рисунок

FlyArystan Орал мен Алматыны қатынайтынын хабарлайды! Біржақты билет құны небәрі 12 999 теңгеден басталады!

Алматыға дейін 3 сағат қана ұшамыз! Билеттерді flyarystan.com сайтында арзанырақ сатып алыңыз!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары К.Турлыбековке жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

        

Аудан әкімі                                                                А.Шахаров

 

рисунок

11 сәуір 2019 жыл Бәйтерек ауданының әкімі А.Шахаров пен мекеме, бөлім басшылары тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.

Қабылдау Трекин ауылдық клубында сағат 11.00 - де басталады.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Қолданыстағы заңнамамен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған байланысты заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қарағанды облысының Осакаровка ауданындағы пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелерді анықтады, оларды шешуге қосымша уақыт қажет етіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен енгізу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізді.

АШЫҚ ӘКІМДІК

рисунок

2019 жылдың 6 сәуір күні әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша «Ашық әкімдік»  өтеді.

Өтетін орны: Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты.

Басталуы – сағ. 10:00.

Қосымша сұрақтарыңыз бойынша 25-8-19 телефоны арқылы жауап алуға болады.

Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты

 

04 04 19 news 1

2019 жылғы 5 сәуірде Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров пен мекеме, бөлім басшылары тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.

Қабылдау Асан  ауылдық клубында сағат 11.00 - де басталады.