Құрметті Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Бәйтерек ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Shaharov Aссылка

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Бәйтерек ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Бәйтерек ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Бәйтерек ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы

 

Жаңалықтар


 

Құрметті аудан тұрғындары!

22.02.2019

рисунок

Бүгін, 2019 жылғы 22 ақпанда аудан орталығы Переметный ауылында анти-террорлық оқу-жаттығуы өтіп жатқандығын ескертіп, шара талаптарына азаматтарды түсіністікпен қарауға шақырамыз!

 

"Жүректен жүрекке" концерті өтті

22.02.2019

рисунок

Бүгін ауданда БҚО мәдениет басқармасы, "Қазақ соқырлар қоғамы" БҚО филиалы мен облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен "Мейірімділік жолымен" жобасы аясында "Жүректен жүрекке" концерті өтті.

Толығырақ...


Барлық мемлекеттік қызметкерлерге ескерту!

22.02.2019

22 02 19 news 11

Зеленов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық мемлекеттік қызметкерлерге 2019 жылдың 31 наурызында мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...