6 ақпан 2015 жыл,  «Достық» МҮ(сыртта)

 

Қайырлы күн, қымбатты жерлестер және акцияға қатысушылар! 

Өздеріңізге мәлім, 2014 жылғы 18 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында  Қазақстан Республикасы Президенті, Ассамблея Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған болатын.

Ассамблеяның ең басты міндеті - еліміздегі қоғамдық келісім. Ал, ұлтаралық татулық мәселесі Ассамблеяның сан қырлы қызметінің бір парасы ғана. Қазақстандағы қоғамдық келісім - ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.

Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?!

Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері өз бауырларымыз атанып,бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды.Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық - бір ел - бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырыс-несібесі мол болмақ.

 

Құрметті жерлестер!

Бүгін міне, Еліміздің барлық өңірінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы» атты Синхронды-акция ұйымдастырылып отыр.

 

Акцияның ашылуымен баршаңызды құттықтаймын!

 

Уважаемые участники акции! 

18 апреля 2014 года на XXI сессии Ассамблеи народа Казахстана, Президент Республики Казахстан, Лидер Нации, Нурсултан Абишевич Назарбаев  объявил 2015 год - Годом Ассамблеи народа Казахстана. Сегодня проводится синхронная акция, посвященная этой дате.Как отмечает Президент«... нам важно сделать казахстанцев ещё более сильными в духовном плане, едиными и ещё более толерантными и на новом ответственном витке истории обретёт новое звучание и более глубокий смысл наш главный принцип - Казахстан, только вперёд!...»

Сегодня с полным основанием мы можем утверждать, что Ассамблея - это и есть народ Казахстана в целом!Все семнадцать миллионов!Сегодня Ассамблея - это надежный, прочный фундамент стабильности и общественного согласия.История Ассамблеи - история страны, история народа.

За годы Независимости мы выработали свою модель межэтнического единства.Обеспечили на деле равенство прав и возможностей, качество жизни и безопасность наших граждан.

 

 

Поздравляю вас с открытием акции!