүргізіп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен білім беру мекемелеріне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.