Құрметті депутаттар мен әріптестер! 

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес облыс, қала және аудан әкiмдерінің мiндетіне маслихат депутаттарының алдында жыл сайын есеп беруі  тапсырылған.

2014 жылдың 1 шілдесіне ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп беруге рұқсат етiңiздер.

 

Құрметті депутаттар!

ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын үгіт-насихаттау бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, облыстық және аудандық АНТ мүшелерінің қатынасуымен 2 дөңгелек үстел, 8 кездесу және 47 жиналыс өтті. Аталған шараға аудан бойынша 5083 аудан тұрғыны қатынасты. Сонымен қатар, аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық - саяси газетінде 15 мақала және 2 пікір жарық көрді.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 53,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңінен 0,8 пайызға төмен. Негізгі капиталға инвестициялар 18,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен  жылдың деңгейінен 6,2 пайызға төмен.

2014 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің кіріс бөлігіне 1,9 млрд. теңге қарастырылған, ағымдағы жылдың 29 мамырына 2,1 млрд. теңге немесе 105,9%  орындалған. Барлығы 115,5 млн. теңге асыра орындалған, соның ішінде өзіндік кірістер бойынша 104,5 млн. теңге, оның ішінде: салық түсімдері 122,6%-ға және  97,4 млн. теңгеге асыра орындалған, салықтық емес түсімдер 131,3%-ға және 7,1 млн. теңгеге асыра орындалды, оның ішінде 6,1 млн. теңгесі жер учаскелерін сатудан.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 50,2 млн. теңге бөлінді, бұл 2013 жылдан 7,2 млн. теңгеге көп. 12 ауылдық округтер көшелерін жарықтандыруға ағымдағы жөндеуге 29,5 млн. теңге, 10 ауылдық округтерде балалар ойын алаңын орнатуға 20,7 млн. теңге жопарланған.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың  5 айында 6,4 млн. теңге көтерме жәрдемақы 49 маманға, 50,0 млн. теңге бюджеттік несие 19 маманға төленді.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген егіс көлемінің құрылымына сәйкес, ағымдағы жылы жаздық дақылдардың егіс көлемі 123,0 мың гектар болса, бүгінгі күні 115,9 мың гектары егілді немесе 94,2 пайызы, майлы дақылдар - 10,9 мың га, мал азықтық дақылдар 13,4 мың га. егілді, картоп - 1830 га. отрғызылып,  көкөністер - 1640 га.  және  бақша дақылдары - 590 га. егілді.

Күздік жиын

Аудан да күздік дақылдарды жинау аяқталуда. Бүгінгі күні жалпы күздіктің 41006 гектар немесе 98,3% жиналды, орташа түсім 19,3 ц/га. жағдайында 79185 тонна дән бастырылды, соның ішінде 35272 га. немесе 98,0% күздік бидай жиналды, орташа түсім 20,3 ц/га. жағдайында 71559 тонна дән бастырылды. Күздік қара бидай  5734 га. немесе 100% жиналды, орташа түсім 13,3 ц/га. жағдайында 7626 тонна дән бастырылды.

Жиын жұмыстарына 106 комбайн тартылды.

Ауданның ауылшаруашылық құрылымдары мал азығын дайындау жұмыстарын аяқтауда. Бүгінгі таңда жоспар -  92800 тонна болса, дайындалғаны 75615 тонна шөп (пішен) немесе 81,5%. Аудан бойынша орташа түсім 7,1 ц/га. құрайды, шабындыққа 415 агрегат қатысуда.

Көктемгі -  далалық жұмыстарды несиелендіру

Ауданның 2014 жылғы көктемгі -  далалық жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері  несие алуға  «ҚАЗАгро»  ҰБХ  АҚ еншілес кәсіпорыны  арқылы, сның ішінде:

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Егінжай» бағдарламасы бойынша бүгінгі күні аудандағы 13 шаруашылық  47 млн. 400 мың  теңгенің несиесін алды;

- «Батыс Шаруа» НС ЖШС арқылы мал шаруашылығын дамыту мен жиын жұмыстарын жүргізуге 46,9 млн. теңге несие алынды;

- 293,0 млн. теңгеге 12 Беларус тракторы, 2 Джон Дир тракторы және 6 Вектор комбайны лизингке алынды.

Мал шаруашылығын дамыту

Биылғы жылдың 6 ай қортындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сиыр басы 104%, қой-ешкі 114%, жылқы 100% өссе, өндірістегі ауыл шаруашылық өнімі: ет 97,5%, сүт 100 %, жұмыртқа 231% құрайды.

Аудандық «Grown- Батыс» ЖШС-і бордақылау алаңында 2014 жылдың 6 айында  1616 бас  мал сойылып 335 тонна сиыр еті өндірілді және сатылды, соның 296 тоннасы Ресей  Федерациясына экспортталды. ІҚМ баспақтарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 2 шаруашылық 320 бас  асыл тұқымды қашарларын және 150  бас асыл тұқымды бұқаларды сатуға өтініш берді. «Кубеев», «Гурсаев»  және «Алина» шаруа қожалықтары  етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды 210 бас қашарларын сатып алды  және алдағы уақытта асыл тұқымды ферма құруды жоспарлап отыр.

 

Кәсіпкерліктің даму

Зеленов ауданында  2317 шағын  және орта бизнес субъектілері тіркелінді немесе өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда 2,9% артқан. Өнім өндірісі (жұмыс, қызмет көрсету) 3 738 197 мың теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 8,8% өскен. Бюджетке 856 914 мың теңге түсті, өткен жылға қарағанда 19% артық.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдардың саны 4414 адамды құрап отыр немесе өсім 2,2% құрайды.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін  42 шағын цех тіркелді. Онда 275 адам қызмет жасайды, өндірілген өнімнің жалпы көлемі 361 млн.  теңгені құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 6 айында шағын кәсіпкерлік саласында келесі шағын және орта бизнес нысандары іске қосылды, олар: Январцев ауылдық округіндегі шағын наубайхана, Мичурин ауылдық округіндегі кафе, Переметный ауылындағы дүкен және де тағы басқалары. 2014 жылдың 1 шілдесіне шағын және орта бизнес саласында жаңадан 287 жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлік дамытудың бірден бір құралы несиелендіру болып табылады. Осы жылдың 6 айына барлық несие көздері арқылы жалпы құны 72,8 млн. теңгенің қаржы несиесіне 52  жеке тұлға ие болды. Соның ішінде келесі шағын несие ұйымдары арқылы: шағын несие ұйымы «Кәсіпкер Бірлік» ЖШС - 36 адамға 19,4 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай колдау қоры» АҚ - жалпы соммасы 52,6 млн. теңге болатын 14 жоба, «Қазына-кредит» шағын несие ұйымдары - жалпы соммасы 0,8 млн. теңге болатын 2 жоба қаржыландырылды.

 

Тұрғындарды жұмыспен қамту

- аудан халқының жалпы санының 36,1 мың немесе 62 пайызы экономикалық белсенді халықты құрайды;

- жұмыстың әр түрлі саласында 35,1 мың адам жұмыс істейді, соның ішінде 8,1 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе экономикалық белсенді халықтың 23,1 пайызын құрайды. Жыл басынан, жұмыспен қамту органына жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 663 адам өтініш етті.

- жұмыссыз ретінде есепте - 242 адам тұр.

- ақылы қоғамдық жұмысқа - 259 адам жолданды.

- кәсіптік даярлыққа - 107 адам  жолданды.

- бөлім арқылы жұмысқа - 131 адам орналасты. Жоспарда 127 адам, соның ішінде 21 мүгедек.

- 2014 жылдың 6 айы ішінде 287 жаңа жұмыс орындары ашылды.

- жалпы жұмыссыздықтың деңгейі - 2,8 пайыз.

- ресми жұмыссыздықтың деңгейі -0,7 пайыз.

- 517 отбасыға (1222 бала) 12434,7 мың теңгенің жәрдемақысы төленді.

Осы уақытқа  2071 жеке санаттағы азаматтарға жалпы соммасы 13,18 млн. теңгенің әлеуметтік көмегі  көрсетілді.

«Жұмыспен  қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы:

І-ші бағыты бойынша Зеленов ауданында 2 нысанға 191,3 млн. теңге бөлінді: Мичурин ауылдық дәрігерлік амбулаториясының құрылысы және Зеленов колледжінің жатақханасына күрделі жөндеу жұмыстарын  жүргізу.  Зеленов колледжінің жатақханасын  күрделі жөндеуге  республикалық бюджеттен 48,4 млн. теңге бөлінді. Нысанға жұмыспен  қамту орталығының жолдамасымен 12 адам жолданды. Мичурин ауылдық дәрігерлік амбулаториясыныың құрылысына 142,9 млн. теңге бөлінді, жұмыспен  қамту орталығының жолдамасымен жұмыссыз 7 адамды жолдау жоспарлануда.

ІІ бағыты бойынша 2014 жылға республикалық бюджеттен  - 162 млн. теңге  несиені алушылар Қазақстан Республикасының азаматарының ішінен өз бетінше жұмыспен айналысушы, аз қамтылғандар, жұмыссыз азаматтар, оралмандар, 29 жасқа дейінгі жастар, мүгедектер, әйелдер, 50 жастан асқан зйнеткерлік жасқа жетпеген адамдарға бөлінді.

ІІІ бағыты бойынша 6,7 млн. теңге  «Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бөлінді. Жоспар 38 адам, соның ішінде:

- кәсіби даярлау жоспары - 25 адамға;

- қайта даярлау жоспары - 7 адамға;

- біліктілігін арттыру жоспары  - 6 адамға  бөлінді.

2014 жылдың наурыз айынан бастап  7 адам қайта даярлауға және 5 адам біліктілігін арттыруға  жолданды, соның 5 оқуын бітірді және тұрақты жұмысқа орналасты.

2014 жылы жастар практикасын ұйымдастыруға 17,7 млн. теңге  бөлініп,   90 адам жастар практикасына жіберуге жоспарланып отыр. Жастар практикасына ағымдағы жылдың 3 наурызынан 01.06.2014 ж. 90 адам жолданды, соның 19 адамы аяқтады және 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша

2014 жылы әлуметтік жұмыс орындарына 86 адам жіберуге  жоспарланып,   бұл мақсатқа республикалық бюджеттен -19,9 млн. теңге бөлінді.  Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 маусымына 137 адам жолданды.

 

Білім беру

Аудандық  білім  беру  саласының 2014 жылға бюджеті  2,8 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі  таңда  ауданда  7012 оқушыны қамтыған  күндізгі  жалпы орта білім беретін 46 мектеп, 2050  баласы  бар немесе 95,9% қамтыған 51 мектепке дейінгі мекеме жұмыс  жасайды. Ыстық тамақпен   аудан оқушыларының 81% қамтылған, оның  3822-і  немесе 68% ақысыз тамақтанады.

Аудандағы 1-10 сыныптардағы  жалпы оқушылар санынан 94,9% балаларды жазғы демалыспен мектеп жанындағы лагерьлерде, аудандық станционарлық «Достық» және қала сыртындағы лагерьлермен қамту жоспарлануда.

2014 жылы 375 түлектің 227-і ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді, бұл түлектердің жалпы санының 60,5%-ы. 13 «Алтын белгіге» үміткердің - 5-уі, 8 үздік аттестаттқа үміткердің - 2-уі білімдерін растады. Орташа баллы 82,9 құраса,   өткен жылы орташа баллы 79,3  құрады.

 

Денсаулық сақтау

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі алғашқы медициналық санитарлық көмек жетекші рөл атқаратын алдын алу шараларын, скринингтік тексерулерді күшейту, диагностиканы жетілдіру, негізгі әлеуметтік маңызы бар сырқаттарды емдеу және оңалту болып табылады.

Осы уақытқа демографиялық көрсеткіштер бала туу көрсеткіші 6,8-ден 6,6-ға дейін төмендесе, адам өлімі көрсеткіші 6,0-ден  4,3-ке дейін төмендеп отыр.

Бала өлімі 2 есеге төмендеген 13,2-ден (2 жағдайдан) 7,0-ге (1 жағдайға).

Құрт ауруымен науқастану бір деңгейде қалып отыр - 14,0 (3 жағдай), асқынған жағдайлар жоқ. Құрт ауруынан көз жұму тіркелмеген.

 

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының аясында төмендегідей жұмыстар атқарылды: Махамбет, Көшім, Щапов ауылдарындағы су құбырын қайта құруға және Рубежин, Володар, Павлов ауылдарына су құбыры құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы жасақтау үшін  37,1 млн. теңге бөлінді, бүгінгі күні бұл қаражат 29,9 млн. теңге көлемінде игерілді. Володар және Щапов ауылдары бойынша жобалық-сметалық құжаттамаға оң мемлекеттік сараптама берілді, қалған ЖСҚ мемлекеттік сараптама қарауында. Қаражар ауылында су құбырын қайта құруы жұмыстары бойынша мердігер ұйым «Жиенбай» ЖШС жалпы соммасы-66,7 млн. теңгеге шартқа отырса, бүгінгі күнге игерілген қаражат- 18,7 млн. теңге.

Нысанда қайта құру жұмыстарын аяқтау мерзімі -2014 жылдың қазан айы.

2011 - 2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы

Макаров, Махамбет және Достық ауылдарындағы үш бір қабатты екіпәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын 31,1 млн.  теңгеге мердігер ұйым «Нира» ЖШС жүргізуде.  Бүгінгі күнге игерілген қаражат- 18,999 млн. теңге. Нысанды пайдалануға беру бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы 2014 жылдың 13 тамызында өткізілді.

Достық ауылындағы тұрғын үйлерді электр қуатымен қамсыздандыру  құрылысын аяқтау бойынша жалпы сомасы 316,4 млн. теңге, соның ішінде 2014 жылға  148 млн. теңге бөлінді. Құрылысты мердігер ұйым «БатысТрансСтрой» ЖШС жүргізуде. Бүгінгі күнге игерілген қаражат- 98,5 млн. теңге.  Нысан құрылысын аяқтау мерзімі - 2014 жылдың қыркүйек айы.

Мичурин а/о Зеленый ауылына, Переметный а/о Озерный ауылына және Макаров а/о Факел ауылын газбен жабдықтауына техникалық - экономикалық негіздемесі 1,8 млн. теңгеге «Газсервис и К»  ЖШС дайындауда, игерілді - 1,8 млн. теңге. Техникалық - экономикалық негіздемесі дайындалды және 2014 жылдың 22 шілдесінде оң мемлекеттік сараптама қорытындысы берілді.

Переметный а/о Озерный ауылын газбен жабдықтауына жобалық - сметалық құжаттамасын жасақтау бойынша жобалық ұйымы «Консорциум Строй Проект» ЖШС 3,2 млн. теңгеге келісім шарт жасалған, игерілді 1,6 млн. теңге.  ЖСҚ  мемлекеттік сараптама қарауында жатыр. ЖСҚ дайындауды аяқтау - 2014 жылдың тамызы.

Мичурин а/о Зеленый ауылын газбен жабдықтауына жобалық - сметалық құжаттамасын жасақтау бойынша жобалық ұйымы «Эврика»  ЖШС 2,8 млн.  теңгеге келісім шарт жасалған, игерілді 1,9 млн. теңге.  ЖСҚ  мемлекеттік сараптама қарауында жатыр. ЖСҚ дайындауды аяқтау - 2014 жылдың тамызы.

Калинин ауылындағы Придорожная көшесінде электр жарықты орнату бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы жобалық ұйымы «WEST MARK» ЖШС 355,0 мың теңгеге келісім шарт жасалған. ЖСҚ  мемлекеттік сараптама қарауында жатыр. ЖСҚ дайындауды аяқтау - 2014 жылдың тамызы.

 

Ішкі саясат және қоғамдық  тәртіп

Ағымдағы жылдың 1 наурызында бастау алған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы 2014 жылдың 30 сәуірі күні аяқталды. 25 сәуір күні мегажобаның эстафетасын Тасқалалықтар Зеленов ауданына берді. Ал 30 сәуір күні аталған шара Зеленов ауданы делегациясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы эстафетасын Орал қаласына тапсыруымен аяқталды.

2014 жылдың 15 мамыр күні аудандық «Достық» мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқаудың аудандық іріктеуі өтті. Аудандық деңгейге қатынасқан 5 отбасының ішінен Переметный ауылдық округінің Анципровичтар отбасы бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге қатысты және 23 мамыр күні өткен облыстық кезеңде жүлделі 2-ші орынға ие болды.

Ауданымыздағы қылмыстық ахуал 2014 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жалпы қылмыс санының төмендеуі байқалады- 441 факті,  2013 жылы 473 болатын;

- ауыр, аса ауыр  қылмыстар  саны  төмендеген - 48 болса, 2013 жылдың осы мезгілінде - 52 болған;

- мал ұрлығының оқиғасы төмендеуде - 24 болса, 2013 жылдың осы мезгілінде 48.

- ұрлық дерегі өскен - 295 болса,  2013 жылдың осы мезгілінде 332 болды.

 

Құрметті депутаттар, әріптестер!

Бүгінгі таңда атқарылған және  атқарылатын  жұмыстардың бір бөлігі  ғана айтылды.

Алдағы уақытта Елбасының «Қазақстандық жол-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз.

 

 

Назарларыңызға  рахмет!