Жоба

Аудан әкімдігінің 2016 жылғы

3 маусымдағы № 425

«Зеленов ауданының шалғайдағы

елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы

білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары

мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2003 жылғы 7 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 425 Зеленов ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары  мен қағидаларын бекіту туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4457 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:

Осы қаулының 1, 2 қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы 17, 18 тармақтармен толықтырылсын.

2. Ауылдық округ әкімдері, «Зеленов аудандық білім беру бөлімі», Зеленов аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдансын.

3. Аудан әкімі аппараты басшысы (А.З.Көбенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Тұрлыбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

                

Қосымшалар (rar, 128 Kb)

 

Аудан әкімі                                                                          А.Шахаров