БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Гранттық қолдау алу мүмкіндігіне Қазақстанның барлық аймақтарындағы жас кәсіпкерлер қол жеткізбек

 

Зумрад Корпорациясы, Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы және Қазақстанның Отбасылық Бизнес Қауымдастығының өкілдерінен құралған жастардың кәсіпкерлігіне қолдау көрсетуге арналған «БИЗНЕС-ЖЕТІСТІК!» жобасының ұйымдастырушылық комитеті өңірлік және отбасылық кәсіпкерлерге гранттық қолдау көрсету байқауын дайындап, іске қосты.

Байқау 2014 жылдың 2 шілдесінде басталып, 2014 жылдың 26 қарашасында аяқталады.

 

Байқау Қазақстанның барлық аймағында өткізіледі. Өңірлердегібизнес-қауымдастықтардың арасынан шыққан үздік өкілдердің алдын ала іріктелген өтінімдері Алматы қаласында бір апталық іскерлік машықтанудан өту құқығы үшін таласатын болады, оның қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары 30 000, 15 000 және 7 000 АҚШ долларына тең келетін гранттарға қол жеткізеді.

 

Аталған байқауды өңірлік және отбасылық кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге жаңадан кәсіпкерлікпен айналыса бастаған тұлғаларға бизнесті ұйымдастыру және жүргізудің негізгі тұстарын оқуға (машықтануға) мүмкіндік беретін жыл сайынғы іс-шара ретінде өткізу жоспарланып отыр.

Бұл машықтанудың қорытындысы бойынша B2B саласындағы компаниялардың қатысуымен үздік жобалар көрмесі өткізіледі. Кәсіпкерлер қажетті кеңестерді, сарапшылардың қолдауын ала алады, сондай-ақ, тәжірибелі мамандарға сауалдарын қойып, бизнестің идеясын белгілеуге мүмкіндік алады. Жаңадан кәсіпкерлікпен айналыса бастаған, өз бизнес идеясын ойластырып жүрген, серіктестер мен инвестицияларды іздеп жүрген кез келген тұлға көрмеге қатысушы және көрме қонағы ретінде оған қатыса алады.

 

«Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетуҚазақстан экономикасының тұрақтылығы үшін ірі бизнестің қолынан келетін ең жақсы әрекет деп есептеймін. Тек қана жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, сонымен бірге өз тағдырың үшін, елің мен тұрып жатқан қалаңның тағдыры үшін жауапкершілік көтеру - бұл нағыз кәсіпкер болу деген сөз. Біз өмірдегі ең игі нәрселердің бәрін біздің жақындарымыз үшін жасаймыз. Балалар мен немерелерге мұрагерлік бойынша берілетін компаниялардың құрылғанын, отбасылық дәстүрді нығайта отырып және өз компаниясын нарықтағы ең үздік компания ете отырып, қазақстандықтардың ұрпақтары өз бизнесін мақтан тұтқанын қалаймын. Бірнеше буын өкілдері иық тіресіп жұмыс жасайтын отбасылық компаниялар көп болсын, жүзеге асырылған табысты бизнес-жобалар туралы түрлі әңгімелер көп болсын.

«БИЗНЕС-ЖЕТІСТІК!» жобасына қатысу - бұл Қазақстанның жас буыны үшін нағыз мүмкіндік. Мүмкіндіктерді күтіп отырмаңыздар, қатысыңыздар, тәжірибе жинақтап, үздіктердің біріне айналыңыздар!!! Ал біз сізге көмектесеміз!», - деп Жобаның басталуына қатысты түсініктеме берді ұйымдастырушылардың бірі - Зумрад Корпорациясының президенті Екатерина Ким.

 

Кәсіпкерлер, стартап-жобалар және өз өмірін түбегейлі түрде өзгертуге дайын адамдардың барлығы байқауға қатысуға шақырылады.

Толық ақпарат мына телефондар бойынша: +7 727 3292932, +7 777 7731161

немесеe-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

www.bp-kaz.kzwww.fba.kz