рисунок

Бүгін аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудан әкімі Асхат Шахаров және мекеме, бөлім басшылары қоғамдық қабылдау жүргізді.

рисунок

Қазір, өкінішке орай, адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан суға батып кету оқиғалары жиелеп тұр.

рисунок

Бүгін ауданға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қанат Мусин келді.

рисунок

2019 жылғы 12 шілдеде ауданда жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау тәртібін талқылаған басқосу өтті.

рисунок

Бүгін аудан әкімі жанындағы кеңес отырысы өтіп, халықты жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікті өрістету, тұрғындардың мәртебесін оңтайландыру мәселелері қаралды.

рисунок

Бас қаладағы жәрмеңкеге Ақ Жайық өңірінен 60 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімі саудаланса, оның ішінде бәйтеректік «Белер-Агро» ЖШС-і 10 тонна астық, шағу май, макарон өнімін, «Жайық Ет» ЖШС-і 1 тонна шұжық түрлерін, «Каверин С» жеке шаруашылығы 500 кг сары май, чечел, ірімшік секілді сүт өнімін саудалап қайтты.

рисунок

Сіздерді мерейлі мереке - Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның астанасы өзінің ерекше бастамаларымен дүниежүзіне мәлім болған қала. Мұнда әлемнің талай мемлекет басшылары мен бірегей саясаткерлері бас қосып, тарихи шешімдер қабылданды.

Өзінің жиырма жылдық белесінде бейбітшілік Ордасына айналған Астанамыздың тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлға Елбасының есімін иеленуі тарихи құбылыс.

Нұр-Сұлтан – жаңа қала, әлемдік маңызды оқиғалар жүзеге асқан киелі мекен. Ерке Есілді сағалай, Сарыарқаның төріне қонған Елорданың келешекте бүгінгіден де құлпырып, көркейе беретіндігіне сенім мол.

Нұр-Сұлтан ел тәуелсіздігінің тірегі ретінде тұтас қазақстанды кемел келешекке бастап, өзге өңірлердің де өсіп-өркендеуіне ерекше ықпал ете бермек.  

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан халқымызға жарқын болашақ, әр шаңыраққа бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Құрметпен,

Бәйтерек ауданының әкімі А.Шахаров