Аудан бойынша 2332 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, өткен осы уақытпен салыстырғанда 2,6% артқан. Соның ішінде 1909 бірлігі әрекет етуші болып табылады.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 4480 адамды құрап отыр, өсім 1,6% құрайды.

Өнім өндірісі (жұмыс, қызмет көрсету) 9158,9 млн. теңге құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,7% өсті.

Бюджетке 1 404 698 мың. теңге түсті, өткен жылға қарағанда 7,6% артқан.

Шағын цехтар. Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін  42 шағын цех тіркелді, 275 адам қызмет жасайды. Өндірілген өнім көлемі 732 млн. теңге құрап отыр.

Шаруа қожалықтары. Ауданда 490 шаруа қожалығы тіркелді, соның ішінде 447 жұмыс жасап тұрғандар, 1956 адам жұмыс жасайды. Өңдірілген өнім көлемі 6667,7 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,3% өсіп отыр.

2014 жылдың 1 қаңтарына  шағын және орта бизнес саласында жаңадан 600 жұмыс орны ашылды.