Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 тамызда № 14058 болып тіркелді

 

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

        1. Қоса беріліп отырған Жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесі бекітілсін.

       2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

     4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице - министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

 міндетін атқарушы                                                        М. Мырзағалиев

    

 

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 240 бұйрығымен    
бекітілген     

 

Жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық
қызмет түрлерінің тізбесі

1.       Ауыл шаруашылығы саласында:

1)       өзен бассейндерi арасындағы су ресурстарын ауыстырып отыру жөнiндегi жұмыстар, мұндай жағдайда бұл ауыстыру су жетiмсiздiгiн болдырмауға бағытталған және ауыстырылатын су мөлшерi жылына 100 млн.текше метрден асады (бұдан әрі - жылына млн.текше метр);
2) өзен бассейндері арасындағы су ресурстарын ауыстырып отыру ауыз су жүргізетін құбырын ауыстырудан басқа бассейннен көп жылғы орта ағынмен суды жинау жылына 2000 млн. текше метрден асатын ауыстырылатын су көлемі бұлағынның 5% - нан асады;
3) мал шаруашылығы бойынша:

құсты немесе шошқаны өсіру:

құстар үшін 10000 орыннан астам;

шошқаларды (30 килограмм салмақтан артық) бордақылау үшін 2000 орыннан астам есептелген құстар немесе шошқаларды өсіру;
аналық шошқалар үшін 750 орын;

тәулігіне 50 тоннадан асатын тұтас етті өңдеу бойынша қуатты қасапханалар.
2. Орман шаруашылығы саласында:

1) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі объектілерді орналастыру бойынша;
2) мемлекеттік орман қорының жерлеріндегі орманның, оның ішінде елді мекендер шекарасының шеңберіндегі көгалдандыру екпелерінің кесілуі бойынша.
     3. Тау - кен өндірісі саласында:

 1) газ жағдайында тәулігіне 500000 текше метр және мұнай жағдайында тәулігіне 500 тоннадан асатын шығарылған мөлшері мұнай және газды өндіру, барлау бойынша;
2) сыйымдылығы 200000 тонна немесе одан көбірек мұнай, газ, мұнай - химия немесе химиялық өнімдерін сақтау объектілері (сақтау қондырғылары) бойынша;
3) 150 гектардан асатын участок бетіндегі шымтезекті алу немесе 25 гектардан асатын участок бетіндегі қатты және жалпыға кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу (оның ішінде байыту) бойынша.
4. Өңдеу өнеркәсібі саласында:

1)       кокс пештерінің өнімдерін өндіру бойынша;

2)       мұнайды қайта өңдеуші және газды қайта өңдеуші зауыттар бойынша;

3)       газдандыру және көмірді сұйылту бойынша;

4)       пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу бойынша; 

5)       ядролық отынды өндіру немесе байыту бойынша; 

6)       пайдаланылған ядролық отынды немесе жоғары радиоактивті қалдықтарды өңдеу бойынша; 

7)       пайдаланылған ядролық отынды жою бойынша; 

8)       пайдаланылған ядролық отынды немесе жоғары радиоактивті қалдықтарды, өндіріс объектісі аумағы шегінен тыс (10 жылдан көбірек мерзімге) сақтау бойынша сондай-ақ ядролық отын банкін сақтау бойынша;

9)       қорғасын аккумуляторларының өндірісі бойынша;

10)   автокөлік құралдарын өндіру бойынша;

11)   болат метал құрастырылымдарының өндірісі;

12)   тері қалдықтарынан, дала және қоқыс сүйектерінен және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан желім даярлайтын желім қайнату өндірістері;

13)   сүйектен, тері шелісінен, тері қалдықтарынан және қоймада сақтай отырып жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарынан жасалатын техникалық желатин өндірісі;

14)   өлген жануарларды, балықты, оның бөліктерін және жануарлардың басқа да қалдықтары мен қоқтықтарын (майға айналдыру, жануарларға арналған жемдіктер, тыңайтқыштар) өңдейтін кәдеге жарату зауыттары;

15)    сүйекті өртейтін және сүйекті ұсақтайтын зауыттар;

16)   металдарды өндiру және өңдеу бойынша:
      өңдеу үшiн пайдаланылатын күбiлердiң көлемi 30 текше метрден асатын электролиттiк немесе химиялық процестердi пайдалана отырып, металдар мен пластикалық материктердi үстірт өңдеу;
      қара металдарды өңдеу:

өндiрiстiк қуаты күнiне 20 тоннадан асатын қара металлдар құю;
      балғаға 50 килоджоульден асатын, тұтынылатын жылу қуаты 20 мегаваттан асатын ұста балғалары;

 сағатына 2 тоннадан асатын шикi болатты бере отырып қорғаныш шашыратқы металл жамылғыларын жағу;

тәулігіне 20 тоннадан асатын өндірістік қуаттылықпен қара металдарды балқыту;

түсті металдарды өңдеу:

рудадан қышқылдандырылмаған түсті металдарды, металлургиялық, химиялық немесе электролиттiк процестер арқылы концентраттарды немесе қайталама шикiзат материалдарын өндiру;

қорғасын мен кадмий үшiн күнiне 4 тоннадан немесе басқа барлық металдар үшiн 20 тоннадан асатын балқыту қуаты бар, легирленгенiн қоса алғанда, түстi металдардың, оның iшiнде рекуперирленген өнiмдердi қорыту;


  17) минерал шикiзатын қайта өңдеу бойынша:
      цемент (портланд - шлакопортланд - пуццолан - цемент және басқалары), сондай-ақ жергілікті цементтер (глинитцемент, романцемент, гипсошлак, фосфорлы - шлак және басқалары) және әктас өндірісі;

ізбес өндіру және құрамында ізбесі бар өнімдерді дайындау;
 әйнек талшығын қоса алғанда, күнiне 20 тоннадан асатын балқытқыш қуаты бар әйнек өндiрiсi;

 күнiне 20 тоннадан асатын балқытқыш қуаты бар, минералдық талшықтар өндiрiсiн қоса алғанда, минералды заттар ерiту;
      күйдiру пештерiнiң қуаты 4 текше метрден асатын және күйдiру пештерiндегi салындының тығыздығы 300 килограмм текше метрден асатын шатыр қыштарын, кiрпiш, отқа төзiмдi кiрпiш, керамикалық плиткалар, тас керамикалар немесе фарфор бұйымдарын күйдiру арқылы керамикалық өнiмдердiң өндірісі;

асфальбетон, асфальтбетон қоспаларын өндіру;

шахталық, айналмалы және басқа пештерде күйдіру арқылы магнезитті, доломитті және шамотты өндіру;

химия өнеркәсiбі бойынша:

негiзгi органикалық химиялық заттарды өндiру;

қарапайым көмiрсутектер (линиялық немесе циклдiк, қаныққан немесе қанықпаған, алифаттық немесе хош иісті);

құрамында оттегі бар көмірсутектері (спирттер, альдегидтер, кетондар, карбонды қышқылдар, күрделi эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, тотықтар, эпоксидтi смолалар);

күкiрттi көмiрсутектер;

азотты көмірсутектер (аминдер, амидтер, азоттың қосылысы, нитро қосылыстар, нитрилдер, цианаттар, изоцианаттар);

құрамында фосфор бар көмірсутектер;

галогенизделген көмiрсутектер;

органометалдық қосылыстар;

негiзгi пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық талшықтар және целлюлоза базасындағы талшықтар);

синтетикалық каучук;

бояулар мен пигменттер;

беткi - белсенді заттар;

нафтален және антрацен қатарындағы жартылай өнімдердің - бетанафтол, аш - қышқылы, фенилпери қышқылдар, периқышқыл, антрахинон, фталийлік ангидрид және басқаларының өндірісі;

негізгі органикалық емес заттар өндірісі:

диметилтерефталат өндірісі;

капролактам өндірісі;

пестицидтер өндірісі;


басқа да органикалық қоспаларды, сүректі құрғақ айдауды қоса алғандағы өндіріс (сүректі көмір, және т.б.);
газдар (аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көмiртек оксидтерi, күкiрт қосылыстары, азот оксидтерi, сутек, күкiрт диоксидi, көмiртек хлор қышқылы);

қышқылдар (хромды қышқыл, фторлы сутек қышқылы, азот қышқылы, хлорлы - сутектi қышқыл, күкiрт қышқылы, олеум, күкiрт қышқылы);
сiлтiлер (аммоний гидро қышқылы, калий гидро қышқылы, натрий гидро қышқылы);

тұздар (хлорлы аммоний, хлорлықышқыл калий, көмiрқышқыл калий, көмiрқышқыл натрий, перборат, азотқышқыл күмiс);
металеместер, металл қышқылдары немесе басқа органикалық емес қосылыстар (кальций карбиді, кремний карбиді);
фосфор, азот немесе калий минералды тыңайтқыштар (қарапайым немесе күрделi тыңайтқыштар) өндiрдірісі;
өсiмдiк шаруашылығы және биоцидтер үшiн негiзгi өнiмдер өндiрісі;
фармацевтикалық өнiмдер мен препараттардың өндiрісі;
хлорлау әдісімен (титан - магний, магний және басқалары) сирек металдар өндірісі;

күкіртті көміртек өндірісі;

күшәла мен оның қосындыларының өндірісі;

вольфрам, молибден, кобальт гидрометаллургиясы өндірісі;

жарылғыш заттар өндiрісі;

 

химиялық немесе биологиялық процестерін пайдалана отырып, ақуыз жем қоспаларын, ферменттер және басқа ақуыз заттарының өндiрісі;
19) азық - түлік өнімдері өндірісі бойынша:
      тәулігіне 75 тоннадан асатын дайын өнiм өндiру жөнiнде қуаты бар мал шикiзаты (сүттен басқа);
      тәулігіне 300 тоннадан асатын өндірістік қуаттылықпен дайын өнім өндіру бойынша (жыл сайынғы негізде орташа көрсеткіш) өсімдік шикізаты;
      сүтті өңдеу және қайта өңдеу кезінде алынатын сүттің мөлшері тәулігіне 200 тоннадан жоғары (орташа көрсеткіш жыл сайынғы негізде);
      теңіз жануарларынан алынатын майды еріту;
      ішек жуатын объектілер;
      ірімшік қайнататын өндірістер;
      етті сүрлейтін өндірістер;
      балықты сүрлейтін зауыттар;
      мал шикізатының үш тәулікке дейінгі қорының шегінде малды сойғанға дейін ұстауға арналған базаны қоса алғанда, ет өңдеу кәсіпорны (ірі және ұсақ қара малдар) және ет комбинаттары;
      20) сағатына 150 килограммынан астам немесе жылына 200 тоннадан астам өндiрiстiк қуаты бар, органикалық ерiткiштердi пайдалана отырып заттарды, бұйымдарды немесе өнiмдердi беткi өңдеу, атап айтқанда әрлеуге, басуға, жабуға, майсыздандыруға, гидрооқшаулауға, калибровкалауға, бояуға, тазалауға немесе дымқылдауға арналған;
      21) тәулігіне өңделетiн материалдардың көлемi 10 тоннадан асып түсетiн алдын ала өңдеуге (жуу, ағарту, мерсеризация секiлдi операциялар) немесе талшықты немесе текстильдi бояу;
      22) өңделген өнімдерді ұқсату мөлшерi тәулігіне 12 тоннадан асып түсетiн былғары мен терiлердi илеу;
      23) ағаштан немесе соған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза өндiрiсi;
      24) тәулігіне 20 тоннадан асатын өндiрiстiк қуаты бар қағаз және картон өндiрiсi;
      25) шойын, болат пен ферроқорытпалардың өндірісі;
      26) алюминийдің балқытылған тұздарының (глинозем) электролизі тәсілімен алюминий өндірісі.
      5. Құрылыс саласында:
      1) теміржол (магистралды) жолдары құрылысы бойынша;
      2) негiзгi ұшу - қону алаңының ұзындығы 2100 метр немесе одан да астам әуежайлар құрылысы бойынша;
      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының құрылысы бойынша, шаруашылық автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелерінен басқа;
      4) 1350 тоннадан астам су сыйымдылығы бар кемелердi қабылдай алатын жағалау және шығыңқы порттармен байланысты (паромдық өткел айлақтарын қоспағанда) жүк тиеу мен түсiруге арналған сауда порттары, айлақтар;
      5) ұсталатын немесе сақталатын судың жаңа немесе қосымша мөлшерi 10 млн. текшеметрден асатын суды ұстауға немесе үнемi сақтауға арналған бөгеттер немесе басқа да объектiлер құрылысы бойынша;
      6) кернеуi 220 киловольт немесе ұзақтығы 15 километрден асатын әуе электр желілерінің құрылысы бойынша және елді мекендердегі ұзындығына қарамастан;
      7) қауіпті және тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру полигондарының құрылысы бойынша.
      6. Көлік саласында:
      1) 40 километр астам ұзақтықтағы және 800 миллиметрден астам диаметрдегі құбыр желісімен газды, мұнайды немесе химиялық заттарды тасымалдау бойынша;
      2) су сыйымдылығы 1350 тоннадан астам кемелердің (паромдық өткелдерді қоспағанда) өтуіне жол беретін ішкі су жолдарымен тасымалдау бойынша;
      3) айлақтар, жүктерді қайта тиеу және сақтау, жүктерді, кемелерді және теміржол көлігін фумигациялауды, газ дезинфекциясын, дератизациясын және дезинсекциясын жүргізу орындары;
      жүк айналымы жылына 150000 тоннадан астам апатит концентратын, фосфорит ұнын, цементті және басқа шаңданатын жүктерді түсіретін орындар;
      сұйық химиялық жүктер мен сұйытылған газдарды (метан, пропан, аммиак және басқалары), галогендер, күкірт, азот, көмірсутектерінің (метанол, бензол, толуол және басқалары), спирттер, альдегидтердің өндірістік қосындыларын және басқа қосындыларды қайта тиеу және сақтау орындары;
      тазартатын және жуатын - булайтын станциялар, дезинфекциялау - қайта жуу объектілері, кемелерді, цистерналарды тазартатын пункттер, балласты және арнайы қалқымалы жинағыштардан құрамында мұнай бар шайынды суларды қабылдауға арналған қабылдау - тазарту құрылыстары;
      4) кез келген көлік құралдарына жанар - жағар май материалдарын құюға арналған ғимараттар, құрылыстар және тиісті жабдықтар кешені (автожанармай құю станциясы).
      7. Электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында: 
      1) мұнай электр станцияларын немесе 1 - реакторларды бөлшектеудi немесе пайдаланудан шығаруды қоса алғанда (барынша қуатты тұрақты жылу жүктемесiнiң 1 киловаттынан аспайтын бөлiнетiн және өндiрiлетiн материалдарды өндiру мен консервациялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда) атом электр станциялары және атомды реакторы бар басқа да қондырғылар;
      2) жылу электр станциялары және жағу үшiн 50 мегаватт немесе одан да көп жылу қуаты әкелiнген басқа да қондырғылар.
      8. Сумен жабдықтау саласында:
      1) тәулігіне 50 текше метрден асатын жиналған су көлемі бойынша жер үсті және жер асты сулары бойынша;
      2) су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі және сумен жабдықтау аймақтарының санитарлық қорғалу аймақтарындағы объектілердің орналастырылуы бойынша.
      9. Су бұру саласында:
      1) 150000 адам мөлшерiндегi халық санының эквивалентiнен асып түсетiн өнiмдiлiгi бар сарқынды суларды тазарту;
      2) тәулігіне 50 текше метрден асатын бұрылатын су жер асты көкжиектеріне, жер рельефіне, сүзгілеу алаңдарына ағынды суларды бұру бойынша. 
      10. Қалдықтармен жұмыс жасау саласында:
      1) қауiптi қалдықтарды жағу, рекуперациялау, химиялық өңдеу, көму және жою бойынша;
      2) өнiмдiлiгi сағатына 3 тоннадан асатын коммуналдық - тұрмыстық қалдықтарды жағу бойынша;
      3) өнiмдiлiгi тәулiгіне 50 тоннадан асатын қауiптi емес қалдықтарды жою бойынша;
      4) инерттiк қалдықтар қоқыстарын қоспағанда, тәулiгіне 10 тоннадан астам қалдықтар түсетiн, немесе жалпы сыйымдылығы 25000 тоннадан асатын қалдықтарды орналастыру полигондары бойынша;
      5) жануарлар өлекселерін жоюға арналған қондырғылар;
      6) радиоактивті қалдықтарды жою бойынша;
      7) ассенизация алқаптары бойынша;
      8) шұңқырға көметін мал қорымдары;
      9) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбалардан басқа) өндіру кезіндегі үйінділер, қалдыққоймалар мен қоқыржинағыштары.
      11. Ықтимал қауіпті биологиялық заттарды, оның ішінде генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдерді өндіру және пайдалану.
      12. Өндірістік мақсаттарда су объектілерінің ластануына әкелетін ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық және радиоактивті материалдарды пайдаланатын кәсіпорындар мен ғимараттарды су жинау алаңдарында салу және орналастыру.