Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Бәйтерек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Республикалық мемлекеттік мекемесі

Gaineshev E

 

 

 

Гайнешов Ерболат Баймұратұлы Бәйтерек аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жасаған Жолдауында басты міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі атап өтілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары мемлекеттік органдардың бақылау функцияларын қысқарту, бақылауда болуды қамтамасыз ету және олардың жұмысының ашықтығын,  экономика және бизнеске мемлекеттік қатысуын азайту болып табылады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар, ол мемлекеттік қызмет көрсетуде лауазымды тұлғалардың жұртшылықпен тікелей байланыста болатыны, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сақталуы болып табылады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында, барлық қызметтерді міндетті түрде адамның жеке қатысуынсыз электронды форматқа аудару аса өзекті сипатқа ие.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсету процестері мүмкіндігінше оңтайландырылды, тапсыру мерзімдері мен салық есептілігінің нысандарының тізбесі оларды біріктіру арқылы қысқартылды, қайталанатын рәсімдерді алып тастау арқылы қызмет көрсету тәртібі жеңілдетілді,  бірқатар салық қызметтері хабарландыру сипатына ауыстырылды.

Тәжірибе көрсеткендей, қызмет көрсетудің ең тиімді құралы - электрондық нысан  болып табылады.

Сондықтан, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың  маңызды аспектісі болып табылады.

 Зеленов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Мемлекеттік органдардың жұмысындағы басым бағыттар, ашықтықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылуын болдырмау және олардың  сенімін арттыру мен  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы және олардың қызметінің ашықтығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысты болуының негізі.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғы шарттарының бірі болып, тұлғаның азаматпен тікелей байланыста болуы саналады. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі неғұрлым қарапайым және айқын болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі неғұрлым төмен болады. Адам факторының әсері заманауи  ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу үшін, лауазымды тұлғалар  арасында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу яғни, жеке сұхбаттар жүргізу,  сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бейне материалдар көрсету,  дөңгелек үстелдер мен  семинар-кеңестер ұйымдастыру, теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар беруді үзбеу.

Сондай-ақ, жас қызметкерлер мен жаңадан тағайындалатын қызметкерлерге психикалық әсер ету ретінде және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаның сөзсіз болатынын сана-сезімінде қалыптастыру үшін, түзеу мекемелеріне жүйелі түрде баруларын  ұйымдастыруда,  сыбайлас жемқорлықтың  өзіндік бір алдын-алу шаралары болар еді.

Жалпы, Мемлекеттік органдар  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азайту үшін, барлық мүмкін шараларды қолдана отырып, ол бағыттағы  тиісті жұмыстар тоқтатылмауы керек.

Зеленов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

01 03 19 news 1

Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:

1) бірыңғай жиынтық төлемді төлеген;

2) жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

3) тек қана жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акциздік өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін, дара кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер деп танылады.

Осыған байланысты, басқа жеке тұлғаларға қызмет атқаратын және (немесе) жеке қосалқы шаруашылық өнімдерді өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлейді. Мысалы, егер заңды тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге қызмет көрсетілсе, осындай қызметті көрсететін жеке тұлғаның – БЖТ қолдануға құқығы жоқ.

22 02 19 news 10

ЭШФ АЖ  "Виртуалды қойма" модулі (бұдан әрі – ВҚ) тауарларды есепке алуды жүйелеу, қалдықтарды автоматты түрде санау және импортпен келген тауарларды кіріске алудағы бизнес-процесті автоматтандыру мақсатында жасалды. ЭШФ АЖ ВҚ-да салық төлеушілердің жеке қоймаларындағы тауарлар жайлы ақпараттар, сондай-ақ ВҚ-ға тауарды кірістіру, тауардың орнын ауыстыру және есептен шығару жайлы барлық электрондық құжаттары сақталатын болады.

Виртуалды Қойма модулі тауарларды қоймаға кірістіру және есептен шығару процестерін автоматтандырады, соның ішінде ТД немесе тауарды шеттен әкелу өтініші негізінде. Нәтижесінде ВҚ-дан таңдалған тауар бойынша ЭШФ рәсімдеу барысында ТД, шеттен әкелу өтінішінен және тауардың шығу тегі сертификатынан мәліметтер автоматты түрде толтырылады. Қалдықтарды online режимінде жүргізу мүмкіндігі. ВҚ тауар қалдықтарының өзгерісін толық жүктеу және мерзімді жүктеу. Тауар жайлы толық қажетті ақпаратты сақтау. Тауардың шығуын бақылау.

API-интерфейс Виртуалды қойма мен бухгалтерлік есеп жүргізуге арналған ERP жүйелерінің инеграциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Зеленов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

байланыс үшін телефон: 8 71130 22 131

 

Белгіленген мерзімде салықты төлемеген жағдайда, жеке тұлғада бересі пайда болады, ол сомаға күнде өсімпұл есептеледі, бұл бересіні қосқанда салық төлеушінің жалпы берешегінің сомасын құрайды.

Еске сала кетейік, жеке тұлғалардың меншігіне салынатын салықтардың төлеу мерзімдері мынадай:

- мүлік және жер салықтары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей;

- көлік салығы бойынша есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей.