Егіндібұлақ ауылы                                                                          2018 жыл 11 маусым

Қатысушылар: Т.Кужагалиев ауылдық округінің әкімі- жиналыс төрағасы, Н.Калманова – жиналыс хатшысы, аппарат мамандары,  келісім кеңесінің мүшелері, ауыл тұрғындары.  Барлығы -33 адам.

Күн тәртібінде:

  1. Строительная, набережная, Школьная, Утемисова, Степная, Топорково, Чапаева және Новостройка көшелерінің атауын өзгерту туралы.

Округ әкімі Т.Кужагалиев сөз алып, Егіндібұлақ ауылы көшелерінің атауларын өзгерту бойынша ономастикалық комиссияның ұсыныстарын халыққа хабарлап, «Ауыл тынысы» газетінің 2018 жылғы 11 мамырдағы 19 нөмірінде, 2018 жылы 11 маусымда ауылдық клубында тұрғындар жиналысы өткізілетіні  туралы хабарландыру шыққандығын атап өтті.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 240 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына», заман талабына сай, Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл көшелеріне берілген атауларды Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тіліндегі атауларға өзгерту керектігін жеткізді.

Ауылдың 8 көшесінің атауларын өзгертуге ұсыныс түсті. Строительная көшесін Құрылысшылар көшесіне, Набережная көшесін Жағалау көшесіне, Школьная көшесін Мектеп көшесіне, Утемисова көшесін М.Өтеміс атындағы көшесіне, Степная көшесін Ынтымақ көшесіне,  Топорков көшесін Достық көшесіне, Чапаев көшесін Х.Дженалаев атындағы көшесіне, Новостройка көшесін Кең дала көшесіне.

Айтылған ұсыныс  дауыс беру арқылы жүзеге асырылды.

Дауыс бергендер:  ия - 33 адам

жоқ - 0 адам.

ШЕШІМ:

1. Ауыл көшелерінің атауларын өзгертуге түскен ұсыныстар қаперге алынсын.

2. Строительная көшесін Құрысшылар көшесіне,Набережная көшесін Жағалау көшесіне, Школьная көшесін Мектеп көшесіне, Утемисова көшесін М.Өтеміс атындағы көшесіне, Степная көшесін Ынтымақ көшесіне,  Топорков көшесін Достық көшесіне, Чапаев көшесін Х.Дженалаев атындағы көшесіне, Новостройка көшесін Кең дала көшесіне өзгерту жұмыстары жүргізілсін.

 

Жиналыс төрағасы:                                          Т.Кужагалиев

Жиналыс хатшысы:                                          Н.Калманова