Мемлекеттік органдардың жұмысындағы басым бағыттар, ашықтықты қамтамасыз ете отырып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылуын болдырмау және олардың  сенімін арттыру мен  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Мемлекеттік қызметшілердің адалдығы және олардың қызметінің ашықтығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың табысты болуының негізі.

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алғы шарттарының бірі болып, тұлғаның азаматпен тікелей байланыста болуы саналады. Мемлекеттік қызметтерді алу рәсімі неғұрлым қарапайым және айқын болса, сыбайлас жемқорлық деңгейі неғұрлым төмен болады. Адам факторының әсері заманауи  ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбиелеу үшін, лауазымды тұлғалар  арасында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу яғни, жеке сұхбаттар жүргізу,  сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша бейне материалдар көрсету,  дөңгелек үстелдер мен  семинар-кеңестер ұйымдастыру, теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар беруді үзбеу.

Сондай-ақ, жас қызметкерлер мен жаңадан тағайындалатын қызметкерлерге психикалық әсер ету ретінде және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жазаның сөзсіз болатынын сана-сезімінде қалыптастыру үшін, түзеу мекемелеріне жүйелі түрде баруларын  ұйымдастыруда,  сыбайлас жемқорлықтың  өзіндік бір алдын-алу шаралары болар еді.

Жалпы, Мемлекеттік органдар  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азайту үшін, барлық мүмкін шараларды қолдана отырып, ол бағыттағы  тиісті жұмыстар тоқтатылмауы керек.

Зеленов ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

 

Зеленов ауданы әкімінің аппараты 2018 жылдың 19 маусымда Переметный ауылында ұйымдастырылған Шалғай ауылдық округі аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың қорытындыларын хабарлайды.

№1 лот бойынша –  Шалғай а/о 833,1915 га Каримов Сабит Рыскулович жеңімпаз болып танылды;

№2 лот бойынша –  Шалғай а/о 348,3261 га «Батуллина» ШҚ басшысы Батуллин Абай Урманович.;

жеңімпаз болып танылды;

 

Батыс Қазақстан облысының  Зеленов ауданы әкімдігі Январцев, Егіндібұлақ,Трекин, Железнов, Рубежин ауылдық округтері аумағындағы шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізуді жариялайды.

 

Шаруа қожалығын жүргізу үшін жалға беру кезінде конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

Жер телімі

нің №

Жер телімінің қысқаша сипаттамасы (алқаптардың құрамы және түрлері, бонитет баллы)

Көлемі, га

Жал мерзімі, жыл

Жер телімінің орналасқан орны (шаруашылық және аудан орталықтарынан орташа қашықтығы)

1.

Январцев ауылдық округі

Алқап түрі- егістік

314

10, 49

Январцев ауылдық округі аумағында

Аудан орталығы Переметный селосынан 130км

2.

Егіндібұлақ ауылдық округі

Алқап түрі- жайылым  

187

10, 49

Егіндібұлақ ауылдық округі аумағы

Аудан орталығы Переметный селосынан 31 км

3

Трекин ауылдық округі

Алқап түрі- егістік  

260

10, 49

Трекин ауылдық округі аумағы

Аудан орталығы Переметный селосынан 56 км

4

Железнов ауылдық округі

Алқап түрі- егістік  

158

10, 49

Железнов ауылдық округі аумағы

Аудан орталығы Переметный селосынан 15 км

5

Железнов ауылдық округі

Алқап түрі- егістік  

150

10, 49

Железнов ауылдық округі аумағы

Аудан орталығы Переметный селосынан 15 км

6

Рубежин ауылдық округі

Алқап түрі: - жайылым;

-егістік  

60 соның:

55

5

10, 49

Рубежин ауылдық округі аумағы

Аудан орталығы Переметный селосынан 100 км

7

Железнов ауылдық округі

Алқап түрі- жайылым

163

10, 49

Железнов ауылдық округі аумағы

Аудан орталығы Переметный селосынан 15 км

8

Егіндібұлақ ауылдық округі

Алқап түрі- егістік  

60

10, 49

Егіндібұлақ ауылдық округі аумағы

Аудан орталығы Переметный селосынан 31 км

 

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы аумағындағы шаруа қожалығын жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру бойынша конкурс 2018 жылғы 28 желтоқсан күні сағат 15.00 де келесі мекен-жай бойынша өтеді:

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139, мәжіліс залы

Шарттар мен талаптар – жер телімдерін тиімді және ұтымды пайдалану.

Конкурсқа қатысу құжаттары 2018 жылдың 25 желтоқсанына дейін қабылданады және қосымша ақпараттар мен анықтамаларды мына мекен-жай бойынша алуға болады: Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Жеңіс көшесі, 137, 8-і каб., сағат 9.00 ден 18.00- ге дейін (түскі үзіліс 13-00-ден 14-30-ға дейін). Телефон 8 (71130) 22396, 23506.

 

30 11 18 news 1

21 11 18 news 1

2018 жылдың 23 караша күні сағат 10:00 де Белес ауылдық клубы ғимаратында "Ашық әкімдік" күні өткізіледі. «Ашық әкімдік» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, жергілікті атқарушы органдар жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

 

«2017-2019ж.ж. арналған салықтар жинауды және бюджетке төленетін басқа да міндетті арттыру жол картасы» жобасының атқарау мақсатында Зеленов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Зеленов ауданы прокуратурасымен, ішкі істер бөлімімен және аумақтың жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп жеке тұлғалардың берешектерін өндіріп алуға бағытталған шараларды жүргізу басталды. Өндіріп алуға бағытталған шаралардың ең тиімді түрі  – борышкердің салықты толық өтегенге дейін борышкердің автокөлік құралдарын пайдалануды шектеуді (айыппұл тұрағына орналастыру) қолдану жоспарлануда.

Шараларды әзірлеу нәтижелері бойынша бюджетке 2,6 млн. теңге көлемінде қарыздар өтелді және борышкерлер жеке сот орындаушылардың  25% қосымша шығыстар сомасын өтеді.

Сонымен қатар, 12 жеке тұлғаларға 305,5 мың. теңге соманы құрайтын салықтық берешек туралы хабарламалар және салық бұйрықтар тапсырылды және хабарламаларды орындамаған жағдайда жауапкершілік туралы ескертілді.

Аталған іс-шаралар ағымдағы жылдың соңына дейін тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Осылайша, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын  қолданбай, жеке сот орындаушыларға арналған қосымша шығындарды үнемдеу үшін, жеке тұлғаларға салық берешектері болған жағдайда, оны шұғыл түрде өтеу қажет екендігін назарыңызға жеткіземіз.

Қазақстан Республикасының «Орындау өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 33-ші бабына сәйкес, егер борышкер атқару құжатының талаптарын 3 айдан аса орындамаса, сот орындаушысы шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулы шығаруға құқылы.

Сонымен бірге, 2018 жылдаң 1 шілдеден бастап екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды ашпауға міндетті, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарды қоспағанда.

Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web  сайтында борышкерлер тізімінде, немесе салық төлеушінің  тіркелген орны бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгініп өзіңді тексеруге болады.

Азаматтарға, күнтізбелік жылдың және мейрамдардың келуін ескере, кетер алдында жағымсыз жағдайдың алдын алу үшін, мүлік салығы, жер және көлік салығы бойынша салықтық берешегін уақытылы өтеуді ұсынады.