І. АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» - атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт-бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжат ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады.

2018 жылдың 7 қазан күні Елбасы Жолдауына байланысты аудан активінің жиналысы өткізіліп, онда Жолдауды жүзеге асырудың іс-шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарлары бекітілді.

Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттарды тұрғындар арасында түсіндіріп, насихаттау мақсатында 96 адамнан тұратын 3 аудандық ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудандық маслихат депутаттары, қоғамдық келісім, қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық ұйым және БАҚ өкілдері, белсенді жастар тартылған.

Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, насихаттауда аудандық мекеме, бөлімдер және әр ауылдық округтерде көпшілікті толғандыратын мәселелер бойынша тұрғындармен мақсатты кездесулер өткізді.

Аудан бойынша Елбасының биылғы жылғы Жолдауына байланысты әр түрлі тақырыпта 22 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер мен бильбордтар) орнатылды.            

Жолдауды ақпараттық қолдаудың медиа-жоспарына сәйкес аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті  арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен жүзеге асырылуда. Жолдауға байланысты тұрақты түрде мақалалар мен сұхбаттар, пікірлер жарияланып келеді. Сондай-ақ,  экономика, ауыл шаруашылығы, білім, медицина, кәсіпкерлік, жастар, осал топтар, қорғаныс қауіпсіздігі, арнайы беттер ұйымдастырылып отырылады.          

Жолдаудың толық мәтіні мемлекеттік және ресми тілде аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімі аппаратының ресми сайтында (zelenov-bko.gov.kz) жарияланды.

Жолдауды талқылау барлық мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық ұйымдармен, жастар арасында  және ауылдық округтерде ұйымдастырылды.

Насихат пен түсіндіру жұмыстарына саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері де қамтылған. Осы ретте бүгінгі күні аудандағы қоғамдық ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

 

IІ. САЯСИ ПАРТИЯЛАР          

Аудан бойынша    1 республикалық саяси партияның филиалы тіркеліп жұмыс атқарады. Ол, «Нұр Отан» партиясы. Аудан бойынша «Нұр Отан» партиясының барлығы 27 бастауыш партия ұйымы жұмыс атқарады. «Нұр Отан» партиясының жылдан - жылға мүшелерінің саны көбейіп, бүгінгі күні аудан бойынша 3039 адамды құрайды. Партия мүшелігінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар, зейнеткерлер, жастар бар.

Аудандағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған.          

 

ІІІ. ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРМЕН ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ  КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ

Бүгінгі күні аудандағы қоғамдық келісім кеңесі және үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауданның мәдени-саяси өміріне белсене араласып, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына өздерінің ықпалдарын тигізіп келеді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жана есім», «Мерейлі отбасы», «Жомарт жүрек», «Меценаттар Форумы», «Жыл үздігі» тағы басқа секілді шаралар жүзеге асуда.

Аудан әкімдігі жанында үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекет жасау жөніндегі кеңес құрылған. Кеңес өз жоспарына сай тоқсан сайын отырыстарын өткізіп, тиісті ұсыныстар жасап отырады.

Қазіргі таңда Зеленов ауданында 11 үкіметтік емес ұйымдар мақсатты жұмыстар атқаруда. Бұл ұйымдар өздерінің жоспарына сай тұрғындар жиынына және мектепте өткізілетін мәжілістерге жиі қатысып, отбасы, бала тәрбиесі және әйелдердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы туралы мәселелерді көтеріп келеді.

Қылмыстың алдын-алуда, отбасындағы келеңсіз жағдайларды шешуде, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеуге де  өз үлестерін  қосуда.

 

ІV. ДІНИ ЖАҒДАЙДЫ ҚАДАҒАЛАУ         

Қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісімді, руханият пен сенімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдардың өзара жұмысын үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі жанында «Діни экстремизм мен терроризмді алдын-алуды қамтамасыз ету мәселелері» аудандық АТТ құрылған. Кеңес мүшелері, ауыл имамдары және мешіттің алқа мүшелері мен бірлесе отырып жергілікті тұрғындар мен жастар арасында дінімізді құрметтеу, оған илану, оларды имандылыққа адамгершілікке тәрбиелеуде жоспарлы жұмыстар атқарып келеді. Атап айтсақ, 2018 жылы аудан әкімшілігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысы өтті. Аталған кеңеске аудан әкімі А.Шахаров, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорлары, теолог мамандар, психолог мамандар, мешіт имамдары мен протерейлер, барлығы 107 адам қатысты. Күн тәртібінде Зеленов ауданы бойынша қалыптасып отырған діни ахуал, міндетті  екпеден бас тартқан  дәстүрлі емес  діни бағытты ұстанушы отбасыларымен атқарылған  жұмыс туралы, аудан  мектептеріндегі  «Дінтану» пәнінің  берілуі және  мектеп  оқушылармен  жұмыс, Мичурин, Трекин, Достық  ауылдық  округтеріндегі  діни ахуал туралы мәселелер талқыланды.

Бүгінгі  таңда  ауданымызда 8 діни  бірлестік  өз жұмысын  жалғастыруда.  Олар: Переметный, Дариян, Асан ауылында  орналасқан  3 (үш) мұсылмандар  мешіті,  Дариян   ауылында  орналасқан  «Казанской Иконы Божье Матери» шіркеуі, Евангельские христиане Баптестері, Көшім ауылдық  округі, Үлкен-Шаған ауылында орналасқан «Успенье Божьей Матери Храмы», Көшім ауылында орналасқан Во имя светителя Николая Чудотворца, Переметный ауылында орналасқан «Русская Православная церковь» шіркеулері.

Бүгінгі таңда, аудандық ішкі саясат бөлімі облыс орталығында орналасқан Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасымен және «Шапағат шамшырағы» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінен аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінде және әлеуметтік желіде аудан тұрғындары үшін тың материалдар алынып, жарияланып тұрады. Егер 2016 жылы діни тақырыптағы 128 материалдар жарық көрсе, 2017 жылы діни тақырыптағы 134 материалдар, 2018 жылы діни тақырыптағы 168 мақала материалдар аудан газетінде және әлеуметтік желіде жарық көрді.

2018 жылдың қыркүйек айында аудан әкімі А. Шахаровтың бастамысымен аудандық ішкі саясат бөлімі жанынан аудандық баспасөз орталығы жұмысын бастады. Кестеге сай әр аптаның сәрсенбі күні ауыл әкімдері, мекеме және ұйым басшылары өз денгейінде әлеуметтік желі, БАҚ арқылы есеп беріп, жоспарларымен таныстырып келеді.

 

V. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Жалпы 2018 жылы аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты болды. Қазіргі кездегі қоғамдағы ілгерілеушілік өзгерістер, қоғам және мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптар ауданда ішкі саясат мәселелерінің негізгі бағыттары жұмыстар жүргізуде жаңа сапалы әдістер қалыптастыруды қажет етіп отыр. Соған байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі өзіне жүктелген міндеттерді алдағы уақытта да жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқара беретін болады.