Аудан бойынша 2306 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, өткен осы уақытпен салыстырғанда 1,2% артқан. Соның ішінде 1874 бірлігі әрекет етуші болып табылады.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 4447 адамды құрап отыр, өсім 0,7% құрайды.

Өнім өндірісі (жұмыс, қызмет көрсету) 1 260,8 млн. теңге құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 14,8% өсті.

Шағын цехтар. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін  42 шағын цех тіркелді, 275 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемі 171,7 млн. теңге құрап отыр.

Шаруа қожалықтары. Ауданда 490 шаруа қожалығы тіркелді, соның ішінде 447 жұмыс жасап тұрғандар, 1956 адам жұмыс жасайды. Өңдірілген өнім көлемі 284,3 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 12,8% өсіп отыр.

2014 жылдың 1 мамырына  шағын және орта бизнес саласында жаңадан 170 жұмыс орны ашылды.

http://blogs.zelenov-bko.gov.kz