Бәйтерек ауданы бойынша 2019 жылға

егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының

оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қосымшаға сәйкес Бәйтерек ауданы бойынша 2019 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн.
  2. «Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Зеленов ауданы әкімдігінің 2018жылғы 23 сәуірдегі № 286 «Зеленов ауданы бойынша 2018 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі тиісті аумақта егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5183 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  4. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Залмукановқа жүктелсiн.
  6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкiмi                                                       А.Шахаров

2019 жылғы «___»____________

№___ Бәйтерек ауданы әкiмдiгiнiң

қаулысына қосымша

 

Бәйтерек ауданы бойынша 2019 жылға егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері

оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық арпа

2019 жылғы 25 сәуір

2019 жылғы 10 мамыр

2

Сұлы

2019 жылғы 25 сәуір

2019 жылғы 10 мамыр

3

Жаздық бидай

2019 жылғы 10 мамыр

2019 жылғы 25 мамыр

4

Күнбағыс

2019 жылғы 5 мамыр

2019 жылғы 15 мамыр

5

Тары

2019 жылғы 20 мамыр

2019 жылғы 25 мамыр

6

Күздік бидай

2019 жылғы 15 тамыз

2019 жылғы 10 қыркүйек

7

Мақсары

2019 жылғы 10 мамыр

2019 жылғы 25 мамыр