2018 жылы 1 желтоқсан айында аудан бойынша 2801 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген (359 бірлік заңды тұлғалар, 1642 бірлік жеке кәсіпкерлер және 800 бірлігі шаруа қожалықтары), өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 102,3 % артқан. (2737  бірлігі) .

2316 шағын және орта бизнес субъектілері әрекет етуші болып табылады, немесе тіркелгендер санынан 82,7%

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 6229 адамды құрап отыр, орындалуы 112,7 % құрайды. ( 5525 адам)

Өнім өндірісі (жұмыс, қызмет көрсету) 9 121,1млн. теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 % өсті. ( 8995,2 млн.т.).

Шағын цехтар. Ауданда  әрекет етуші 32 шағын цехта 343 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемінің жалпы соммасы 674,9 млн. теңге құрап отыр.

2018 жылы шағын және орта бизнес саласында жаңадан 639 жаңа жұмыс орны ашылды, жоспар (706) орындалуы 90,5 % құрайды.

2018 жылы аудан бойынша 25 шағын және орта бизнес нысандары іске косылды, соның ешінде:

- консервіленген жемістер мен көкөністер және шырындарды шығару зауыт «DMD Production» ЖШС, этно-туристік орталығы «САЯТ», «Silk way» кемпингі, «Куаншак» 50 орын балабақша

 

«Бизнестің жол картасы 2020»

2010 жылдан бастап бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жалпы соммасы 21 312,9 млн. теңге болатың 109 жоба мақұлданып қаржыландырылды, жаңадан 983 жұмыс орны құрылды. Соның ішінде 2018 жылдың 1 желтоқсанынын жағдай бойынша жалпы соммасы 173,1 млн. теңге болатың 3 жоба мақұлданды, жаңадан 7 жаңа жұмыс орны ашылды

Гранттар: 2018 жылы жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған гранттар бойынша 7,3 млн.теңгеге 5 жоба мақұлданып қаржыландырылды:

  • Асханалықжүзімді өсіру – 1,3 млн. теңге «Ужегулов Виктор Степанович» ЖК,
  • Құрт және сүт өнімдерін өндіру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру - 1,5 млн. теңге   «Жансая» ЖК ,
  • Лего кірпіштерді өндіру – 1,5 млн. теңге «Сапар» ЖК,
  • Жаңқа өндірісі – 2,0 млн. теңге  «Ясень» ЖК,
  • Көкөніс өсіруге арналған техниканы сатып алу – 1,0 млн. тенге «Патриот» ЖШС.

 

2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жұмыспен нәтижелі қамту және жаппай кәсіпкерлік

2018 жылы Зеленов ауданына жалпы 292,6 млн теңге бөлінді.  2018

жылғы 1 желтоқсанынын жағдайы бойынша 101 адам келесі бағдарламалар бойынша 397,4 миллион теңгеге микрокредит алды:

 

Инвестициялық жоба

- 3 000 бас мал жайында малға арналған ашық бордақылау алаңын салу «Агропродукт» ЖШС. Құрылыстың басталу күні 2019 жылдың 2 тоқсанында. Жобаның құны - 1200 млн. теңге. Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде 30 адам, пайдалану кезеңінде 15 адам.

- «World Green Company » ЖШС қызанақ және қияр өсіру үшін жылыжай кешенін салу. Жобаның құны 13 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына - 2 млрд. теңге. Жылына 4 400 тонна қияр, 3 450 тонна қызанақ. Жұмыс орындарын құру: құрылыс кезеңінде 100 адам, тұрақты 160 адам. Жоспарлы іске қосу: 2020 жылдың 4 тоқсаны - 2021 жылдың бірінші тоқсанында.

 - Янайкин ауылында ет өңдеу кешенін және бордақылау алаңын іске қосу. Жобаның иесі - «ҚазАгроӨнім» АҚ, қазақстандық серіктестер: «Олжа Агро» ЖШС, «CentralFeеdlot» ЖШС, шетелдік инвестор «Dumbia» компаниясы. Жобаны іске асыру мерзімі 2018 - 2019 жж

- Рубежин ауылдық округінде жылына 30,0 млн кірпіш шығаратын «134» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы. Жобаның құны – 1,0 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны - 30 адам. Пайдалануға берілген жоспар 2019 жылы.

 

Мемлекеттік жеке серіктестік

- Зеленов ауданының 7 ауылында / Переметное, Калининское, Ү.Чаған, Кушум, Дарьян, Мичурино, Асан/ "Элайтс" ЖШС «Сұңқар Smart sity»  бейнебақылауының интеллектуалдық жүйесіндегі 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейне камерасын орнату. Орал қаласындағы барлық топтарды қамтиды, бұзушылықтарды анықтау, жол ережесін сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті бейнебақылауды енгізу. Пайдалануға берілген жоспар 2018  жылдың 4 тоқсаны. Жобаның құны – 200 млн. теңге.