Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы жанындағы  Консультативтік кеңес отырысында «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары» туралы хабарлама тыңдалды.

Салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған кеңестің құрамын аудандық кәсіпкерлер палатасы мен қатысушылар мен салық төлеушілер құрайды.

Хабарламада сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алудың маңыздылығы туралы айтылды. Жыл басынан бері түрлі форматта өткізілген іс-шаралар (семинар-кеңес мен дәрістер, техникалық оқу, дөңгелек үстел, жарнамалық ролик) осының айғағы, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мақала мен хабарландырулар жарияланып, теледидар және радио арқылы  сұхбаттар беріліп келеді.

Одан бөлек, басқармасы бұйрығымен салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау мүмкіндігінің себептері мен жағдайларының алдын алуға және болдырмауға бағытталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібі бекітілген. Бекітілген тәртіп бойынша құрылымдық бөлімшелер тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, оның қорытындыларын Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасына жолдап отырады.

Бәйтерек ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы