Аудан бойынша 2317 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, өткен осы уақытпен салыстырғанда 3,5% артқан. Соның ішінде 1894 бірлігі әрекет етуші болып табылады.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 4464 адамды құрап отыр, өсім 3,3% құрайды.

Шағын және орта бизнестің негізгі бағыттары сауда саласы - 325 бірлік, тұрмыстық қызмет көрсету саласы - 103 бірлік, және қоғамдық тамақтану - 37 бірлік болып табылады.

Өнім өндірісі (жұмыс, қызмет көрсету) 2 114 200 мың. теңге құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 9,4% өсті.

Бюджетке 639 460 мың. теңге түсті, өткен жылға қарағанда 3,2% артқан.

Шағын цехтар. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін  42 шағын цех тіркелді, соның ішінде ірілері «Каркула» ШҚ, «Джафаров» ШҚ, жеке кәсіпкер «Синельников» атап өткен жөн, 275 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемі 276,3млн. теңге құрап отыр.

Шаруа қожалықтары. Ауданда 490 шаруа қожалығы тіркелді, соның ішінде 447 жұмыс жасап тұрғандар, 1956 адам жұмыс жасайды. Өңдірілген өнім көлемі 967,5 мың. теңгені құрады. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,7% өсіп отыр.

2014 жылдың 6 айында шағын кәсіпкерлік саласында келесі шағын және орта бизнес нысандар іске қосылды: олар Январцев ауылдық округінде шағын наубайхана, Мичурин ауылдық округінде кафе жаңадан 5 жұмыс орны ашылды, Переметное ауылында дүкен және кафе, Чеботарев ауылдық округінде дүкен, Дариян ауылдық округінде дәріхана жаңадан 2 жұиыс орны ашылды.

2014 жылдың 1 шілдесіне шағын және орта бизнес саласында жаңадан 258 жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлік дамытудың бірден бір құралы несиелендіру болып табылады. Осы жылдың төрт айына барлық несие көздері арқылы 80 жеке тұлға жалпы құны 122,2 млн. теңге несие қаражатына ие болды. Соның ішінде келесі шағын несие ұйымдары арқылы қаржыландырды: ШНҰ «Кәсіпкер Бірлік» ЖШС - 42 адам 21,2 млн.теңге соммасында, «Ауыл шаруашылығын қаржылай колдау қоры» АҚ - жалпы соммасы 99,8 млн. теңге болатын 36 жоба, «Қазына-кредит» ШНҰ - 2 жоба жалпы соммасы 1,2 млн.теңге.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп және де «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші бағытын «Бизнес - Кеңесші» бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Переметное ауылында 2 күндік бизнес-семинары өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша сертификаттарға ие болды 74 адам сертификатқа ие болды, 2013 жылы 39 адам.