Заңды тұлғаның (мекеме) толық атауы: «Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Зеленов аудандық мәдени - демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Мекен жайы: Батыс Қазақстан облысы, зеленов ауданы, Переметное кенті,  

Гагарин көшесі, 60 А индекс 090600

Жолбаев Мұратжан Ығылманұлы

 

жұмыс тел: 23 - 134,

 

Мекеме қызметінің негізгі бағыттары: Кәсіпорынның негізгі қызмет мәсіні мәдениет саласында өндірістік - шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады:

ұлттық - мәдени салт - дәстүр мен әдет ғұрыпты жаңғырту, сақтау, дамыту;

- мәдени - көпшілік шаралар арқылы тұрғындардың мәдени - демалысын ұйымдастыру;

- кинофильмдерді насихаттау және жарнамалау жөніндегі шараларды іске асыру;

- көркемсуретті, ғылыми - көпшілік және оқу фильмдердің кинобейнелік көрсету;

- киноклубтар (жылжфмалы кино) жұмысын ұйымдастыру;   

      

 Өткізілген іс - шаралар, бағдарламалар туралы және т,б, ақпарат:

Аудандық мәдени - демалыс  орталығының   19 мәдениет ошақтарында қаңтар айының

басында атақты ҚР әртісі, домбырашы Қали Жантлеуовтің 110 жылдығына арналған «Күйші құдіреті»  атты  тақырыптық кештер, жас домбырашылар байқауы оздырылды. Ақпан айында   24  мәдениет мекемелерінде суретші Сәкен Ғұмаровтың 75 жылдығына  арналған суретшінің суреттерінен көрмелер, суретшілер  байқауы ұйымдастырылды. Сонымен қатар - ақпан  айында  БҚО - ның   белгілі айтыс ақыны, әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қатимолла Бердіғалиевтің 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Өнері егіз жаралған» атты шығармашылық кеші оздырылды. Халықты  орындаушылық шеберлігімен ақынның өзі таң  қалдырса,  БҚО - ң   он ауданынан келген шәкірттері  үлкен қошеметке  ие болды.

Зеленов ауданы мен Шыңғырлау ауданы арасындағы мәдени - достық қарым - қатынасты  нығайту мақсатында наурыздың 12 жұлдызында Шыңырлау өңірінде Зеленов ауданының «ВАА «Скифы», би ұжымы «Дарьюшка», вокал тобы «АЗИЯ» және де басқа өнер ұжымдарының қатысуымен « Алтын дәнді, жасыл өлке!» атты концерті өтті.

 2012 жылдан бастап  аудандық іс - шаралар  ауданның әр ауылдық округтерінде ұйымдастырылатыны  жоспарланған еді. Наурыз айының «16» жұлдызында аудандық мәдениет үйінде  жас келіншектер арасында  «Қазақ аруы - 2012» атты байқауы оздырылды. Байқауға 12 ауылдық округтерден қатысушы үміткерлеріміз қатысты. « Қазақ аруы - 2012 »  атағын  Асан ауылдық округінен қатысқан Дүзелбаева Әйгерім жеңіп алды.

21 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған кең ауқымды «Наурыздың ән - шашуы» /Костюмированный бал/ кеші өтті. Мереке барысында ән мен би шырқалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекеге Ресей Федерациясының бес ауданынан қонақтар қатысты. Аудандық мәдени - демалыс  орталығының 36 мәдениет ошақтарында  Наурыз тойы, Халық серуені, театрландырылған көріністер өтті.

Сәуір айында   «Біз бақытты болашақ» атты «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль төрт номинация бойынша өтті. Ауданымыздың 24 ауылдық округтерінен келген  қатысушы үміткерлеріміз өз өнерін көрсетті.

Фестивальдің мақсаты: ауылдық жердегі ерекше дарынды балаларды таңдап, өнерлі балаларға қолдау көрсету. Соның жалғасын облыстық  «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі  тапты. «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша  ауданымыздың Достық ауылдық округінен қатысқан  Тілегенова Аружан 3 орынға ие болды. Сәуір айында  Дарьинск мәдениет үйінде, Зеленый ауылдық клубында, Раздольный ауылдық клубында «Кішкентай ханшайымдар» байқауы оздырылды.

1 - мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні  қарсаңында  Мичурин а/к,  Калинин Достық үйінде, Зеленый а/к, Дарьинск мәдениет үйінде , Щапов а/к, Трекин а/к    ұлттық -мәдени орталықтарының кездесу кештері, дөңгелек үстелдер, фестивалдер ұйымдастырылды.

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Қазақстан - достық  мекені»  атты  мерекелік концерттер, іс - шаралар  32 мәдениет ошақтарында өтті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына орай Белес ауылдық округінде  аудандық  «Жігіт  сұлтаны» байқауы оздырылды. Шараның мақсаты: жастарды туған елін, тілі мен дінін, ұлттық мәдениеті мен салт - дәстүрін  құрметтеу тұрғысында патриоттық сезімдерін ояту. Байқауға ауданымыздың 11 ауылдық  округтерінен қатысушы үміткерлер өнер көрсетті. «Жігіт сұлтаны»атағына ие болған  Переметный спорт мектебінің қызметкері  Кенжеғалиев  Манарбек.

Мамырдың «4»  жұлдызында  Дариьнск  ауылында   Шыңғырлау ауданынан келген көркемөнерпаздар ұжымдарының концертін халық тамашалады. Тәжірибе алмасу  және екі ауданның достық  қарым-қатынасын нығайту мақсатында  өткізілген шара өз мәресіне жетті.

ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығына арналған  «Тәуелсіз елдің сарбаздары» атты мерекелік концерттер, демалыс кештері  23 мәдениет ошақтарында ұйымдастырылды.

Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған  митингілер, «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты мерекелік концерттер  36 мәдениет ошақтарында   ұйымдастырылды. 17 мамыр күні Аудандық мәдениет үйінде  «СКИФЫ» кіші тобының жетекшісі, бірнеше аудандық, облыстық бард әндері  байқауының жеңімпазы Малик Мусакуловтың шығармашылық кеші оздырылды.

Мамырдың «21» жұлдызында  Мичурин ауылдық клубында  аудандық мәдени - демалыс  орталығының мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында «Өнерлі өрге жүзер»  атты байқау оздырылды.  Байқауға әр ауылдық клуб қызметкерлерінен кұрылған  10 топ өз өнерлерін көрсетті. 4 номинация бойынша қазылар алқасының оң бағасын алып бірінші орынға ие болған  «Болашақ» тобы  (Янайкин а/к, Үлкен Шаған а/к, Щапов а/к), екінші - «Бауырсақтар»  тобы (Белес а/к, Новенький а/к), үшінші - «Три М, ПА» тобы «Миурин а/к, Макаров а/к, Махамбет а/к, Погодаев а/к,  Асан а/к)

30 мамыр күні 24 мәдениет мекемелерінде «Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу» кештері,  дөңгелек үстелдер, митингілер ұйымдастырылды.

Ауданымыз үшін жақсы жаңалық болған 30 мамыр күні Талдықорған қаласында М.Мақатаевтің шығармашылығына арналған   «Поэзия, менімен егіз бе едің...» атты  жас ақындар арасында өткізілген Республикалық байқауда 3 - орын иегері болып келген  Щапов ауылдық клубының сүймелдеушісі Жұмасалихов Сыйлыхан.

1 маусым - Халықаралық  балаларды қорғау күніне арналған удандық мәдениет үйінде балабақша бүлдіршіндері арасында «Балғын балалық шақтың қос балалпаны» атты байқау оздырылды.Үш номинацияны белсене өтіп жеңімпаз атанған Переметный   балабақшасының бүлдіршіндері.

1 маусым күні Аудандық мәдениет үйінің алаңында «Балалардың күлкісі- көркі, сәні әлемнің.....»атты мерекелік шара оздырылды. Мерекелік бағдарламада: концерт, спорттық жарыстар, мультфильм және мереке соңында балаларға  демеушілер атынан балмұздақ  үлестірілді. Осындай  балаларға арналған іс - шаралар  32 мәдениет мекемелерінде ұйымдастырылды.

4 маусым  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері   күніне Орталық алаңда «Мақтанышым - Рәміздерім » атты мерекелік іс - шара  өтті. Алғашқы құттықтау сөз аудан әкімі Марат Кенжетайұлы Ұңғарбековке, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Королевский Борис Алексеевичке, БҚО «Жастар  қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің» маманы Досмухамбетов Қанатқа берілді.  Мереке барысында оқушылар мемлекеттік рәміздер туралы өлеңдер оқып, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің орындауында әндер орындалып, шара Флеш - мобпен жалғасты.

 

 Маусымның  «8» жұлдызында Орал қаласында  мәдениет қызметкерлері арасында  «Жүрегімде жалын бар» атты  облыстық байқау оздырылды. Байқауға әр ауданнан 11 топ қатысты. Ауданымыздың атынан қатысып, 1 орынға ие болған «ДОСТЫҚ»  тобы. Топ құрамында ( Янайкин а/к, Белес а/к, Переметный аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері).