Жоба

 

 

Зеленов ауданы Егіндібұлақ

ауылдық округі Егіндібұлақ

ауылындағы көшелерді

қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы ꞌꞌҚазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралыꞌꞌ, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ꞌꞌҚазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралыꞌꞌ Заңдарына сәйкес, Егіндібұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылындағы Строительная көшесі Құрысшылар көшесі, Набережная көшесі Жағалау көшесі, Школьная көшесі Мектеп көшесі, Утемисова көшесі М.Өтеміс атындағы көше, Степная көшесі Ынтымақ көшесі,  Топорков көшесі Достық көшесі,  Новостройка көшесі Кең дала көшесі  деп қайта аталсын.

2. Егіндібұлақ    ауылдық    округі   әкімі    аппаратының   бас     маманы (Н.Калманова) осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған  күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Егіндібұлақ ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушы                                                       А.Сидагалиев

 

 

Зеленов ауданы, Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 201__ жылғы «___» __________ № ____ «Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Егіндібұлақ ауылындағы көшелерін қайта атау туралы» шешім жобасына

АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1. Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган «Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
2.  Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, уәждері және нормативтік құқықтық акт  қабылданған актіге сілтеме) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы ꞌꞌҚазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралыꞌꞌ, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы ꞌꞌҚазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралыꞌꞌ Заңдарына сәйкес, Переметный ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде
3.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тiркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51-тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер Мәлімет жоқ
4.  Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджеттер шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздейме Мәлімет жоқ
5.  Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер Мәлімет жоқ
   6. Интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының жариялануы туралы мәліметтер Мәлімет жоқ
   7. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының орналастырылуы туралы мәліметтер Мәлімет жоқ
   8. Реттеушілік әсерді талдау жүргізу нәтижелері туралы мәліметтер (болған кезде) Мәлімет жоқ
   9. Заңның 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын  нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері туралы мәліметтер Мәлімет жоқ
10. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша сараптамалық қорытындыны ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер Мәлімет жоқ
11. Заңның 20-бабына сәйкес қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдарды ұсынуы (ұсынбауы) туралы мәліметтер  
12. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылауы туралы мәліметтер  

 

 

Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің

міндетін атқарушы                                                                                           А.Сидагалиев