Ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар!

 

Бұл - көктем шуағымен бірге келетін ең шуақты мереке. Ұзаққа созылған қыс мезгілінен кейін де бұл мейрам өзінің әдемілігі мен нәзіктігін жоғалпақ емес, себебі, сіздер, әйелдер, біздің өміріміздің гүлі саналасыздар.

«Әлемдегі әсемдік пен сұлулық әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алады»,-деген даналық сөз бар. Расында адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Сондықтан ерді үйдің иесі санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне балаған. Тағылымды тарихымыз қайраткерлік қасиет қонған аналардан кенде болған емес. Ұлан-ғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған талай ұлағатты аналар өткені белгілі. Бұлардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі жаңа Қазақстанда жалғасын тауып келеді. Ел мен ерге сын болған кезеңде әйелдер қоғам жүгін қайыспай көтере білді.

Сіздер отбасы берекесімен бірге Тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлес қосып келесіздер.

Әйел - ана біздің қоғамымызда әрдайым қадірлі тұлға. Себебі, адамзаттағы ізгіліктің барлығы ананың атымен байланысты. Ол жарқын және мәңгілік әлемдегі тазалықтың белгісі болған және бола береді де. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деген ұлағатты сөз бекер айтылмаса керек. Қаншама ұлы адамдар «Ана» деген аяулы есімге бас иіп тағзым етті. Қаншама ән, қаншама өлең, қаншама сезім қылын тербетер нәзік сөздер анаға арналумен келеді. Бұл орынды да, өйткені ананың ақ сүтінің парызын орындау біздерге үлкен парыз, үлкен міндет жүктейтіні баршамызға аян.

Сондықтан да ардақты да аяулы аналарға деген құрмет шексіз бола бермек. Сіздерге әрдайым құрметпен бас иіп, құрмет тұтамыз.

 

Дорогие женщины!

 

Поздравляю вас с Международным женским днем 8 Марта!

В этот весенний день традиционно мы посвящаем самые теплые слова нашим матерям, супругам, дочерям и сестрам. Без всякого преувеличения, вы - представительницы прекрасного пола - главное богатство нашего района, ее душа и ее будущее!

В суете повседневных дел мы не всегда находим время, чтобы признаться вам, дорогие женщины, что вы - наша главная вдохновляющая сила!

Глава государства не раз подчеркивал неоценимую роль женщин в процессе становления независимого государства.

Нурсултан Назарбаев считает, что во всем, чего мы достигли, - огромная заслуга наших женщин, которые в первые трудные годы нашей независимости смогли освоить законы рыночной экономики и внести огромный вклад в развитие Казахстана.

В нашем районе становится все больше женщин, достигших значительных успехов в обществе. И это радует! Представительницы прекрасного пола сегодня являются влиятельной силой в бизнесе и политике, и социально-культурной сферах.

Созидательную роль женщины в современном обществе трудно переоценить. Во все времена на хрупких женских плечах держались мир и согласие не только в семьях, но и в стране. Именно вы помогаете нам - мужчинам, осознать наиболее глубоко жизненно важные ценности: гуманизм, умение сострадать чужой боли, любовь и всепрощение.

От всей души поздравляю вас с Международным женским днем 8 Марта!

Пусть в этот праздничный весенний день в вашу честь звучат самые теплые слова!

Желаю крепкого здоровья, счастья, благополучия и всеобщего поклонения!

С праздником вас, дорогие женщины

 

Қадірменді аналар мен апа - қарындастар!

 

Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Көктемнің осы бір тамаша мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгілік белгісі сияқты.

Осы ерекше қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елімізге ырыс - құт дарысын.

Сіздердің қолдауларыңыз баршамызға сенімділік ұялатып,  жігер береді.  Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Баршаңызға зор денсаулық, баянды бақыт, игілік тілеймін!