Бәйтерек ауданы әкімінің 07.03.19 жылғы №205 қаулысы

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып

қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де

жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер Кодексінің 84, 85,86 бабтарын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауын,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1362 қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1362 қаулысымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының бас жоспарын орындау мақсатында, Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы №3-2/122 шығыс хаты мен 2018 жылғы 29 желтоқсандағы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.О.Азбаевтың төрағалығымен өткен Кеңестің №03-03-07/7 хаттамамасының 2 тармағындағы тапсырманы орындау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолын байланыстыратын айналма жолдың жоспарланған құрылысына жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары басталсын.
  2. Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылдық округі аумағындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының №1 қосымшасындағы тізімге сәйкес иеліктен шығару басталсын.
  3. Мемлекет мұқтажы үшін алып қойылатын жер учаскесінің меншік иелері көрсетілген қаулымен келіспеген жағдайда мәжбүрлеп иеліктен мерзімін хабарлама алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, жер учаскесінің мәжбүрлеп шығарудың күні 2019 жылдың 18 маусымына дейін деп айқындалсын.
  4. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылар жүгінетін орыны Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 137 ғимарат болып көрсетілсін.
  5. Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты аталған қаулының қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсінде жарияласын.
  6. Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімі меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама пошта жөнелтілімімен жолдансын.
  7. Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырып, жер учаскелерін Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгеріміне берсін.
  8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Залмукановқа жүктелсін.

 

Аудан әкімі                                                                      А.Шахаров

 

Аудан әкімдігінің

2019 жылғы «7» наурыз

№ 205 қаулысына  №1 қосымша

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер учаскесін пайдаланушының)  тегі, аты, жөні (аталуы)

Жер учаскесінің көлемі, га

Кадастарлық нөмірі

Жер учаскеснің орналасқан жері

1

Уланов

Петр Сергеевич

7,68

08-118-106-018

Мичурин ауылдық округі

2

Балашова

Галина Александровна

1

08-118-106-611

Мичурин ауылдық округі

3

Брманов

Куаныш Нурлыбекович

3,28

08-118-106-946

Мичурин ауылдық округі