Құрметті мешіт жамағаты және аудан тұрғындары!

Құрбан айт мерекесі мүбәрәк болсын!

Халық дәстүрімен үйлестігін тапқан ұлағатты дініміз тәуелсіздікпен бірге түлеп, қанатын кең жайып келеді. Еліміз барлық мұсылмандар елдерімен достық қарым-қатынаста болып, ислам бірлестігінде ерекше орын алып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:«Біз тегіміз-Түркі, дініміз - Ислам екенімізді ұмытпауымыз керек»- деген болатын.

Діни төзімділік пен ұлтаралық ынтымақты берік ұстанған Қазақстан халқы үшін адамдарды жақындастырып, ізгілік мен мейірім шуағын төгетін, қашан да бір-біріне кешірімді де қайырымды болуға шақыратын ұлық мейрам - Құрбан айттың маңызы ерекше. Ғасырлар бойы халықтың ынтымағын арттыруға ықпал етіп, бүгінде еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің мерекесіне айналды.

Құрбан айт-елдің ынтымақ-бірлігі, қанағаты мен қайырымдылығын арттыратын мейрам.

Құрбан айт қоғамда бауырмалдық, бір-біріне жәрдемдесу, қол ұшын беру, рухани тұтастықты күшейтудің жолы.

 

Қадірлі жерлестер!

Жарқын да мейірімді мереке құтты болсын! Сіздерге ынтымақ-бірлік, шаттық пен береке,әр шаңыраққа көңіл жарасымы мен бақыт тілеймін!

Аспанымыз ашық болып, шаңырағымыздан шаттық кетпесін! Еліміз аман болып, одан әрі өніп өркендесін!