Зеленое ауылы                                                                            2018 жылы 14 мамыр

 

Қатысушылар: ауылдық округ әкімі И.С.Давлетов, жергілікті қоғамдастықтың мүшелері және ауыл тұрғындары.

Қатысқандар: 40 адам.

 

Күн тәртібі: Чапаев, Красноармейская, Октябрьская, Пролетарская көшелерінің атауларын өзгерту туралы.

 

 

1. Тұрғындар жиналысының төрағасы И.С. Давлетов елдімекендердің, көшелердің және басқа да объектілердің аттарын өзгерту бойынша ономастикалық комиссияның ұсыныстарын халыққа хабарлап, «Ауыл тынысы» Зеленов аудандық қоғамдық-саяси газетінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі 15 нөмірінде 2018 жылғы 14 мамырда тұрғындар жиналысы өтетіндігі туралы хабарландыру шыққандығы туралы айтты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын» тұрғындарға баяндап берді.

2. Ауыл тұрғыны М.К.Байсариева – Мен Чапаев көшесінің атауын өзгерту керек емес деп ойлаймын. Өйткені Чапаев Кеңес Одағы кезеңіндегі халық қаһарманы болды. Ол біздің тарихымыздың бір бөлігі.

3. Ауыл тұрғыны А.Н.Утеляев – Красноармейская көшесінің атауын Азаттық көшесі атауына өзгерту керек екендігін ұсынамын. Өйткені идеологиялық тұрғыдан ескірген.

4. Ауыл тұрғыны Б.Суерова – Октябрьская көшесінің атауын Достық көшесі атауына өзгертілуін ұсынамын.

5. Ауыл тұрғыны Т.Серых – Мен де Б.Суерованың ұсынысын қолдаймын.

6. Ауыл тұрғыны С.Б.Щекатурова – Мен Пролетарская көшесінің тұрғындары атынан Пролетарская көшесінің атауын өзгермеу керектігін сұраймын.

7. Давлетов И.С. – тұрғындар жиналысының жергілікті төрағасы: Айтылған ұсыныстар бойынша дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

Красноармейская көшесі Азаттық көшесі атауына өзгертілуін дауысқа салайық.

Қолдағандар -40 адам.

Қарсы болғандар –жоқ.

Октябрьская көшесі Достық көшесі атауына өзгертілуін дауысқа салайық.

Қолдағандар -40 адам.

Қарсы болғандар –жоқ.

Чапаева көшесінің атауы өзгеріссіз қалуын дауысқа салайық.

Қолдағандар -40 адам.

Қарсы болғандар –жоқ.

Пролетарская көшесінің атауы өзгеріссіз қалуын дауысқа салайық.

Қолдағандар -40 адам.

Қарсы болғандар –жоқ.

Тұрғындар жиналысының шешімі:

  1. Ауыл тұрғындарының ұсыныстары қаперге алынсын.
  2. Красноармейская көшесі Азаттық көшесі атауына өзгертілсін.
  3. Октябрьская көшесі Достық көшесі атауына өзгертілсін.
  4. Чапаева көшесінің атауы өзгеріссіз қалсын.
  5. Пролетарская көшесінің атауы өзгеріссіз қалсын.

 

Төраға                                                  И.Давлетов

Хатшы                                                  Ж.Курманкулова