Мемлекет Басшысының Жолдауында алдағы уақытта мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты міндеттері -масылдықты жойып, кедейшіліктің мәселелерін шешу, өзін -өзі жұмыспен қамтитындарды, аз қамтылғандарды және жұмыссыз халықты өнімді экономикалық қызметке тарту болып белгіленген.

Күні бүгіні аудандағы жұмыспен қамту және халықтың өмірлік сапасын арттыру жағдайы келесідей сипатталады:

-аудан халқының жалпы санының 36101 адамы, немесе 62 пайызы, экономикалық белсенді халқын құрайды (58264 адам.);

-жұмыстың әр түрлі саласында 35096 адам жұмыс істейді, соның ішінде 8101 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, немесе, экономикалық белсенді халықтың 23,1 пайызын құрайды;

-жұмыссыздар -1005 адам (2,8%);

-аз қамтылғандар-4688 адам (8,1%);

Жыл басынан, жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 983адам өтініш етті.

Жұмыссыз ретінде есепте -193 адам тұр.

Ақылы қоғамдық жұмысқа -326 адам жолданды.

Кәсіптік даярлыққа -108 адам жолданды.

Бұдан басқа шетел жұмыс күштерін ауыстыру үшін шетел компанияларының қаржы есебінен кадрларды даярлау және қайта даярлау  мақсатында,  әр түрлі мамандықтар бойынша 45 адам жолданды.

Жұмыспен қамту бөлім арқылы -312 адам жұмысқа орналастырылды.

2014 жылдың 10 айдың ішінде 517 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі -2,8 пайыз.

Ресми жұмыссыздық деңгейі -0,5 пайыз.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде кедей және кәмелетке толмаған балалы отбасыларды қолдау шаралары негізгі орын алады.

2014 жылдың 10 айдын ішінде  атаулы әлеуметтік көмек АӘК құрамында  80 адамы бар 340 отбасына 5512,2 мың теңге көлемінде төленді.

АӘК  алушылардың құрамында еңбекке жарамды халықтың үлес салмағы 33,8 пайыз құрайды.

562 отбасы (1334 бала) 17866,7 мың.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы төленді.

2014 жылдың 10 айында 1648 жеке санаттағы азаматтарға 15750 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Үйден оқитын және тәрбиеленетін 57 мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне 2330,5 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Мүгедектердің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларын реттеу әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету ,оларға өмірлік тең жағдай мүмкін шілігін жасау және қоғамға бейімдеу мақсатында 2014 жылдың 10 айында 177 мүгедек әртүрлі компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етілді, соның ішінде: 7 мүгедек жеке көмекшінің қызметімен, 17- адам потездік -ортопедиалық құралдармен, 100-адам міндетті гигиеналық құралдармен, 1-адам кресло-арбамен, 11- адам тифлоқұралдармен, 4 -адам сурдоқұралдармен  қамтамасыз етілді, 5- адам кәсіптік оқуға жолданды.

Үйден арнаулы әлеуметтік қызмет 462 жалғызбасты қарияларға және 1-2топтағы мүгедектерге көрсетілді.

2014 жылдың 10 айдың ішінде үйден арнаулы әлеуметтік көмек 42 мүгедек-балаларға және 18 жастан асқан  психоневрологиялық аурулары ауратын адамдарға қызмет көрсетілді.

Медициналық -әлеуметтік мекемеге 8 адам рәсімделді.

 

Жұмыспен қамту қызметтерінің  2014 жылдың 1 қараша айына  негізгі көрсеткіштері

 

Бөлім басшысы                                                    Т.Төлепқалиев