Зеленов ауданы Зеленов

ауылдық округі Зеленый

ауылындағы көшелерін

қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы ꞌꞌҚазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралыꞌꞌ, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ꞌꞌҚазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралыꞌꞌ Заңдарына сәйкес, Зеленый ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Зеленов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Зеленов ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленый ауылындағы «Красноармейская» көшесін «Азаттық» көшесі, ал «Октябрьская» көшесін «Достық» көшесі деп қайта аталсын.
  2. Зеленов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.Молтуганов) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      

Зеленов ауылдық округінің әкімі                            И.Давлетов