Аудандық мәдени-демалыс орталығының 22 мәдениет ошақтарында 7 қаңтар - Рождество мерекесіне арналған ақылы «Сыйқырлы кездесу», «Рождестволық кеш» мерекесі оздырылды.13 қаңтар күні «Ескі Жаңа жылды қарсы алу», «Здравствуй Старый Новый год» атты ойын-сауық бағдарламасы оздырылды.Ұлттық өнерімізді дәріптеу, насихаттау мақсатында 18 ауылдық клубында  ҚР халық әртісі Ғ.Құрманғалиевтың 105 жылдығына арналған « Даланың дарынды баласы» атты саз кештері,тақырыптық  кештер өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Республикасынан шығарылуына 25 жыл толу құрметіне аудан орталығында « Ауғанның от-жалыны» атты патриоттық ән-байқауы өтті. Байқауға 18 ауылдық округтен 19 үміткер қатысты.Байқау қорытындысы бойнша облыстық ән-байқауына Жекеков Ақан /Переметьный/ жолдама алды. МДО  мәдениет ошақтарында «Есімде Ауған елі» атты тақырыптық кештер, кездесулер, аудан орталығында  «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ардагерлерге арналған салтанатты шара оздырылды. Мерекеге Зеленов ауданы бойынша 45 Ауған соғысының ардагерлері және жауынгер- интернационалисттер қатысты.Шара барысында слайд арқылы Ауған жерінде құрбан болған жерлестеріміз туралы бейнебаян көрселіп, ауған әндері шырқалды.Ауған ардагерлеріне мерейлі төсбелгі және куәліктер табыс етілді. Ақпан -наурыз айларында МДО 24  мәдениет мекемелерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық» фестивалі аясында  «Бейбітшілік пен келісімнің  жол картасы» мега-жоба бойынша концерттер оздырылды.Мақсаты: Ауданымызда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін құрметтеу, халықтар достығын, бірлігін сақтау, тәжірибе алмасу .

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  «Бір мақсат, бір мүдде, бір  болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау,МДО  2014 жылға арналған жылдық жоспарын талдау мақсатында  сәуір айында мәдениет қызметкерлерінің бас қосуы өтті. 2 наурыз күні МДО мәдениет ошақтарында «Прощай Масленица», «Гори,гори Масленица»  атты халық серуені оздырылды.Мереке барысында театрландырылған көріністер көрсетіліп, сайыстар ұйымдастырылды, әндер шырқалды. Наурыз айының басында Елбасының Жолдауында бастау алған « Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдау мақсатында  жастар арасында патриоттық акция ұйымдастырылды. Халықаралық әйелдер күніне арналған 36 мәдениет ошақтарында  « Гүл сыйлайық  әйелге» атты мерекелік концерттер», «Пою о вас...» атты ақылы Көгілдір от кештері, «Әйел,Ана -әлемнің нұры» атты ақылы демалыс кештері, «Бұрымды қыз» , «Ене мен келін» байқаулары оздырылды. 14 наурыз-Көрісу айт мерекесі МДО барлық мәдениет ошақтарында атап өтілді.Аудандық мәдениет үйінде  мекемелер арасында бата беру байқауы оздырылды.Шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып ,«Шежіре» фольклорлық ансамблі мен «Ақ ниет» әжелері ән-күйлерімен көрерменге тамаша көңіл күй сыйлады.Байқауға қатысушылар «Наурыз бата», «Халықтық бата», «Той батасы», «Дастархан батасын» әсерлі жеткізіп,театрландырылған көріністер арқылы игі дәстүрімізді айшықтай түсті. «Қош келдің, әз Наурыз!» атты Наурыз мерекесін биыл аудан тұрғындары ерекше салтанатпен қарсы алды. Ұлысымыздың ұлы тойында Ресей Федерациясы Орынбор облысының Первомай және Ташла аудандарынан, Саратов облысының Озинки, Перелюб, Самара облысының Большечерниговауданынан арнайы келген делегация құттықтай келді.Мерекенің 1 бөлімі салтанатты түрде өтті. Екі  елдің достығын сақтау, тәжірибе алмасу мақсатында 2014 жылға арналған біріккен түрде өткізілетін іс-шаралар жоспарына аудан басшылары қол қойды. 2 бөлім мәдениет үйінің сахнасында түрілді.

Қазақ ауылының тамаша көрінісі мен ауыл жастарының әдемі әзілі, қыз-жігіттердің шебер ойластырылғын мағыналы өнер сайысы көрермен көңілін дүр сілкінтті. Мерекенің 3 бөлімі орталық алаңда театрландырылған көрініспен  жалғасты . Құрылған киіз үйлердің ішінде дастархандар жайылып, алаңда ұлттық ойындар ойнатылып, қазан көтеріліп, алтыбақан керілді.Мерекеде қазақ  эстрадасының жұлдызы Бейбіт Қорған жұртшылыққа әннен шашу шашты. Кешкі уақытта ауыл жастарына  арналған  ойын-сауық кеші оздырылып, от шашу шашылды. Осындай Наурыз тойы  ауылдық округтердің барлық мәдениет мекемелерінде кең ауқымды  өтті.

Жылдық жоспарға сай  «Жеңіс» кинотеатрында  «Діни экстремизм мен терроризм» атты мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Мақсаты: оқушыларға қазіргі қоғамдағы мәдениетке,өркениетке қарсы ұйымдар, олардың кері әсері туралы ақпарат беру,теріс діни ағымдардан аулақ болуға үйрету.Рубежин а/к жасөспірімдер мен жастарға арналған  «Діни экстремизмге жол жоқ» атты дөңгілек үстел өтті. Шара барысында баяндама оқылып, анкета жүргізілді.  Зеленый а/к  «Борьба с терроризмом» атты жастармен, жасөспірімдермен кездесу кеші өтті. Шара барысында  слайдтан бейнебаян көрсетілді. Мақсаты: Жастардың бойында экстремистік көзқарастар мен іс-әрекеттерге қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыру. МДО Ақылы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында барлық  мәдениет ошақтарында жұма, сенбі, жексенбі күндері ауыл тұрғындарына арналған ақылы «Ретро әндер», «Дискотека кому за 40», «Сағындырған әндер-ай», «Сол бір кеш», «Көгілдір от» , «Ах, этот вечер» кештері ,Дискотека, Би кештері, Ойын-сауық кештері оздырылып тұрады.Мемлекеттік тапсырыс және ақылы іс-шаралар жоспары бойынша МДО 1 тоқсанында өткізілген іс-шаралар саны - 690

Іс-шараларға қамтылған көрермендер саны - 29 700 адам 

Зеленов аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.

ОКЖ кітапханалар торабы 56 кітапхананы құрайды. Кітапхана қызметімен 21558 оқырман қамтылып, 202126 дана кітап таратылды.  Пайдаланушылардың  кітапханаға  қатынасуы  60140. Кітапханаларда 509 көпшілік мәдени шара өткізіліп, оған 8653 оқырман қатысты.

ОКЖ-нің кітап қоры 758156 дана, оның мемлекеттік тілдегісі 117356 дананы құрайды. Үш айда 3251, мемлекеттік тілде 2883 дана әдебиеттер түсті. Жаңадан түскен әдебиеттер құны -4124307 т.34т.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын насихаттауда  ОКЖ-нің  барлық  кітапханаларында «Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы», «Ортақ мақсат, бір мүдде»,  «Ұлттық идеямыз - Мәңгілік ел»,   «Жолдау жаңа өмірге жол бастайды», «Жолдаудың сөзі - өмірдің өзі», «Елбасы Жолдауы -халықтың қолдауы», «Келешектің кемел жолы»  деген тақырыптарда  кітап көрмелері ұйымдастырылып, талқылау, әңгіме, дөңгелек үстелдер өткізіліп кеңінен талқыланды.

рисунок

 

2014 жылдың 31 қаңтарында Новенький-1 ауылдық кітапханасында  «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай «Елімен бірге» тақырыбында кездесу өткізілді. Шараның мақсаты: жасөспірімдердің патриоттық сезімдерін арттыру, жаңа партия Доктринасы және Елбасының жолдауымен таныстыру.

20 ақпан күні Железнов және Новенький ауылының кітапханашылары Д.М.Табылдиева, Д.С.Досмухамбетова Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысын халыққа кеңінен көрсету мега-жобасымен тәжірибе алмасу бағытында Егіндібұлақ ауылына барып, "Бейбітшілік пен келісім жол картасы" атты дөңгелек үстелін ұйымдастырып өткізді. Шараға ауылдық округ әкімі аппараты мамандары, мектеп мұғалімдері, мәдениет қызметкерлерінен барлығы 12 адам қатысты.

«Бір ел -бір кітап» акциясы:

«Бір ел-бір кітап»  акциясы бойынша С.Мұратбековтың «Жусан исі», "Басында Үшқараның" шығармаларын насихаттау бағытында Дариян ауылдық  және Зеленый ауылдық кітапханаларымен тікелей онлайн жүйесі арқылы «Азамат жазушы, арлы жыршы» деген тақырыпта онлайн - конференция өткізілді.

рисунок

8 Наурыз -халықаралық әйелдер күніне орай аудан кітапханаларында «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», «Әлем әйелдермен әсем», «Өмірдің нұры  - өздерің», «Қайран біздің аналар арды ойлаған», «Ана- өмірдің шуағы» т.б. тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылып,  аудандық кітапханада «Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық» атты сазды- композиция кеші өткізілді. Бұл шараға аудандық кітапхана оқырмандары мен зейнеткер әріптестеріміз шақырылды.

рисунок 

Наурыз мейрамына байланысты ауылдық кітапханаларда «Наурыз -сүйіспеншілік, жаңару және бірлік мезгілі», Бақ-берекем, құт - мерекем -Наурыз «Наурыз-адам мен табиғаттың үндестігі», «Армысың, әз Наурыз»,  «Наурыз  - өмірдің салтанаты», «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын», «Наурыз келсе, құт келеді», «Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем!», т.б. тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылды.

2014  жылдың  16 қаңтарында аудандық кітапханада «Оқырман жастар - ұлттың үміті» жобасы аясында,   «Елім менің» атты интеллектуалдық - танымдық  ойын - сайысы оздырылды.

Ойынның мақсаты:  Жастарды еліміздің тарихын,  халқымыздың әдет-ғұрып, салт - дәстүрін сақтап, туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетуге белсенді жастардың  керек екенін ұғындыру.

Ойын барысында тілге, тарихқа, салт- дәстүрге  қатысты әртүрлі сұрақтар қойылып, сайыскерлер бір-біріне дайындап келген көнерген сөздерін жасырды. Сонымен қатар, жанды музыкалық аспаптың үнімен жасырылған  әуендерді тауып, қосыла шырқап,  өз өнерлерін ортаға салды.

рисунок 

Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттыру, Отан үшін отқа түсіп, қыршыннан қиылған, жат жерде көз жұмған қандастарымызды еске алып, ерлігін үлгі ету мақсатында Зеленое ауылдық кітапханасында «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты  дөңгелек үстелі, Достық ауылдық кітапханасында "Алыс та жақын Ауғанстан" атты кездесу кеші,  Новенький ауылдық кітапханасында "Ауғаннан ескен жалын" атты тақырыпты кеш Дариян және аудандық кітапхана қызметкерлері мәдениет үйі ұжымымен бірігіп «Ауғанның асуында от кешкендер» атты әдеби-сазды кешін өткізді. Шараға қатысқан ауған жауынгерлері болашақ ұрпақты татулыққа, мейірбандылыққа, жауапкершілікке, Отанды сүюге  тәрбиелей отырып, ауған соғысында құрбан болған жауынгерлерді есте сақтап жүруге шақырды.

рисунок

Ғ.Құрманғалиевтің 105 жылдық мерейтойына  орай Үлкен Шаған ауылдық кітапханасында жерлес әнші, композитор Ғ.Құрманғалиевтің 105 жылдық мерейтойына орай «Дара қасиетті тұлға» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Мерекелік шараға мектеп оқушылары және мұғалімдер шақырылды. Барлығы 34 адам қатысты. Шара Т.Айбергеновтің Ғ.Құрманғалиевке арналған жыр шумақтарымен басталып, әншінің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы  мәліметке ұласты.

рисунок

Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына:

Қазақтың біртуар ұлы, суретші Әбілхан Қастеевтің өмірі, қызметі, артына қалдырған мол мұрасы туралы оқушылардың білімін молайту және әстетикалық тәрбиелерін жетілдіру мақсатында Зеленый ауылдық кітапханасында «Қылқалам шебері» атты өнер сабағы,  Раздольный ауылдық кітапханасында "Әсемдік әлемінде" атты сазды поэтикалық кеш өткізілді.

Шараға «Қылқалам шебері» атты кітап көрмесі шығарылып, Қастеевтің кітапханада бар кітабы мен суреттері қойылды.

"Қауіпсіз Интернет" апталығы бойынша Үлкен Шаған ауылдық кітапханашысы  мектеп оқушыларымен «Интернеттегі балалар» атты тақырыптық әңгіме өткізді. Мультимедиялық кабинетте өткізілген шараға 8-11 сыныптардан барлығы 60 оқушы қатысты.

рисунок 

2014 жылдың 7- ақпанында аудандық кітапхананың кітапханашысы  А.Б. Ахметжанова  «Қауіпсіз интернет» апталығы аясында Переметный ЖОББМ- ң 10 сынып оқушыларымен оқушылардың дүниетанымына интернет желісінің әсерін, пайдасы мен зиянын түсіндіру мақсатында «Интернеттің пайдасы мен зияны»  туралы  ақпарат сағатын өткізді.

Кітапханашы бүгінгі таңда интернеттің тиімді жақтары қандай болса, зияны да сондай зор екенін айта отырып, оқушыларға интернет желісіне тәуелділіктен сақтанып, өздерінің  іс-әрекеттеріне абай болуы  үшін түрлі тренинг ойындарын өткізді.

рисунок 

Көркем әдебиетті насихаттау

Ф.Оңғарсынованы еске алу мақсатында 2014 жылдың 5 ақпанында аудандық кітапханада Фариза Оңғарсыноваға арналған «Әр санада Фариза» атты еске алу кеші өткізілді. Кешке кітапхана оқырмандары, мектеп, Зеленов колледжі оқушылары мен кітапханашылары, БАҚ тілшілері, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Переметный ауылдық әкімшілігінің мамандары қатысты.

Еске алу кеші «Өлең мен сені аялап өтем» атты бейнебаянмен ашылды. Кітапханашы кештің мақсатымен таныстыра отырып, Фариза ақынды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Шара барысында Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы, азаматтық тұлғасы сөз болып, өлеңдері оқылды.

Шара соңында жүргізуші М.Ө.Каримова «Мәңгі өшпес жыр-Фариза» атты кітап көрмесімен таныстырды.

рисунок

11 ақпан күні Достық ауылдық каітапханасы мен мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен М.Мақатаевты еске алып, ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына тағы бір мәрте орала отырып, жас оқырмандардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Поэзия Хантәңірі" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.

рисунок

Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы слайд арқылы көрсетіліп тұрды. Оқырмандар ақын өлеңдерін жатқа оқып, мектеп оқушылары ақын өлеңіне жазылған әндерін нақышына келтіре орындап, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан көрініс көрсетілді.

Шараға 42 оқырман қатысты.

 

Зеленый ауылдық кітапханасында Зеленов ауданының құрылғанына 75 жыл толуына орай «Ауылым - тал бесігім» атты жур-фикс болып өтті. Шара ауыл қызметкерлерімен кездесіп, олардың өз ауыздарынан туған жер туралы, ауыл адамдарының еңбектері туралы естіп,  жасөспірімдерге тәрбие, өнеге беру мақсатында ұйымдастырылды.  Шараға 7-11 сынып оқушылары, ауылшаруашылық еңбеккерлері, зейнеткерлер қатысты.

Қатысқандар саны 24 адам.

Тың және тыңайған  жерлерді игерудің  басталғанына 60 жыл  толуына орай  4 наурызда аудандық кітапхананың оқу залында  «Тыңды бағындырған тағдырлар» атты тарихқа саяхат өтті. Мақсаты: оқушыларымызды еліміздің өткеніне қызығушылықпен қарап,  тың және тыңайған жерлерді игеру тарихымен таныстыру,  толеранттылық  қарым -қатынасты қалыптастыру  және еңбек ерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Алғашқы тың игерушілер  В.П.Зленко, И.А.Иваненко, В.Я.Хуртин, аудандағы мекеме  жетекшілері  мен бас мамандары, еңбек ардагерлері мен Переметный ЖОББ мектептің 10 сынып оқушылары барлығы 47 адам қатысты.

рисунок

 

Спортты дамыту.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының 17-18 аралығында Переметный, Дариян ауылдарында Президенттік көпсайыс өтті. Сайысқа 59 адам қатысты.

Қаңтар айының 21-де дарьян ауылында Самбо өтіп,  бұл шараға 39 спортшы қамтылды.

23 қаңтар күні Мичурин ауылында Греко - рим күресі өткізіліп, 117 адам қатыстырылды.

27 қаңтар күні Үлкен Шаған ауылында Қазақ күресі сайысы өтіп, 53 адам қатысты.

Наурыз айының 13 күні переметный ауылында Каратэ өткізіліп, 87 адам қатыстырылды.

22 наурыз «Ұлыстың ұлы күніне орай переметный ауылында волейболдан турнир өткізілді.Шараға 48 адам қатысты. Сонымен қатар аталған мереке қарсаңында Переметный ауылында келесі бұқаралық спорт шаралары өткізілді қазақ күресі, асық, тоғызқұмалақ, гір спорты, армрестлинг, арқан тартыс, дойбы

Шаралаға150 - ден астам адам қатысты.