Мәдени- демалыс орталығы

Мәдениет-адамзатқа тән рухтың асқар шыңдарына шақыратын мәңгілік күштердің өшпес жалыны мен сөнбес сәулесі. Мәдениет пен өнердің өркен жаюы қоғамның берекелі бірлігінің, ынтымағының көрінісі. Көші ілгері озған халықтар әлеуметтік әлеуетімен ғана емес, өнегелі өнерімен де мақтана алатыны бесенеден белгілі. «Мәдениет-қазіргі заманғы адамды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін әлеуметтік жаңғырудың маңызды бөлігі болып табылады» деп Елбасы Н.Ә Назарбаевтың  осынау түйінді сөзі  мәдениет пен өнер саласы қызметкерлеріне айтарлықтай міндеттер жүктейді.Бүгінде өңірімізде заман ағымына қарай ел мерейінің артып, халық мәдениетімен  өнерінің кеңге құлаш сермеуіне  өнер ұжымдары мен мәдениет қызметкерлері сүбелі үлес қосып келеді. Бүгінгі күні ауданның 36 ауылында  мәдениет мекемелері қызмет атқарады. Олар:

- 1 аудандық мәдениет үйі /Переметный ауылы/,

- 2 ауылдық мәдениет үйі / Дариян мәдениет үйі, Калинин Достық үйі/,

- 33 ауылдық клуб

- 1 «Жеңіс» кинотеатры /Переметный

-7киноқондырғылар. /Дарьинск,Рубежин,Чиров,Январцев,Железнов,Трекин, Шалғай/

Аталмыш 36 мәдениет ошақтардың 8-і бейімделген ғимаратта орналасса Карпов а/к, Макаров а/к, Достық а/к, Погодаев а/к, Чапурин а/к, Забродин а/к, Щапов а/к, Чеботарев а/к, ал 28-і типтік ғимаратта орын тепкен. 29мәдениет ошақтарында газ құбыры өткізілген, 7 ауылдық клубы отпен жағылады. Олар: Карпов а/к, Таловая а/к, Қаражар а/к, Забродин а/к, Чапурин а/к, Факел а/к, Макаров а/к, Рубежин а/к. Бүгінгі күнде аудандық мәдени-демалыс орталығының  36 мәдениет мекемелерінде 202 клубтық құрылымдар /үйірмелер, көркемөнерпаздар ұжымдары, ұлттық- мәдени бірлестіктері/ қызмет атқарады. Оларға қатысушылар саны - 1 326 адам.

Клубтық құрылымдардың ішінде 3 ұжымның «Халықтық» атағы бар .

- «СКИФЫ» ВАА   - жетекшісі Асылбек Измуханов./Переметный АМҮ/

- « Дарьюшка» би ұжымы  - жет-сі Лидия Сгибнева/Дарьинск МҮ/

-  «Шежіре» фольклорлық ансамблі  - жет-сі Асқар Құсайнов.

Ауданымыздың мәдени дамуын арттыру,өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеуде мәдениет қызметкерлерінің еңбегі ерен. Күні бүгін МДО халықтың бос уақытын тиімді пайдаланып, ауыл тұрғындарына кең ауқымды әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырып қызмет ететін -117 мәдениет қызметкерлері бар. Екінші тоқсанның басында МДО 24  мәдениет мекемелерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық» фестивалі аясында   ауданымыздың барлық мәдениет ошақтарында «Бейбітшілік пен келісімнің  жол картасы» мега-жоба бойынша концерттер оздырылды. Осы тақырыпта  сәуір айында зеленовтар Тасқала ауданының делегациясын қарсы алды. Бағдарламада: волейболдан жарыс,ұлттық мәдени-бірлестіктерінің көрмелері,концерттік бағдарлама. 30 сәуір күні облысымыздың барлық аудандарында өткен мега-жобаны Зеленов ауданы Орал қаласында қорытындылады. Сол күні Салтанат сарайында «Қазақстан халқы ассамблеясы - бейбітшілік пен келісім негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Жастар мәдениет үйінде халықтық қолданбалы өнердің көрмесі ұйымдастырылды. Мереке ауданның шығармашылық ұжымдары және түрлі этностардың концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ауданымызда тұратын 40 астам өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу, халықтар достығын, бірлігін сақтау мақсатында

рисунок

1- 2 мамыр -ҚР халықтарының бірлігі күніне арналған  «Ынтымағы жарасқан туған ел!» атты мерекелік шара оздырылды. Мәдениет ошақтарында «Достық, бірлік, ынтымақ» атты  кездесулер, дөңгелек үстелдер өтті. Балалар шығармашылығын қолдау, жаңа жас талант иелерін анықтау мақсатында  ауданда «Балдәурен» аудандық фестивалі оздырылды. Байқауға 24 а/о 80 қатысушы қатысты. Жеңімпаз атанған хореография номинациясы бойынша «Дарьюшка» би ансамблі,  вокал номинациясынан Толғанай Саламатқызы  облыстық байқауда 3- орынға иеленді.

рисунок 

1 маусым -Дүниежүзілік  балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан, біз сенің балаларыңбыз!» атты атты бүкілқазақстандық акция барысында «Балғын балалық шақтың қос балапаны» ,дәстүрлі түрде өтетін «Мисс Дарьиночка», «Мисс сельчаночка», «Кішкентай ханшайымдар» атты байқаулар оздырылды.Мәдениет ошақтарында «Армысың, ару күн!» атты сурет, қолөнер көрмелері оздырылды, «Ертегілер әлемі», «Қуыршақ театры»,  спорттық жарыстар, мерекелік концерттер оздырылды, мультфильмдер, кино фильмдер көрсетілді.

рисунок 

ҚР Отан қорғаушылар күніне МДО мәдениет ошақтарында «Еліміздің сарбаздары» атты кездесу кештері, «Сегіз қырлы ,бір сырлы» байқауы, мерекелік концерттер өз мәресіне жетті. Ұлы Жеңіс мерекесі барлық ауылдық округтерде кең ауқымды өтті  «Ерлік істер ел есінде!» атты мерекелік концерттер,ардагерлермен кездесу,митингілер, жастар мен оқушылардың «От алауы» шеруі ұйымдастырылды. Ардагерлер шығармашылығынан аудан орталығында «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты аудандық байқау оздырылды.Жеңімпаз атанған вокал номинациясы бойынша «Калинушки» вокал тобы, Марат Искалиев, көркем сөз ном-сынан Александра Колпакова тамыз айында өтетін облыстық байқауына жолдама алды.  21 мамыр «Өнер және мәдениет қызметкерлері күніне» арналған Дарьинск мәдениет үйінде МДО қызметкерлеріне арналған  мерекелік шара оздырылды. 1 бөлімде- үздік мәдениет қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды, көп жылдары осы салада қызмет етіп зейнетке шыққан қызметкерлерге  сыйлықтар табыс етілді. 2 бөлім- концерттік бағдарлама, 3- бөлім табиғат аясында демалыс кешімен жалғасты.

рисунок

рисунок

22 мамыр Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен мәдениет қызметкерлеріне арналған мерекелік шарада АМДО әдіскері Намазова Амангүл облыс әкімінің алғыс хатымен және Красноармейск ауылдық клубының меңгерушісі Мақсот Уртанбаев облыстық мәдениет басқармасының бастығы А.Батырхановтың  Алғыс хатымен марапатталды.31 мамыр    күні 26 мәдениет ошақтарында «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» кештері , дөңгелек үстелдер, митингілер  өтті.ҚР мемлекеттік рәміздері күні барлық мәдениет ошақтарында аталып өтілді. Аудан орталығында мереке салтанатты жиынмен басталып, ауыл жастарының вело шеруімен жалғасып , «Елімнің еңсесі -Рәміздерім!»атты мерекелік концертпен аяқталды. 7 сәуір күні Самара қаласында  Халықаралық «Расцвела под окошком белоснежная вишня» атты орыс халық әндері фестивалі оздырылды. Зеленов ауданының атынан «Достық-Дружба» ансамблі лауреат атанып келді. 12 маусым күні орал қаласында « Ғасырлар үні» атты облыстық фольклорлық ансамблдер байқауы оздырылды. Ауданымыздан қатысқан «Шежіре» фольклорлық ансамблі 2 орынға ие болды.

рисунок 

24 маусым күні орал қаласында ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші-композитор Ескендр Хасанғалиев әндерін орындаушылардың VІІ Халықаралық  «Атамекен» ән фестиваліне ауданымыздан Жекеков Ақан өнер көрсетіп дипломант атанды.Маусым айының соңғы демалысында жастар күніне арналған МҮ орталық алаңында Би кеші оздырылды.. МДО Ақылы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында барлық  мәдениет ошақтарында жұма, сенбі, жексенбі күндері ауыл тұрғындарына арналған ақылы «Ретро әндер», «Дискотека кому за 40», «Сағындырған әндер-ай», «Сол бір кеш», «Көгілдір от», «Ах, этот вечер» кештері ,Дискотека, Би кештері, Ойын-сауық кештері оздырылып тұрады.Мемлекеттік тапсырыс және ақылы іс-шаралар жоспары бойынша.

2014 жылдың жартыжылдығында қол жеткізген жетістіктерімізде аз емес.Кеңес әскерлерінің ауғанстан елінен шығарылғанына 25 жыл толу құрметіне Орал қаласында өткен «Ауғанның от-жалыны» атты облыстық  патриоттық ән-байқауында Жекеков Ақан лауреат атанды. «Балдәурен» облыстық балалар шығармашылығы байқауында хореография номинациясы бойынша  «Дарьюшка» би ансамблі 3- орын, вокал номинациясы бойынша Саламатқызы Толғанай 3 орынға иеленді.мамыр айында өткізілген «Поэзия, менімен егіз бе едің» атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған облыстық жазба ақындар байқауында Лұқпанова Жеміс Темірғалиқызы 1- орынға иеленді. Сәуір айында Тольяти қаласында өткен «Расцвела под окошком белоснежная вишня» атты орыс халық әндері фестивалінің іріктеу кезеңінен «Достық-Дружба» ансамблі 7 маусым күні Самара қаласында өткен Гала-концертте өнер көрсетіп лауреат атанды. 12 маусым күні Орал қаласында өткен «Ғасырлар үні» атты  облыстық фольклорлық ансамблдер байқауында ауданымыздың намысын қорғап барған Халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблі 2 орынға ие болды.

МДО  II тоқсанында өткізілген іс - шаралар саны - 1 045

Іс-шараларға қамтылған көрермендер саны - 60 540

Бірінші жартыжылдықта өткізілген жалпы  шаралар саны-1 735

Көрермен саны - 90 240

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында кітапхана мәдени-көпшілік қызметін еліміз бойынша өтіп жатқан «Бір ел -бір кітап» акциясы аясында С.Мұратбековтың "Жусан иісі", "Басында Үшқараның" шығармаларын насихаттауға, кітап оқу, оқуды ілгерілету бағытында, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне,  қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылардың мерейлі жастарын атап өтуге, салауатты өмір салтын насихаттауға эстетикалық тәрбие беру, мемлекеттік және кәсіби мейрамдарға арналып өткізілді.

«Бір  ел- бір  кітап» акциясы  аясында С.Мұратбековтың  «Жусан  иісі»  және  «Басында Үшкараның» шығармаларын    насихаттау мақсатында әр түрлі шаралар әр кітапханада өтуде.

10 сәуірінде аудандық кітапхана ұжымы акция аясында «Егер бұл кітапты әлі оқымасаңыз, онда біз сізге барамыз» деген ұранмен Зеленов аудандының Переметный, Калинин ауылдарындағы мекемелер мен оқу орындарын аралап, мобильді акция өткізді.

Акция барысында С.Мұратбековтың «Жусан  иісі»  және  «Басында Үшкараның» шығармалары қазақ және орыс тілінде қағазға шығарылып, 77 кітапша таратылды.

рисунок 

1 мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай күндері Новенький мен Белес ауылдық клубтары бірігіп, «Ынтымағымыз-ырысымыз» тақырыбында мерекелік кеш, Дариян ауылдық модельді балалар  кітапханасы «Бірлік - бақытқа  бастайтын  дара  даңғыл" мерекелік шара, Январцев ауылдық кітапханасы мен мәдениет үйінің ұйымдастыруымен  «Достық» фестивалі өткізілсе,   Рәміздер күніне Январцев ауылдық кітапханасында «Елтаңбам-елдігім, Туым теңдігім!» атты тақырыпты кеш  өтті.

Биыл адамзат тарихындағы ең бір үлкен апат Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстың болғанына 28 жыл толуына аудандық кітапханада Чернобыль апатын еске алу күніне орай "Қасіретке айналған алапат жарылыс" атты дөңгелек үстел,  25 сәуір күні Дариян ауылдық кітапханасында Чернобыль апаты салдарының жоюға қатысқан Юрий Михайлович Малюганың қатысуымен кездесу болып өтті.

рисунок

Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай Белес ауылдық кітапханасы «Жеңіс -біздің ұрпақтарымыз!» атты кездесу кеші,  5 мамырда аудандық кітапхана мәдениет үйі қызметкерлерімен бірігіп қарттар үйіне барып, мәдени шара өткізді.

рисунок 

2014 жылдың 6 мамырында аудандық кітапхананың оқу залында 9 мамыр Жеңіс күніне және 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған үш ұрпақ өкілдерінің қатысуымен "Ұмытылмас ұлы ерлік" тақырыбында мерекелік кеш өткізіп,  шара соңынан «Ұмытпаймыз, мақтанамыз!» атты акциямен ҰОС ардагері А.И.Жукиннің үйіне барып құттықтап, сыйлық табысталды.

2014 жылы 10 сәуір күні тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жыл толуына  арнап Дариян ауылдық кітапханасында «Тарихтың әр парағы қымбат бізге» тақырыбында кездесу болып өтсе,  24 сәуір күніЖелезнов және Новенький ауылының кітапханашылары, клуб қызметкерлерімен бірлесіп, тың жерлерді игерудің 60 жылдығына байланысты "Туған жер менің тұғырым" атты мерекелік шара өткізілді.

рисунок 

23 сәуір күні Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында аудандық кітапхана ұжымы ауыл көшелеріне шығып «Аудандық кітапхана қайда екенін білесіз бе?» атты либмоб өткізсе, Калинин ауылдық кітапханасында "Әдебиет -халықтың рухани байлығы" атты кітап оқуды насихаттау мақсатында тағылымды кеш болды, Дариян ауылдық кітапханасында Дүниежүзілік кітап күніне орай  «Кітап - сарқылмас рухани қазына»  атты  ашық есік күні болып өтті.

рисунок

Зеленов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 23 мамырда Мәдениет және өнер қайраткерлері күніне арналған «Кітапхана түні-2014» интеллектуалдық бос уақытты ұйымдастыру әлеуметтік - мәдени акциясын өткізді.

26 маусым күні «Кітапханалардағы көпшілік және көрнекілік жұмыс» тақырыбында аудан кітапханашыларының онлайн семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға Зеленов, Сырым, Ақжайық, Жаңақала аудандарының ОКЖ-сі кітапханашылары қатысты.

Мемлекеттік тілді дамыту

1. Аудан азаматтарына мемлекеттік тілді тегін үйрету курсы өз жұмысын жалғастыруда. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы және «Бизнес Қауымдастық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп, Переметный және Дариян ауылдарында қазақ тілін үйрету курстары маусым айынан, қазан айына дейін жалғастырылады.  Жалпы 50 тыңдаушы қамтылып отыр.

2. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Орал қаласында үстіміздегі жылдың шілде айының 16 күні «Достығымыз жарасқан» атты Ұлттық-мәдени Орталықтар арасында фестиваль оздырылды. Аталмыш шараға Зеленов ауданынан «Достық-Дружба»  ансамбілі қатысып, алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.

рисунок 

3. Үстіміздегі жылдың мамыр айында  облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың поэзиясына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты жазба ақындар байқауына ауданымыздан Қасым аманжолов атындағы ЖОББ мектебінің ұстазы Лұқпанова Жеміс Темирғалиқызы қатысып, жүлдері 1 орынды иеленді.

Спорт саласы бойынша

  1. 4 сәуір- Қазақстан Республикасы президентінің  жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» атты қазақ күресінен аудандық турнир  өткізіліп, 125 адам қатысты.
  2. 17- сәуір- БЖСМ спорт залында Ұлы Отан Соғысы ардагері, полиция полковнигі Кожекенов Салімгерей Қожекенұлын еске алуға арналған волейболдан аудандық турнир өткізілді.  Осы турнирге   48 спортшы қатысты.
  3. Сәуір -мамыр айларында IX-шы аудандық жазғы спартакиадасының  8 аймағы бойынша іріктеу кезеңдері өткізілді. Оған 1100 адам қатысты.
  4. 1 мамыр- Переметный ауылында Грек-рим күресінен спорт шебері Пономарев Алексей Викторичтің  жүлдесіне арналған самбодан ашық аудандық турнир өткізілді. 84 адам қатысты.
  5. 5.8-11 мамыр - Қ. Аманжолов атындағы ЖОББМ-де Каратэ-додан  Республикалық турнир өткізілді. Турнирді аудан әкімі К. Жакупов пен Қазақсатан Республикасының   спорттық  Каратэдан президенті   Н.Рыскұлов ашты.  Қостанай, Көкшетау, Тараз, Алматы, Самара, Саратов, Орал қалаларының командалары бақ сынысты. 112  спортшы қатысты.
  6. 5-7 маусым - Орал қаласында өткен Мемлекеттік қызметшілер күніне  арналған облыстық спартакиадада Зеленов ауданы құрама командасы    І орын иеленді. 45 қызметші қатысты. Кубокпен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
  7. 12-14 маусым- Мичурин ауылында спорттың 12 түрінен (волейбол, футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, президенттік көпшілік сайыс,  қазақша күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, шашка, гір спорты, армрестлинг )  IX-шы аудандық жазғы спартакиада өткізілді. Аталған жарыстарда 600 адам бақ сынасты.
  8. 27 маусым- Переметный ауылында ардагерлер арасында спорттың   9 түрінен ІІІ аудандық  спартакиада өткізілді. І орынды Янайкин ауылы иеленді.