ҚР Елордасы Астана күніне ауданымыздың жас әншілерінің қатысуымен «Жастығымның қаласы-Астана!» атты ән-фестивалі

рисунок

« Қазақстан бәйтерегі -Астана» атты мерекелік концерттер, «Жайна ,Астана!» атты балалар шығармашылығы концерті оздырылды. Орал қаласында өткен «Туған жер, сені қосам әуеніме» атты әуесқой композиторлардың облыстық ән -байқауында  Гүлбаршын Қасиетова 3 орынға иеленді. Шілде айында мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдары «СКИФЫ» ВАА, «Азия» вокал тобы, ауданымыздың жас өнер иелері концерттік бағдарламамен гастрольдік сапарға шығып, ауыл тұрғындарына өнерлерін паш етті.

Жылдық жоспарға сай жасөспірімдер және балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мәдениет ошақтарында     шілде-тамыз айларында « Алло, мы ищем талантов», «Жұдызды сәт», «Село талантами богато» шоу-бағдарламалары оздырылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, жетім балаларға және көп балалы отбасыларға арналған табиғат аясында «Біз біргеміз!» атты іс-шара оздырылды. Шара барысында а/о әкімдері  сыйлықтар үлестіріп, мәдениет қызметкерлері ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Жаңа ұрпақтың салауатты өмір сақтану мақсатында «Здоровым быть здорово!»,«Жастар темекіге қарсы» атты пікір-талас, кездесулер, акциялар ұйымдастырылды. ҚР Ата Заң күніне «Ата-Заңым айбыным!» аттыбарлық мәдениет ошақтарында мерекелік концерт , «Мақтанышым -Ата Заң!» атты дөңгелек үстелдер,көрмелер,спорттық шаралар ұйымдастырылды.

рисунок

Отбасылар күніне  «Мықты отбасы-мықты мемлекет!», «Отбасы-тәрбие іргетасы» атты кездесулер, өнерлі жанұяларды қолдау мақсатында  «Әнім саған, туған ел!» атты фестиваль өтті.рисунок рисунок

 

Қыркүйек  айынан бастап аудан орталығы Переметный ауылында біріккен 36 ауылдық клубтардың көркемөнерпаздар ұжымдарының «Ауылым-алтын бесігім!» атты  шара өтіп жатыр. Бағдарламада:жәрменке, спорттық шара,көрме, концерттік бағдарламалар.  

рисунок 

 

Қала күні мерекесінде Желаев ауылында Зеленов ауданының көркемөнерпаздар ұжымдарының «Менің қалам!» атты концерттік бағдарламасы оздырылды.

Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жылдығына арналған «Жырымен әлдилеген Ақжайығын» атты кездесу кеші оздырылды.Шара барысында мәдениет қызметкерлерінің орындауында  ақынның әндері орындалып,өлеңдері оқылды.Осындай әдеби-саз кештері 21 мәдениет ошақтарында да өтті .Қыркүйек айында Орал қаласында  «Сорочинская ярмарка»  мерекесі оздырылды. Ауданымыздан «Риченька» және «Червона рута» украин ұлттық-мәдени бірлестіктері өнер көрсетіп,украин халқының ұлттық тағамдарынан дастархан жайылып,қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Тіл мерекесіне барлық мәдениет ошақтарында өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Тілім- менің тағдырым!», «Халықтың өмірі -өз тілінде», «   атты фестиваль, өзге ұлт қыз-келіншектері арасында «Пай-пай ,қыздар-ай» атты байқау оздырылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, қазақтың ұлттық тағамын дайындап, өз өнерлерін халыққа паш етті.Жастар шығармашылығын қолдау мақсатында  «Дала дарындары» фестивалі оздырылды.Ауданымыздың атынан «Хореография» номинациясы бойынша «Нұр-ай» би ансамблі қатысып, 2 -орынға иеленді. 

рисунок

 

Қыркүйек айында РФ Саратов облысы Озинки ауданында өткен «Россия начинается с Озинок» атты аймақтық фестивальге ауданымыздың атынан «Достық-Дружба» ансамблі өнер көрсетіп,дипломант атанып келді.Орал қаласында өткен облыстық «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты байқау-фестивалінде «Бейнелеу» номинациясы бойынша Альмуханов Абат 1 -орынға иеленді.Қайырымдылық айлығы аясында мәдениет мекемелерінде кең ауқымды іс-шаралар оздырылды. Мақсаты: ауданымыздың мүмкіндіктері шектеулі жандарына қолдау көрсету, талантты жандардың есімін ашу,өнерлерін халыққа көрсету.

1 қазан -Қариялар күнінен орай Зеленов ауданының көркемөнерпаздар ұжымдарының Орал қаласында  Қарттар үйінде « Жүректен жүрекке» атты концерті оздырылды.

Ауданымыздың мәдениет саласында көп жылдар бойы еңбек еткен зейнеткерлерімізге арналған  мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Қонақтарға дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты.

Переметный аудандық мәдениет үйінде мүмкіндіктері шектеулі  өнерлі жандарға арналған дәстүрлі «Өз жүрегіңнің жылуымен бөліс» атты демалыс кеші оздырылды.Шараға 22 мүгедек жандар шақырылды. Шара барысында би, вокал, көркем сөз, қолөнер, сурет номинациялары бойынша  аудандық , облыстық байқау-фестивальдердің жеңімпаздарына, дипломанттарына «Алғыс хат» және номинация бойынша медальдар  табыс етілді. Әр қатысушы әр түрлі жанр бойынша өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілінен шықты. 

рисунок

Дарьинск мәдениет үйінде мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Жан жылуы» атты мерекелік шара оздырылды. Шараға 32 мүмкіндіктері шектеулі балалар қатысты. Мереке мәдениет қызметкерлері  дайындаған театрландырылған көрініспен басталып,ойын- сауық бағдарламамен жалғасты. Қатысушыларға мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар табыс етілді.

Ауданымыздың 28 мәдениет мекемелерінде  «Жүрек жылуы», «Әрбір адам бір жұлдыз», «Доброта спасет мир» , «Қарты бар ел- қазыналы ел» атты кездесулер, мерекелік отырыстар, концерттік бағдараламалар оздырылды.

27 қазан күні орал қаласында облыстық «елім менің» атты Хор ұжымдарының және вокалдық топтар арасында байқау оздырылды.Ауданымыздың Хор ұжымы дипломант атанды.

рисунок

 

Ауыл жастарына әр жұма,сенбі, жексенбі күндері мәдениет ошақтарында «Күзгі жұп» байқауы» , «Гүлдер әлемі» көрмесі, «Джинсовая вечеринка» ойын-сауық кештері , «Алтын күз» демалыс кештері оздырылып тұрады. 

9 ай бойынша өткізілген іс-шаралар саны: 2 740

Іс-шараларға қамтылған  көрермендер саны: 147  240

 

Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2014 жылдың 9 ай жұмыс есебі

                                     

Қызметтің негізгі сандық көрсеткіштері

Кітапхана қызметімен   28701 оқырман қамтылып, оларға 520215 дана кітап таратылды.  Пайдаланушылардың  кітапханаға  қатынасуы  169173. Кітапханаларда 1396   көпшілік мәдени шара өткізіліп, оған 23732 оқырман қатысты.  

ОКЖ-нің кітап қоры 762228 дана, оның мемлекеттік тілдегісі 762228 дананы құрайды. 9 айда 7323 дана, мемлекеттік тілде 5433 дана әдебиеттер түсті. Жаңадан түскен әдебиеттер құны - 7442953,684 т. Соның ішінде 658360 теңгеге 608 дана, 417қазақ тілінде  жаңа кітаптар жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

2014 жылдың ІІ жартыжылдығына  1401002 теңге, 49т. барлығы 105, қазақстандық 79, ресейлік 26 атаулы мерзімді басылым немесе барлығы 513 дана мерзімді басылымдарға жазылу жүргізілді.         

Мәдени-көпшілік қызмет

2014 жылы 8 тамыз күні Дариян ауылдық кітапханасында  ОКЖ директоры орынбасары М.Н.Каюбовтың  ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел болып өтті. Отырыстың басты тақырыбы «Нұр Отан» партиясының 2015-2020 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарлама  жобасының  талқылауы.

Шараға Дариян қазақ және орта мектебінің мұғалімдері мен кітапханашылар қатысты.

рисунокЖүргізуші М.Н.Каюбов «Нұр Отан» партиясының  жаңа бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Өз сөзінде «Нұр Отан»  партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбектің сөзін келтірді. Онын айтыунша, жемқорлыққа қарсы бағдарлама сірескен нормаларға толы құқықтық құжат  емес, жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саяси құжат. Бұл бағдарламада жемқорлықпен күреске мемлекетпен қатар, қоғам мен әр азаматтың жауапкершілігі қамтылып отыр. Сондықтан бағдарлама жобасы ашық пікір алмасу үшін  қоғамның назарына ұсынылып  жатыр. Бұл бағдарлама сыбайлас жемқорлыққа күрес нәтижелі болу үшін білім мекемелерінде, отбасында, қоғамдық ұйымдарда да  негізгі бағыттарымен таныстыру  жұмыстарының қажеттілігін мақсат ететіндігін,  партияның маңызды  стратегиялық бағдарламасын қолдау - қоғамның әр азаматтың парызы айтылды.

Қатынасушылардың саны - 15 адам.

  "Бір ел- бір кітап" акциясы бойынша

Ағымдағы жылы республикалық "Бір ел -бір кітап" акциясына С.Мұратбековтың "Жусан иісі" ,"Басында Үшқараның" шығармалары  алынған болатын. Соған байланысты жыл бойы барлық кітапханаларда көлемді түрде көптеген мәдени шаралар оздырылды.   

Биылғы жылғы "Бір ел-бір кітап" акциясының қорытындысы ретінде Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістемелік бөлімі С.Мұратбековтың шығармаларын насихаттау,  туындыларын келешек ұрпаққа жеткізу, көркем әдебиетті насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, талапты, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында "Халықтың қанатты жазушысы" әдеби слэмін өткізді.

Талап бойынша қатысушылар таңдалған шығармалардың ішінен табиғат көрінісі, кейіпкер мінезі суреттелетін үзінділерді мәнерлеп оқып, Аянның тұрмысы бейнеленетін үзінділерден көріністер көрсетулері тиіс болды.

IMG_0285

 

Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.М. Камбетов шараға қатысып отырған өрендерге сәттілік тілеп, болашақта да әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне өз үлестеріңізді қосыңыздар деген тілек білдірді. Сонан соң аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.О. Жүнісова сөз алып, слэмнің сәтті өтуіне және қатысушыларға жеңіске ұмтылатын, қанат бітіретіндей тілек тілеп, лебізін білдірді.

рисунок

Он ауылдық округтен келген қатысушыларымыз  нөмірлері бойынша кезектесіп ортаға шығып, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындады. Оқырмандардың мықты дайындықпен келгендері көрініп тұрды. Сол қарқынмен  үш бөлімнен сүрінбей өткен қатысушыларымыздың еңбегі әділ бағаланып, нәтижесінде өзінің еңбекқор, ізденімпаздығымен І орынды Щапов ауылдық кітапханасынан  15 жастағы оқырман  Елеусінова Альбина иеленсе, жүлделі ІІ орынға аудандық кітапхана оқырманы 14 жастағы Жамиева Қарлығаш шықты. Ал ІІІ орынды Достық ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Нығметов Мирас қанжығасына байлады.

Байқау жеңімпаздары мен түрлі аталымдар бойынша  марапатталған  өнерлі жастарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Акция жарияланған күннен бастап, аудандық кітапхана қызметкерлері ауданымыздағы мекемелер мен мектептерді аралап, «Өзің оқып, өзгеге бер!» атты  буккросинг өткізген болатын. Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Б. Ишкулова буккросингтің қорытындысын жариялап, жүлделі орын алған мекемелерге дипломдар мен сыйлықтар табыстады. Нәтижесінде Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ І орын, Камен ЖОББМ ІІ орын, БҚО әкімдігі білім басқармасының Зеленов колледжі  МҚҚК ІІІ орынға ие болды. Жалпы Буккроссингке 21 мекеме, оның ішінде 270 адам қатысты.

 

Астана күніне:

Сұлу көл ауылдық кітапханасында 5 шілде күні "Ай дидарлы, ару Астана" атты еліміздің бас қаласы Астана туралы түсініктерін кеңейту, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында әдеби-сазды кеш өткізілді.

Жүргізушілер кітапханашы К.С.Утешева мен клуб меңгерушісі Р.Д.Иньшина екі тілде Астана туралы толық мәлімет берді. Мектеп директоры А.М.Кайдашева сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Астана күнімен құттықтады.

Чиров ауылынан әдейі келген қонақтар Астана туралы өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп. өз өнерлерін көрсетті.

Кітапханашы К.С.Утешева "Дара тұлға- дана тұлға" деп аталған Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы бәйтерек бейнесіндегі көрме инстоляцияға шолу жасады.

Кеш ән мен бимен жалғасын тапты.

рисунок

рисунок

Барлығы 35 адам қатысты.

2014 жылдың  6 шілдесі күні Щапов ауылдық кітапханасында Астана күніне орай «Астана - ақиқатқа айналған арман» атты тақырыптық кеш өтілді.       

Мақсаты: Астана туралы мәлімет беру, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, әсемдікке баулу.

Кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көркімен көз тартып, тамашасымен таң қалдырып келе жатырған Елордамыз Астананың тарихына шолу жасалып, «Астана - ақиқатқа айналған арман» атты кітаптар көрмесімен таныстырылып, әсем қаланың әсерлі суреттері көрсетілді: Көкке шаншылған «Бәйтерек»,  «Ханшатыры», т.с. Оқырмандар арасында Астананы өз көзімен көрген оқушыларда арамыздан табылып, оларға да сөз бердік, алған әсерлерімен бөлісті. Шара соңында Астана туралы өлеңдер  оқылды, ән шырқалды. Біздің отанымыз  - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Біздің мақсатымыз  - осынау кең байтақ еліміздің келешекте еңселі де іргелі елге айналуына өз үлесімізді қосу деп шара аяқталды.

Барлық қатысқаны -21адам.

Чеботарев ауылдық кітапханасы мен клуб бірігіп, 6 шілде күні "Жайнай бер, Астана" атты мерекелік шара өткізді.

Шара басында кітапханашы А.Аймукашева көрермендерді Астана күніне және Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған кітаптардан ұйымдастырылған көрмемен таныстырды.

Мектеп директоры Н.А.Сұлтанова «Нұр Отан» партиясы мүшелеріне жаңа үлгідегі билеттерін табыстап, ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысқандары үшін алғыс білдірді.

«Домисолька» жас бишілер тобының мың бұралған биі, М.Лагун  мен Д.Батяевалар дуэтінің және т.б. өнерпаздардың Астана туралы әндері мерекелік кештің көрігін қыздырды.                                

рисунок

Конституция күніне:               

Аудандық кітапхана 27 тамыз күні Конституция күніне арналған «Ата заңым - мемлекет айбыны» атты әдеби керуен өткізді.

Әдеби керуеннің мақсаты: Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата заңда бектілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары мен оның өміршеңдігін насихаттау болды.

Шараны ОКЖ-нің балалармен жұмыс әдіскері Ж.К.Жанабаева мен қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі Л.Б.Ишкуловалар  екі тілде жүргізді. Олар барша қонақтарды Конституция күнімен құттықтай отырып, оның тарихына тоқталып өтті. Шарамызда аудан әкімінің орынбасары А.Т.Досжанов, аудандық сот төрешісі А.Д.Бекталиева, аудандық «Достық үйінің» «Шатлық» ұлттық - мәдени орталығының өкілі Р.Ш.Левковская, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Н.А.Анципровичтер құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке адам мен отбасы оның балалары үшін маңыздылығана  назар аударды. Аудандық кітапхананың кітапханашы М.У.Каримова «Ата заңым - мемлекет айбыны» атты кітап көрмесінің презентациясымен таныстырды. Кітап көрмеде барлығы 38 кітап қойылды. Олар Қазақстанның Ата Заңның арқасында жеткен жетістіктерінен мәлімет беретін басылымдар мен Елбасының халқына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған кітаптар. Шара барысында Қ.Аманжолов ЖОББМ оқушылары Г.Тынышбаева мен Л.Үсенова «Ата Заңым - ақыл ісі, Ар ісі», «Бас кітабым, бұлағым» атты өлеңдерін оқыса, Переметный ЖОББМ оқушылары И.Герасимова мен А.Шеломановалар

«С днем рождения, Конституция» атты Ата Заңымызға арналған өлең шумақтарымен өрнектеді.

рисунок

Барлығы 78 адам қатысты.

А.Бақтыгерееваның 70 ж.т.

ОКЖ-нің әдістемелік бөлімі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің және халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жасқа толуына орай ақынның жалынды жырларын келешек ұрпаққа жеткізу, әдебиет әлемінің айшықты жанры - поэзияны насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, талапты, талантты жастарды шығармашылық ізденіске ынталандыру мақсатында «Алаш жырының Ақшағаласы» атты әдеби байқау өткізілді.

Көрнекілігіне бейне роликтер, тақырыптық слайдтар көрсетіліп, "Айдыны бар Жайықтың, әлдилеген талайды" деген кітап көрмесі жасақталды. Байқауға Новенький ауылдық кітапханасынан А.Досмухамбетова, Белес ауылдық кітапханасынан Ә.Ғалымжанова, Зеленый ауылдық кітапханасынан Л.Мизамбаева, Үлкен Шаған ауылдық кітапханасынан Д.Құрманова, Раздольное ауылдық кітапханасынан Г.Джукеева қатысты.

Байқауға қатысушыларға  міндетті түрде А.Бақтыгерееваның кез келген тақырыптағы   шығармаларын  оқу, қосымша  мүмкіндіктеріне қарай: А.Бақтыгерееваның сөзіне жазылған әндерді орындау; А.Бақтыгерееваға арнап қатысушының өздері шығарған өлеңдерін оқу талаптары қойылды. Байқау барысында қатысушылардың барлығы да жақсы дайындықпен келгендіктері байқалды, тебірентіп оқыған өлеңдері тыңдаушыларды бей-жай қалдырмады. Әсіресе Ә.Ғалымжанова, Л.Мизамбаева, Д.Құрманова Жайықтың Ақ шағаласы, Ақұштап апамызға арнау өлеңдері әсерлі шықты.  Ә.Ғалымжанова, Л.Мизамбаева Ақұштап Бақтыгерееваның  ән жазылған «Оралдың ерке самалы» өлеңін сызылта орындап берді.  Әділқазылар байқау жеңімпаздарын анықтап, төрағасы М.Ы.Жолбаев байқауға қатысушыларға алғысын білдіріп, Ақұштап апамыздың өзінің  жерлесі екендігін мақтан тұтатындығын айта келе, кішкене ғана ауылдан шыққан ақын апаларыңыздың жолын қуып, сондай дәрежеге жетулеріне тілек білдірді. ОКЖ-нің әзірлеген алғыс хат, дипломдары мен естелік сыйлықтарын табыстады.  Бірінші орынды Зеленый ауылдық кітапханасының оқырманы Мизамбаева Ләззат, екінші орынды Белес ауылдық кітапханасының оқырманы Ғалымжанова Әйгерім, үшінші орынды Үлкен Шаған ауылдық кітапханасының оқырманы Құрманова Дания иеленді.

рисунок

рисунок

 

Аудандық кітапхана 16 қыркүйекте Ақ Жайық өңірінің танымал ақындары  А.Бақтыгерееваның 70 жасқа, Ш.Қыдырниязованың  65 жасқа, А. Шахиннің  60 жасқа және Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасының жарық көргеніне 50 жыл толуына орай   «Жыр арқауы - Ақжайық ақындары»  атты әдеби - сазды кеш өткізді.

Кешімізге  аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры М.Ы.Жолбаев, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Б.М.Ахметжанова, Қ.Аманжолов ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Лұқпанова Ж.Т. және мектеп оқушылары, аудандық «Достық» үйінің «Ақниет» әжелер ансамбілінің жетекшісі әнші - сазгер Г.Ғ.Қасиетова, мүшелері Темешова Б.И.,Кусегенова Х.О., жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Н.С.Ешмұратов, аудандық «Ауыл тынысы» газетінің тілшісі Т.Бисенов, кітапханашылар мен мәдени қызметкерлер қатысты.

Шара барысында ақындардың өмірбаяндары мен шығармашылыған қамтыған слайд көрсетіліп,  Қ.Аманжолов ЖОББМ-ң қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Лұқпанова Жеміс  Жайықтың ақын қыздарына арнаған өз туындысын оқыды. Қ.Аманжолов ЖОББМ-ң оқушысы Карипуллов Нүркен Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасынан үзіндіні жатқа айтса, «Ақниет» әжелер ансамбілінің  мүшелері  Ақұштап Бақтыгерееваның сөзіне жазылған «Оралдың ерке самалы», аудандық мәдени - демалыс орталығының директоры Жолбаев Мұратжан «Жеңеше» әнін, «Ақниет» әжелер ансамбілінің жетекшісі әнші - сазгер Г.Ғ.Қасиетова Шолпан Қыдырниязованың сөзіне жазылған «Ақ жайық», аудандық мәдениет үйінің әншісі Жекеков Ахан «Қоскөл кеші» әнін тамылжыта орындады.

Сонымен бірге, Переметный ауылының тұрғындары, аудандық кітапхананың тұрақты оқырмандары ақын - ағалар Бабатаев Амантай Мұхамедиярұлының «Жыр арнаймын жүректен» және  Қаржау Мәкен Ермекбайұлының  «Өлеңім менің - өмірім» атты жыр жинақтарының тұсаукесері болып, кітапханашы Каримова Мейрамгүл құрастырған  кітаптар ақындарға табысталды.

Ақындар шараға қатысқан барлық тыңдармандарға, әсіресе жастарға осындай поэзия кештеріне келіп, жақсы әсер алып, ой бөлісіп жүрулерін сұрай отырып, кітапханашыларға алғыстарын жаудырып, жұмыстарына табыс тіледі.

Шара соңында белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталды.

Қатысты: 35 адам

рисунок 

Мемлекеттік тілді насихаттау:

2014 ж. 19 қыркүйек күні Дариян ауылдық кітапханасының оқу залында  22 қыркүйек - ҚР тіл мерекесіне арналған «Қазақ тілі - тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік шара өтті.

Шараға Дариян ЖОББ мектептің 9 сынып (20 оқушы) оқушылары және сынып жетекшісі Д.С.Исагалиева, әдебиет пәнінің мұғалімі А.А.Қанатова қатысты.

Оқу залында «Тіл - ұлттың жаны» атты кітап көрмесімен безендіріліп, тақырып бойынша слайд көрсетіліп тұрды.

рисунокАлғы сөзбен кітпаханашы Б.Сарсенбекова оқушыларды тілдер мерекесімен құттықтап және осы күн туралы мағлұмат берді: «Қазір барлық оқу орындарында тіл апталығы өтіп жатыр. Біздің де бүгінгі шарамыз осы мерекеге арналады. Шарамыздың басында біз сіздерге осы мереке туралы кішкене ақпарат бергіміз келеді. Бұл мереке 1989 ж. 22 қыркүйегінен бастап аталып өтіп келеді. Тіл - ұлттың мындаған жылдар бойы жинақталған рухани, мәдени  қорын, қазынасын ұрпаққа жеткізуші. Тілді бұзу әлгі қордан, қазынадан айырылу деген мағынаны білдіреді, - деп кітапханашы сөзін әрі қарай жалғастырып Елбасының соңғы жолдауындағы тілге қатысты үзіндіні келтірді.

Шара бойы оқушылар тіл туралы екі тілде өлеңдер оқыды. Тақырыпты пысықтау мақсатында екі тілде ойын-сайыс және үш тілде полиглот ұйымдастырылды.

 

2014 жылдың 19 қыркүйегінде аудандық кітапхананың оқу залында «Тілім менің тұғырым» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Мақсаты: Өзге тілді адамдардың  қазақ тілін білуге деген қызығушылығын қалыптастыру. Қазақстан халқын өз тілін құрметтеуге тәрбиелей отырып, өзге тілді үлгі тұту.

рисунокШараға Переметный ЖОББМ-ң 10 класс оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы А.Ахметжанова Қазақстан халықтарының тілдеріне тоқтала отырып, Жұмбақ әлемі, Керемет аудармашы, Викторина ойыны сияқты үш елге саяхат жасады.

Бірінші бекетте тіл туралы жұмбақтар болды. Переметный ЖОББМ оқушылары жұмбақтарды дұрыс әрі тез шеше отырып, өздерінің алғырлықтарын көрсетті.

«Керемет аудармашы» атты екінші бекетте балалар мақалдар мен сөздерді қазақша, орысша және ағылшын тіліне аударды. Бұл бөлімде балалар мақалдарды аударудан қиналды, бірақ жасырынған сөзді тауып жақсы көрсеткіш көрсетті.

Викторина ойыны бекетінде кітапханашы тіл мерекесіне қатысты 21 сұрақ қойып, оқушылар тіл туралы білімдерінің  жетік екендігін тағы дәлелдеді.

Шараны қорытындылау барысында кітапханашы Қазақстан халықтарының тілінің дамуына жаңа көзқараспен қарап, оның барынша жетілуіне өз үлестерін қосуға шақырды. Шара көздеген мақсатына жетті.                                                                                

Отбасылық оқуға байланысты ұйымдастырылған шаралар:

2014 жылдың 11 қыркүйегінде аудандық кітапхананың оқу залында отбасы күні мерекесіне орай өткен «Салауатты отбасы - салауатты ұлт» атты оқырман отбасы мерекесі өтті.

Мерекеге ең үздік оқырман отбасылар - Адиловтар, Искалиевтер және Мултаевтар шақырылды. Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Б.Ишкулова оқырман отбасыларды таныстыра отырып, олардың оқу тәжірибелерін  айтып өтті. Шара ең алдымен оқырман отбасылардың, Мултаевтардың «Любовь, книга и взаимопонимание -опора семьи и воспитания!», Адиловтардың   «Читать всегда, читать везде! Читать при солнце и луне!», Искалиевтардың «Читать - значить мыслить и творить!» - сынды  ұрандарымен басталды. Әр отбасының өкілі өздерінің жанұясындағы ортақ қызығушылықтары мен әуестенетін істерімен бөлісе отырды.

Әр жанұя ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқан өзіндік құндылықтарымен дараланады және оны мақтаныш санайды. Отбасындағы ең басты дәстүрдің бірі бұл - отбасылық оқу болып табылады.

Шара барысында К.Адилов пен Э.Л.Искалиева  жеке кітапханаларын қызықтыра таныстырса, Н.А.Мултаева «Золотой ключик» ертегісімен байланысқан отбасылық тарихын әңгімелеп берді.  Ал балалар болса ертегілер әлеміне саяхат жасап, әдеби сайыста өздерінің білімдерін көрсете білді.

Барлық қатысушыларды «Облака» әнімен К.Искалиев таң қалдырып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Ал, сайысқа қатысқан ең жас қатысушы Ч.Адилов (3 жаста) «Если был бы я девчонкой» деген өлең оқып, тыңдармандардың жүзіне күлкі ұялатты.

Мерекенің соңында аудандық ОКЖ директоры А.М.Бекмагамбетова барлық қатысушыларды отбасы күні мерекесімен құттықтап, сайыскерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.  Шараға 32 адам қатысты.

рисунок

А.С.Пушкиннің 215 жылдығына:

4 шілде күні  Зеленое ауылдық кітапханасында әйгілі орыс классигі А.С.Пушкиннің 215 жылдығына орай кітапхана түні болып өтті.

Шараға әртүрлі топ оқырмандар қатысты. Бөлме іші көз тартардай безендірілген. «Пушкиннің әлемдегі орны» атты кітап көрмесі қойылды. Сондай -ақ ауыл тұрғыны, кітапхананың тұрақты оқырманы И.Засухиннің салған керемет қызықты суреттерінен де көрме қойылды. Кітапхана меңгерушісі Е.М.Крапивина Пушкиннің өмірбаяны мен шығармашылығына шолу жасады.

Н.Услонцева, Т.Якобнюк, К.Якобнюк Пушкиннің шығармашылығынан мәнерлеп өлеңдер оқыса, А.Сундеткалиева сыған рөлін сомдап оқырмандарға карта ашып болашақтарына болжау жасады.

Келген оқырмандар да қарап қалған жоқ, берілген тапсырмалын әзірлеп келгендіктен бар өнерлерін ортаға паш етті.

Жақсы, тамаша ән, билер тамашаланды. Тұрақты оқырмандар Л.Услонцева, Р.Айтуганова біздің кітапханамызда осындай ғажайып шараның бірінші рет болып отырғанына таң қалып, басқада біз білмейтін шараның түрлері бола берсін деп тілектерін айтып жатты. Шара өте тартымды да қызықты өтті.

Кітап көрмесіне 10 кітап қойылды. Қатысқандар саны 27 оқырман.

 

рисунок

 

Спорт саласы бойынша ауданда атқарылған жұмыстар:

2014 жылдың 5 -ші шілдесінде Зеленый ауылында ауданның спорт ардагери Н.Гришинге арналган  волейболдан аудандык турнир өткізілді. Турнирге Зеленый, Переметный, Янайкин, Щапов командалары қатысты.

6-шы шілдеде Переметный ауылы «Олимп» стадионындаАстана куніне арналған тоғызқұмалақтан,дойбыдан,шахматтан,асықатудан,шағын футболдан жарыстар өткізілді.Бұл жарысқа 124 спортшы қатысты.

14-ші тамызда  Переметный ауылы Олимп стадионында Аудандық мемлекеттік қызметкерлер арасында Президенттік сынақ бойынша жарыс өтті.Жарысқа 93 адам қатысты.

17-ші тамызда Переметный ауылы «Олимп» стадионында«Спорт куніне» арналған Гір спорты,армрестлинг,асықату, тоғызқұмалақ,шағын футболдан жарыстар өткізілді.Жарысқа 232 спортшы қатысты.

30-шы тамызда Переметный ауылы Олимп стадионының спорт залында  ҚР - ның «Конституция куніне » арналған қазақша - куресі,шағын футболдан жарыс өткізілді.Бұл жарысқа 156 қатысушы қатысты.

 6-шы қыркүйекте Переметный ауылы  Олимп стадионында«Денсаулық фестивалі»куніне орай  Бұқаралық жеңіл атлетика,жүгіру,флэшмобтан жарыс өтті.Бұл шараға 1300 адам қатысты.

5-30шы қыркуйекте Ауылдық округтерде Аудан чемпионаты аймақтық жарыстар спорттың 7 турінен жарыстар өткізілді.I -кезең - 22 ауыл округі.Бұл жарысқа 440 адам қатысты.

11-ші кыркуйекте Переметный ауылындағы мәдениет үйінің спорт залында аудандық «Спорттық отбасы» конкурсы өтті. Бұл конкурсқа 4 команда қатысты. Атап айтқанда: Железнов,Переметный 2,Белес командалары.

20-шы қыркүйекте Янайкино ауылындамемлекеттік қызметкерлер мен азаматтық қызметкерлер арасындашағын футболдан, спорттық балық аулау  жарыстарыаталып өтті.Жарысқа 50 қызметкерлер қатысты.

23-ші қыркүйекте Переметный ауылының  аудандағы спорт саласына орасаң зор үлес қосқан азаматтар А.Любавин. А.Тереховті еске алуға арналған футболдан турнир өтті.Турнирге 5 команда қатысты: Орал қаласынан 2 команда, Переметный ауылынан 2 команда, Казталов ауданынан 1 командасы.

 

26-шы қыркуйекте  Переметный ауылындағы«Олимп» стадионында  ауданның мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аудандық спартакиада өтті.Спартакияда 90 спортшы қатысты.Олар Трекин,Дариян, Белес,Мичурин,Переметный, Раздольный, Янайкин ауылдык округтерінен.