ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

Құрметті тыл еңбеккерлері,жерлестер!

 

Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс  болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Бұл - аға буынның жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жеңісі.

Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі.

Елбасы,Ұлткөшбасшысы Н.Ә.Назарбаев:«Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста Жеңіске жол ашты» деп айтқандай. 

Жеңіс пен жетістік ұғымдары еліміздің даму қарқынымен қашанда қанаттас келеді. Осынау бейбіт өмірге жеткізген ардагерлерімізге  амандық тілейміз!

Құрметті  ардагерлер, біз Сіздер сияқты жеңген, жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым мақтан тұтамыз.Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-бірлікте, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат салысып жүргендеріңізді мақтан етеміз.

  

Уважаемые ветераны Великой Отечественной войны и труженики тыла, дорогие Зеленовцы!

 

Сердечно поздравляю Вас с 70-летием Победы в Великой Отечественной войне!

Все дальше в историю уходит от нас победный май сорок пятого года. Но память о совершенном Вами подвиге вечно будет жить в наших сердцах. Своим мужеством и верой в победу, самоотверженным трудом во имя Родины Вы сумели сделать невозможное - победить в неравном бою. Вы сражались за право жить на своей земле, за право говорить на родном языке, иметь свои традиции и культуру. Жизнь учит нас беречь хрупкий мир, бороться за него, противостоять тем, кто несет угрозу обществу.

К сожалению, не все ветераны дожили до сегодняшнего дня. Из Зеленовского района были призваны в ряды Советской армии 8618 человек. Не вернулись из полей сражений 3533 человека. 5 человек были удостоены звания - Героя Советского Союза. 8 мая в с.Дарьинск был установлен бюст в честь героев нашего района. В эти майские торжества вспомним еще и еще о великой Победе нашего народа и окружим заботой и вниманием всех участников той страшной войны.

Победа досталась огромной ценой неисчислимых жертв. Ныне живущее поколение всегда помнит об этом. Достойный вклад в дело Победы внесли казахстанцы, в том числе и жители Зеленовского района.

Многие из ушедших на фронт не вернулись к родным очагам. Вечная им слава. Тот, кто выжил, восстанавливал народное хозяйство, поднимал страну, строил новую жизнь. Глава государства, Лидер Нации Н.А.Назарбаев назвал ветеранов достоянием общества, говоря о них: «Мы - дети победивших отцов и дедов; благодаря их победе мы живем счастливо».

Искренне желаю Вам крепкого здоровья, счастья, благополучия и мирного неба над головой.

 

 

Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

 

Ұлы Отан соғысында Қазақ жауынгерлері көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті. Соғыс жылдарында Зеленов ауданынан майданға 8618 сарбаз аттанды. 5 жауынгер Кеңес Одағының батыры атанды, 3533 боздаққа туған елден бір уыс топырақ бұйырмады. Сұрапыл соғыста шейіт болған және ортамызда жүрген  ардагерлерге алғыс айтып, басымызды иеміз.

Батырларымызға құрмет  көрсету  мақсатында 8 мамыр күні Дариян ауылында ауданымыздың батырларын ардақтап ескерткіш қойылды. Сонымен қатар аудандық маслихат шешімімен 18 соғыс ардагеріне «Зеленов ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.Бұл-майдангерлерімізге деген халықтың зор құрметі, жас буынның аға  ұрпақ алдындағы қасиетті парызы.

Уақыт бізден бұл оқиғаны алыстатқан сайын, жарқын болашақ үшін қасқайып тұра білген Жеңіс солдаттары атқарған тарихи миссияның мән-маңызы да соғұрлым жарқырай бермек.

 

Дорогие ветераны!

 

Ваше мужество, стойкость, трудолюбие, ваш патриотизм - достойный пример для нынешней молодежи. Желаю вам Долгих вам лет жизни, здоровья! Счастья! Мира и согласия в каждой семье.

 

  

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Біз жеңімпаз қаһармандарға сөзбен ғана емес, нақты іспен де құрмет көрсетуге, соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін күнделікті қамқорлыққа бөлеуге, оларға көңіл бөліп, жайлы тұрмыс жағдайларын жасауға шақырамыз.

Құрметті ардагерлер, Сіздерге денсаулық, отбасы амандығын, тілеймін!

 

 

Ұлы Жеңіс күнімен, қымбатты ардагерлер!