Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 15 мемлекеттік қызмет көрсетіледі (11-і қағаз жүзінде, 2-і электронды-қағаз жүзінде, 2-і электронды түрде жүргізіледі). Негізгі қызмет алушылар тұрмысы төмен отбасылар, жұмыссыздар, зейнеткерлер және мүгедектер, яғни ол  адамдар мемлекеттік әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар.

Бүгінгі күні ауданда жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру жағдайы келесідей сипатталады:

-аудан халқының жалпы санының 31665 адамы немесе 53,5 пайызы  экономикалық тұрғыдан белсенді бөлігін құрайды (59164 адам).

-жұмыстың әр түрлі саласында 30026 адам жұмыс істейді.

-жұмыссыздар -1639 адам (5,2%);

Жыл басынан, жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 2317 адам өтініш етті.

Жұмыссыз ретінде есепте - 424 адам тұр.

Ақылы қоғамдық жұмысқа - 333 адам жолданды.

Жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа- 1118 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына- 46 адам жолданды.

Жастар практикасына - 101 адам жолданды.

2019 жылдың  1 қаңтарына 729 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі -1,3 пайыз.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде кедей және кәмелетке толмаған балалы отбасыларды қолдау шаралары негізгі орын алады.

2018 жылдың 12 ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 1049 адамға 232 отбасына 50415,5  мың теңге көлемінде төленді.

Азаматтардың өтініштері бойынша 96 отбасыға коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 1116,1 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Үйден оқитын және тәрбиеленетін 38 мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне 2549,8 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

2018 жылдың  12 ай ішінде Жеңіс күніне орай, 756 адамға 11405,0 мың теңге,  Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшыраған 25 адамға 750,0 мың теңге, Семей ядролық сынақтарға ұшыраған 14 мүгедектерге 280,0 мың теңге, 47 ауған соғысында қатысқандарға 1410,0 мың теңге және Чернобыль АЭС апатында, ауған соғысына қайтыс болғандарға және 14 отбасыларына 260,0 мың теңге төленді. Мүгедек балалары бар 156 отбасыларға 1610,0 мың теңге төленді.

Қатерлі ісік ауруына шалдыққан 519 адамға, 19119,7 мың теңге, өкпе ауруына шалдыққан 75 адамға 2884,9 мың теңге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған 87 адамға 2092,3 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүгедектердің құқықтық, эконимикалық және ұйымдастыру жағдайларын реттеу әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, оларға өмірлік тең жағдай мүмкіншілігін жасау және қоғамға бейімдеу мақсатында 2018 жылдың 12 айында 25 мүгедекке жеке көмекшінің қызметтерімен; 145 мүгедекке гигиеналық құралдармен; 6 адамға ымдау тілі маманның қызметімен; 39 адамға сурдо-тифлотехникалық құралдармен; 40 мүгедекке  протез-ортопедиялық құралдармен  қамтамасыз етілді; 59 адам санаторлық-курорттық емделуге жолданды.

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құрамында үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрстетін, жалғысбасты кариялар мен мүгедектерге сондай-ақ мүгедек балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауыратын тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсететін үш бөлімше жұмыс жасайды.

2018 жылдың 12 айына 582 адам қамтылды, оның ішінде - 34 мүгедек балалар; 13 адам 18 жастан асқан психоневрологиялық ауыратын мүгедектер; 529 қариялар; 6 мүгедектер.

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі штатында үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрстетін 105 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарады.

Медициналық - әлеуметтік мекемеге 14 адам рәсімделді, 5 адам есепке қойылды.