Қазіргі таңда мәдениет саласында ұлттық мәдениеті мен тілін, сондай-ақ еліміздегі халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында аудан көлемінде мекендеген халықтардың мәдениеті мен тілдерін сақтау мен дамытуды қолдау, мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін негізгі шаралар кешенін жүзеге асыруда. Ата-баба өнерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мәдениет саласы үшін басты міндет.

2014 жылы аудандық мәдени- демалысының мәдениет мекемелерінде «Мемлекеттік тапсырыс» және «Ақылы қызмет» бойынша  өткізілген іс-шаралар саны - 5 100,  қамтылған көрермен -  177 500, соның ішінде балаларға арналған іс -шаралар -  360, қамтылған көрермен -  80 500,ақылы іс-шаралар саны - 3 900,  қамтылған көрермен - 72 000.

2014 жылы  жасақталған жобалық - сметалық құжат бойынша  үстіміздегі жылы Республикалық бюджеттен  Переметный аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеу үшін 148 378,0 т.т бөлінді.  Бүгінгі таңда аудандық мәдени- демалыс  орталығының  5 мәдениет ошақтары  күрделі жөндеу қажет етеді. Олар: Егіндібұлақ а/к, Рубежин а/к, Шалғай а/к,Красноармейск а/к,Махамбет а/к. Мәдени- демалыс орталығының материалдық- техникалық базасын нығайту мақсатында аудандық бюджеттен  2014 жылы - 13 523,7 т.т бөлінді. Өткен жылдармен салыстырар болсақ 2013 жылы - 6 500,0 т.т, 2012 жылы -5 400,0 т.т бөлініп, толық мақсатта жұмсалды. 2014 жылы МДО шығармашылық және көркемөнерпаздар ұжымдарына, жекелеген әншілерге сахналық жаңа костюмдер тігіліп берілді. Ауылдық клубтарға музыкалық аппаратура, жиғаздар сатып алынды. Аудандық бюджеттен бөлінген қаражат  тиісті мақсатта жұмсалды.

 

Ауданның мәдени- жетістіктері; /Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен ақындар айтысына қатынасқан өнер иелерінің қол жеткізген жетістіктері/

 

- Кеңес әскерлерінің Ауғанстан елінен шығарылғанына 25 жыл толу құрметіне Орал қаласында өткен «Ауғанның от-жалыны» атты облыстық  патриоттық ән-байқауы -  Жекеков Ақан / лауреат/

- «Балдәурен» облыстық балалар шығармашылығы байқауы «Хореография» номинациясы «Дарьюшка» би ансамблі /3- орын/

- «Вокал» номинациясы Саламатқызы Толғанай /3 орын/

- «Поэзия, менімен егіз бе едің..» атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған облыстық жазба ақындар байқауы- Лұқпанова Жеміс Темірғалиқызы/ 1- орын./

- Тольяти қаласында өткен «Расцвела под окошком белоснежная вишня» атты орыс халық әндері фестива  - «Достық-Дружба» ансамблі / Лауреат/

- «Ғасырлар үні» атты  облыстық фольклорлық ансамблдер байқауы- Халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблі  /2 орын/

- «Туған жер, сені қосам әуеніме» атты әуесқой композиторлардың облыстық ән -байқауы-  Гүлбаршын Қасиетова /3 орын/

- Облыстық «Дала дарындары» фестивалі  «Хореография» номинациясы бойынша «Нұр-ай» би ансамблі  /2 -орын/

- Облыстық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты байқау-фестивалінде «Бейнелеу» номинациясы бойынша  Альмуханов Абат /1 -орын/

- Облыстық «Елім менің» атты Хор және вокал ұжымдары арасындағы байқау - аудандық Хор ұжымы /дипломант/.

- РФ Тамбов қаласында «Синяя птица» атты вокалды аспапты ансамбльдер арасында  байқау - «СКИФЫ» вокалды- аспапты ансамблі /дипломант/

 

Жоғарыда аталған жетістіктерімізге қоса проблемалық мәселелерде жоқ емес. Зеленов ауданы Ресей Федерациясымен шекаралас болғандықтан, көптеген іс-шаралар, кездесулер  ауданымыздың үлкен мәдениет ошақтарында ұйымдастырылып тұрады. Алайда, сол клубтардың ғимараттарына бүгінгі таңда заман талабына сай жөндеу, сахна киімдері, музыкалық аппаратуралар қажет етеді. Мысалы: Дарьян мәдениет үйлеріне, Рубежин, Красноармейск ауылдық клубтарына күрделі жөндеу қажет етеді.

Соған қоса ауданымыздың Достық, Щапов, Макаров сынды ауылдық округтерінде мәдениет ошақтарының ғимараттары жоқ. Алайда, жергілікті халықтың сұранысы бойынша, аталған ауылдарға болашақта мәдениет ошақтарының ғимаратын салу түйінді мәселелердің бірі болып табылады.

Болашақта осы аталмыш мәселелердің барлығы шешімін табатынына, алға қойған жоспарларымыз іске асатынына , жыл бойы атқарылған жұмыстарды талдап, алдағы уақытта Зеленов аудандық мәдени-демалыс орталығының ұжымы шығармашылықпен, жаңа әдіс-тісілдер таңдай отыра, ізденіс үстінде жұмыстанып, халықтың бос уақытын сапалы да заманға сай ұйымдастыратынына сеніммен айтуға болады.