Құрметті Нұрлан Асқарұлы!

Құрметті есеп беру кездесуіне қатысушылар!

Қадірменді жерлестер!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің ел алдындағы есеп берулері жыл сайын өткізіліп келе жатқаны өздеріңізге жақсы мәлім. Бұл келелі кеңесіміз де біржылдықта атқарған белестеріміз бен алда атқаратын жоспарымызды айқындауға көптеген мүмкіндіктер беретін болады.

Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру және ауылдық округ әкімдерінің елді - мекендерде есеп беру кестелер, сондай - ақ ауданда облыс, аудан және ауылдық округ әкімдерінің есеп беруіне ұсыныстар мен  ескертпелерді жинақтауға арналған жәшіктердің орналасқан орындары туралы ақпараттар ағымдағы жылдың 4 қаңтарындағы аудандық «Ауыл тынысы» газетіннің №2 санына жарияланды. Ал Менің «Зеленов ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуының 2013 жылғы қортындылары туралы» есепті баяндамамның тезистері мемлекеттік және орыс тілдерінде ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы аудандық «Ауыл тынысы» газетіннің №3 санында жарияланды.

2014 жылдың 14 - 16 қаңтары  аралығында 42 ауылдық округ әкімдерінің елді-мекендердегі есебі болса, қаңтар айының 20 - мен 30 - ы аралығында  22 өзімнің және ауылдық округ әкімдерінің  ауылдық округ орталықтарындағы есебі болып өтті.

Міне бүгін, 14 қаңтарда басталған тұрғындар алдындағы есепті кездесуілер өз мәресіне жетіп, қорытынды кездесуге тағы да жиналып  отырмыз.

Осы кездесулер барысында 201 адам сөз сөйлеп, айтылған 54 ұсыныс - пікірлер қатерге алынды. Айтылған көптеген ұсыныстар мен қойылған сұрақтарға сол жерде нақты жауаптар берілді. Ұсыныс - пікірлер негізінде тиісті іс-шаралар жоспары жасалды.  Олардың орындалуы жыл бойына қатаң бақылауға алынады.

Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандықтарға 2050 жылға дейін еңсеретін айтулы асуларымыз сипатталған жаңа стратегиялық құжат -  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» жариялады. Бұл - көңілдегі түрлі сауалдардың көбісін сөгіп, жалқы ойлардың жоралы жауабын берген құжат болды.

Аталған мәселелердің маңыздылығы соншама, бұл халықтың көкейкесті сұрақтары, бір сөзбен айтқанда халқымыздың тұрмысы мен тынысының келешекте кешенді түрде іске асуына мол мүмкіндік туғызбақ.

Бәріңізге мәлім,  2013 жылдың тамыз айында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өткізілді. Әкімдер сайлануының енгізудің басты мақсаты - елдегі мемлекеттік басқаруды ең оңтайлы, айқынды және тиімді моделін қалыптастыру болып табылады.

Ауыл әкімдерінің сайлануы қоғамның одан әрі жаңару кезеңі болып табылады және жергілікті жерлерде басқарудың тиімділігі мен айқындығын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың 24 сәуіріндегі №555 Жарлығына сәйкес, әкімдерді сайлау тиісті аудан (қала) мәслихаты депутаттары тыңдаушылар отырысында өткізіледі.

Аудандағы 22 ауылдық округтен барлығы 65 үміткер тіркелді. Әр ауылдық округте олардың ауыл халқымен және аудандық мәслихат депутаттарына сайлау алды бағдарламаларымен таныстырған кезде өзім үміткерлерді ұсынып, қатыстым. Сайлау қорытындысы бойынша 22 ауылдық округке әкімдер тағайындалды. Әкімдер құрамының 18%-ы жаңарды. Бұл жасалған таңдаулар тұрғындар пікірлерінің негізінде болғандығын аудан мәслихат депуттатары сайлау соңынан хабарлады. Кейбір ауылдық округтерде әкімдер 1 немесе 2 дауыс айырмашылығымен жеңімпаз деп танылды.

Сонымен қатар, 2013 жылдың тамыз айында Елбасы Жарлығына байланысты аудан әкімдері жылына екі рет, ауылдық округ әкімдері әр тоқсанның бірінші айында есеп беретін болады. Бұл шара ауылдық әкімдер сайлауынан кейінгі жергілікті басқару жүйесін жетілдіру бойынша өткізіліп жатырған жұмыстың қисынды жалғасы болып табылады. Азаматтардың қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара қарым-қатынастары тұрақты ақпараттық пікір алмасулары негізделген.

Әкімдердің есеп беру кездесулері, жыл бойы атқарылған жұмыстардың жетістіктері мен осал тұстарын саралап, оларға тиісті баға беретін, алдағы кезеңге жүзеге асатын жұмыстарды жоспарлайтын атаулы шара. 

Өткен есепті жыл Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын» атты Жолдауын жүзеге асырылуымен өтті.

Менің баяндамамның негізгі тезистері аудандық «Ауыл тынысы» газетінің бетінде жарияланғандықтан 2013 жылы атқарылған және ағымдағы жылы атқарылуы тиіс жұмыстарға қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.

2013 жылдың Әлеуметтік - экономикалық  даму қорытындысы бойынша  өндірілген өнімнің жалпы көлемі 158 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%  пайызға өсті.

Негізгі капиталға инвестициялар 52,7 млрд, теңге болып, 32,1%-ды құрады.

Тұрғын үйлердің іске қосылуы 22,0  мың ш.м. құрап, өсім 21,2% құрады.

2013 жылыы мемлекеттік бюджетке  2,4 млрд. теңге жиналды, соның ішінде, аудандық бюджетке - 1,2 млрд. теңге жиналып, 2012 жылмен салыстырғанда 20,2% артты.

Алдағы уақытта бюджет тәртібін қатаң сақтай отырып, бюджет әкімгерлерінің жауапкершіліктерін арттыру және салық түсімдерін көбейту жолында жұмыстанатын боламыз.

 

Ауыл шаруашылығы

Ауылшаруашылық өндірісі кешені біздің ауданымыздың экономикасының маңызды әлеуметтік ең ірі саласы болып табылады. Оның негізін ауылшаруашылығы құрайды.  2013 жыл қорытындысы бойынша  ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнім көлемі 13,7 млрд. теңгені құрап, 2012 жыл деңгейімен салыстырғанда  5,4% өсті.

2013 жылы егістік алқабы 189,3 мың га. Ауа райының жаз айларының құрғақшылығы мен күз айларының жауын-шашынды болуына қарамастан жаздық егіс дақылдарының  жалпы өнімінің орташа өнімділігі 7,1 ц/га болып, 86,7 мың тоннаны құрады. Картоптың жалпы өнімі 293,4 мың тоннаны құрап 2012 жылмен салыстырғанда  29,3% жоғары. Көкөністің жалпы өнімі өткен жылдан 7,2% пайызға жоғарылап 36,2 мың тоннаны құрады.

Ет өндіру 8,3 мың тоннаны немесе 2012 жылмен салыстырғанда 100,6%, сүт  38,6 мың тоннаны құрап, өткен жылдың деңгейінде қалды, жұмыртқа  41,8 млндананы құрап, 2012  жылдан 15,3%-ға өсті.

2014  жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал саны 36,1 мың бас немесе бұл 2012 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

соның ішінде:  сиыр  - 15,7 мың бас  (2012 жылдан 0,8%-ға жоғары)

қой мен ешкі         - 42,3 мың бас (3%-ға 2012 жылдан көп)

жылқы                   - 3,3 мың  бас (100%),

шошқа                   - 13,6 мың  бас (2012 жылдан 7,2% артық)

құс                         - 297,3 мың бас (2012 жылдан 37,5%-ға жоғары)

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жолында кешенді істер атқарылуда.

Есепті жыл ішінде «ҚазАгро» АҚ арқылы 192,4 млн. теңге несие алынды, соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 шаруа қожалықтары  108 млн. теңгеге 136 бас асыл тұқымды және 120 бас тауарлы -  аналық мал  сатып алынды. Лизингі бойынша  84,4 млн.теңгеге 5 ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары сатып алынды.

2013 жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдары өсімдік шаруашылығын дамытуға 461,4 млн. теңге, мал шаруашылығын дамытуға 104,0 млн. теңгенің субсидиясын алды.

 

Кәсіпкерлік

2013 жылы шағын кәсіпкерлік саласы қарқынды дамыды. 2014 жылдың 1 қаңтарына  ауданда шағын бизнестің 2271 шаруашылық субъектілері тіркелді, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4% артық. Шағын бизнес саласында жұмыс жасаушылар саны 4407 адамды құрап отыр, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 0,7% көп.

Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандарына Мичурин ауылдық округіндегі «Автокемпинг», онда 10 жаңа жұмыс орыны ашылды, Трекин ауылдық округіндегі өндірістік қуаттылығы  20 текше/сағ. Бетон өнімдерін шығаратын «Шамшын» ЖШС, онда 12 жаңа жұмыс орыны ашылды. Көшім ауылдық округінде «Жұмыспен қамту - 2020 » бағдарламасы аясында автокешеннің құрылысы жүргізілуде, құрылыстың аяқталуы -  ағымдағы жылдың шілдесі. 12 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Ауданда 42 шағын цехтар жұмыс жасаса, онда 270 адам жұмыспен қамтылған. Шағын цехтардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру көлемі 838,0 млн. теңгені құрап, 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 7,1% көп болды.

Соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында нақты шаралар қабылдануы әлеуметтік мәселелер мен ифрақұрылымдарды құруға бағытталған.

 

«Тұрғын үй құрылысын жаңғырту» бағдарламасы бойынша

2013 жылдың басында аудан бойынша 57 үйді жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні керекті құжаттар жиналып, жобалық - сметалық құжаттамалары дайын. 2014 жылға 41,0 млн. теңгеге өтінім берілді. Бүгінгі күнде көпқабатты үйлердің қожайындарымен «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын жаңғырту» бағдарламасын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Газдандыру

Бүгінгі таңда аудандағы 69 елді мекеннің 46 ауылы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген, яғни  83,5  газдандырылған. Ауданға көгілдір отын БҚӨБ «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арқылы қамтамасыз етіледі. 2013 жылы Қаражар ауылындағы газқұбырының құрылысы аяқталды.

 

Ауыз сумен қамту

Аудан халқының орталықтандырылған су құбырларымен 26-сы қамтылса, бұл елді мекендердегі тұрғындардың сумен қамтылуы  37,7% құрайды. 38 елді мекен шахталық құдықтардан қамтамасыз етілген немесе 55,0%. Тасымал суды  3 елді мекен қолданады.

Зеленов ауданы бойынша 26 су құбырлары болса, оның 11 елді мекеніне «Қазсушаруашылығы» ЕМК қызмет етсе, ал 11-іне «Батыс су арнасы» ЖШС қызмет етеді. Раздольный, Красный Свет, Чиров, Погодаев ауылдарындағы су құбырлары қазіргі уақытта қызмет көрсететін ұйымға берілмеген, себебі олардың құқық беруші құжаттары әлі дайындалып жатыр.

Сапалы ауыз сумен қамту үшін ауылдарды су құбырлары желілерінің құрылыстары мен  қайта қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруымыз қажет. 

Ағымдағы жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Қаражар су құбырын қайта қалпына келтіруге 55 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, 2014 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жобалық - сметалық құжаттамаларын Махамбет ауылдық округінің Павлов ауылына, Трекин ауылдық округіндегі Володар ауылына, Трекин, Рубежин ауылдарында су құбырларының құрылысы және Щапов, Махамбет, Көшім ауылдарында ескі құбырларды қайта қалпына келтіру жоспарлануда.

Қазіргі таңда жалпы құны 76,2 млн.теңге болатын жобалық - сметалық құжаттамалар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындылары бар күрделі жөндеуді 3 елді мекендегі су құбырлары бар. Олар  Переметный, Калинин, Үлкен Шаған және Железнов ауылдық округінің Новенький ауылы.

Сонымен қатар ағымдағы уақытта аудандағы жергілікті атқарушы органдармен республикалық  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізгі бағыттарын іске асыру болып табылады.

Ауылдық аймақтардағы көпшілікпен шешілетін күрделі мәселелереді шешу үшін ауылдық округтерде жергілікті қоғамдастықпен жиналыстар өткізілді. Осы кездерде өте маңызды деген мәселелерді шешу үшін 2013 жылы Зеленов ауданына  республикалық бюджеттен 43,1 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде санитарлық тазалауға - 15,8 млн. теңге, көшелерді жарықтандыруға - 27,3 млн. теңге.  Ауылдық елді-мекендерде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 24 мың тонна көң-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, электр желілері жаңартылып, барлығы 265 шамдар орнатылса, 60 есеп қондырғылары мен 34 шақырым әуелік электр желілері және 40 тірегіштер қойылды.

 

Жер қатынастары

2013 жылы  жер телімдеріне түгендеу жүргізген кезде   46920 га. болатын 81 пайдаланбай жатқан ауылшаруашылық жер телімдері анықталды, соның ішінде 42202 га. егістік алқап анықталды. Ауданның арнайы жер қорына  жалпы көлемі 9687 га. болатын жер телімі қайтарылды. Жалпы көлемі 7683 га. болатын 29 жер телімі иесіз мүлік ретінде есепке алынды.

42  шаруа қожалығының 35,3 мың га. ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына тексеріс жүргізу үшін  жіберілді. Жалпы көлемі 3940 га болатын 10 жер пайдаланушымен жер учаскесін  жалға  беру туралы  шарттар бұзылды.

 

Әлеуметтік сала

Мемлекет Басшысының Жолдауында алдағы уақытта мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басты міндеттері - масылдықты жойып, кедейшілік деңгейін төмендету, өзін - өзі жұмыспен қамтитындарды, аз қамтылғандарды және жұмыссыз халықты өнімді экономикалық қызметке тарту, әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға барлық жағдайлар жасау болып белгіленген. 

2013 жылдың қорытындысы бойынша  аудандағы жұмыспен қамту жағдайы келесідей сипатталады:

- аудандағы экономикалық белсенді халықтың жалпы саны 36824 адам немесе жалпы халықтың 67,1 % құрайды;

- жұмыстың әр түрлі саласында 35349 адам жұмыс істейді, соның ішінде 8097 адам өзін-өзі жұмыспен қамтушылар немесе халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 22,0 %;

- 548 жұмыс орнын ашу жоспарланып, 597 жұмыс орындары ашылып, өткен жылдан 1,2% жоғары.

Ресми жұмыссыздық деңгейі 0,34 % құрады.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 358 адам жолданса, кәсіптік даярлыққа - 96 адам  жолданды.

Бұдан басқа шетел жұмыс күштерін ауыстыру үшін шетел компанияларының қаржы есебінен кадрларды даярлау және қайта даярлау  мақсатында,  әр түрлі мамандықтар бойынша 53 адам жолданды.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген 49,4 млн. теңге толық игерілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты  бойынша «Инфрақұрылымды  және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»  бойынша жалпы құны 76,1 млн. теңгеге мектепке дейінгі балалар ұйымы балабақша мен №1 балалар саз мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаның екінші бағыты аясында «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бағыты бойынша  184 млн. теңге көлеміндегі шағын несие 88 адамға беріліп, 77 жаңа жұмыс орны құрылды. Ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары: мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамыту және тұрмыстық саланың қызметтері (тіс емдеу, декоративті тастар шығару, ауыр жүк тасымалы, наубайхана)  болып табылады.

Бағдарламаның үшінші  бағыты «Жұмыс берушінің кажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналыстыруға жәрдемдесу»  үшін

- кәсіптік қайта даярлауға - 48 адам, мамандарды қайта оқытуға - 4 адам, біліктілігін арттыруға - 14 адам жіберілді.

- «Жастар тәжірибесі» - 66  адам жолданса, оның 23 - і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

- әлеуметтік жұмыс орнына 256 адам жолданды, соның ішінде 100 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

8 үй құрылысына  56 млн. теңге бөлінді.  Бүгінгі күні Переметный ауылына 4 отбасы және Белес ауылына 4 отбасы көшіп келді. Отбасыларға жалпы құны 943,3 мың теңге көлемінде  көтерме жәрдемақылар төленді. Көшіп келген барлық үйлердің отағалары тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауданымызда табысты жүзеге асуда. 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құны 151 млн. теңгеден астам қаржыға тұрғын үй сатып алу үшін жас мамандарға 61 несие берілді және келген 60 маманға жалпы құны 7,2 млн. теңгенің көтерме жәрдемақысы берілді.

 

Денсаулық сақтау

Ауданымыздағы денсаулық сақтау жүйесінің 2 аудандық ауруханасына 12 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік - акушерлік  пункт, 39 медициналық пункт және 1 шипажай кіреді.

Есептік кезең көрсеткіштері:

-         ана өлімі тіркелмеген;

-         бала өлімі 2012 жылмен салыстырғанда 10-нан 13-ке дейін өскен;

-         Туберкулез ауыруының 13 жағдайы тіркелген, бұл 2012 жылдың

көрсеткіші. Онкологиялық аурулар 2012 жылы 119 рет тіркелсе, 2013 жылы 120 рет тіркеліп, 1 сатыға көбейген. Онкологиялық аурулардан өлім деңгейі 59 оқиғаны құрап, өткен жылдың деңгейінде қалды;

-         қан айналымы аурулары 132 ауруға көп тіркелді, 2012 жылғы

1075 оқиғадан, 2013 жылы 1356 оқиғаға ауру өскен. Қан айналымы ауруларының өлім деңгейі 86 оқиғадан 17-ге дейін төмендеді.

Жүрек қан тамырлары және онкологиялық аурулардың көбейуі скренингтік мақсатты анықтаудың нәтижесінде орын алып отыр. Үстіміздегі жылы халықпен аурулардың алдын-алу мақсатында, ауылдық округ әкімдерімен бірігіп ақпараттық - насихат жұмыстарын жүргізуге үлкен көңіл бөлу қажет және халықтың скринингтік тексерулерден өтуін жетілдіру жұмыстарын жалғастыру қажет.

Бүгінгі күні аудандық аурухана халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа технологиялармен жабдықталып, ауруларды бірнеше күннің ішінде аяғына тұрғызатын лапароскопиялық жеңіл жарақаттық оталарын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, орталық ауруханаға емделуге тек жергілікті тұрғындар емес Орал қаласы мен Ресей Федерациясының азаматтары да келеді.

Спорт

Адамдардың денсаулығы көбінесе олардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану қабілетіне байланысты. Зеленов ауданында 160 спорттық нысан, соның ішінде, 46-спорт залдары, 48-футбол алаңы, 30 - баскетбол алаңы, 37 - волейбол алаңы және 1-бадминтон қызмет етеді.

Зеленов ауданы өткен жылы барлық республикалық және облыстық жарыстарға белсене қатысты.

Ерекше жетістіктеріміз: біздің жерлесіміз Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Мәншүк Баданова Араб Әмірлігінде ардагерлер арасында өткен Дзю - додан 5-ші әлем біріншілігінде екінші орын алды.

Орынбор облысында өткен жалпы Ресейлік турнирде Грек-рим күресінен біздің жерлесіміз Айбар Ғалымжанов І орынға ие болды.

Шағын футболдан Саратов губернаторының кубогі үшін өткен жарыстың финалдық кезеңінде аудан командасы ІІІ орын алды.

Ақсай қаласында бокстан өткен ХVІІ халықаралық жарыста Ж.Сейітжан 3 орын алды.

Тараз қаласында өткен каратэ-додан ҚР чемпионатында 4 бірінші орын, 3 үшінші орындарға ие болдық.

облыстық III қысқы спартакиададан аудан командасы жалпы командалық II орынды иеленді.

Мүмкіншілігі шектеулі адамдар арасында өткен облыстық ІV спартакиадада жерлестеріміз 7 жүлделі орынға ие болды.

Туризмнің дамуы

Зеленов ауданының аумағында экология және балалар - жасөспірімдер орталығы жұмыс істейді, 2013 жылы қосымша білім беруді ұйымдастырғаны үшін облыстағы үздік үштікке және БҚО бойынша туризм орталығы рейтингісінде соңғы екі жылда бірінші орынды алады. 2013 жылдың желтоқсан айында Ақмола облысының Щучинск қаласында республикалық спорттық бағдарлау бойынша жарыста орталықтағы үйірмеге қатысатын біздің оқушылар  жекелей сында жеңімпаз болса, ал командалық эстафетада қола жүлдегер атанды. Қ.Аманжолов атындағы Исалиев Шынболат республиканың үздік бағдарлаушысы болып танылды.

Білім беру

Кез - келген мемлекеттің болашағы білім деңгейіне тәуелді болады. 2013 жылы білім беру саласының бюджеті  2,8 млрд. теңгені құрады. Білім беру саласында 6992 оқушыны қамтыған 47 күндізгі білім беретін мектеп болса,  соның ішінде 32 орта, 7 негізгі және 8 бастауыш мектеп. 2 кәсіптік лицей, 2 саз мектебі және 1 спорт мектебі бар.

Ауданның мектепке дейінгі даярлықпен қамтылу деңгейі 100%. 53 мектепке дейінгі мекемелер: 8 балабақша, 5 мектеп - балабақша кешендері, 38 шағын орталықтар қызмет жасайды. 113 оқушыны қамтитын 5 мектеп жанындағы интернат жұмыс жасайды.

Аудан оқушыларының 81%-ы ыстық тамақпен қамтылса, соның 68% тегін тамақтандырылады.

ҰБТ қорытындысы. 2013  жылы орта мектеп курсын бітірген 11 сыныптың 405 түлегінің 230-ы  ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, бұл жалпы түлек санының 57%-ын құрайды.

Аудан бойынша орташа балл 79,3% құрады, бұл облыстық  деңгейден 1,1%-ға  жоғары болды. ҰБТ 2013 жылғы қорытындысы бойынша Зеленов ауданы облысымызда  5 орынға табан тіреді.

Мәдениет саласында көптеген жұмыстар атқарылды

Ауданымызда тұрғындарға мәдени демалыс үшін барлық жағдайлар жасалған. 36 мәдени - демалыс ұйымдары,  1 кинотеатр және 56 кітапхана қызмет етеді. Аудандық мәдени - демалыс орталығының мәдениет мекемелерінде 202 шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдары мен  3 көркемөнерпаздар ұжымның «Халықтық» атағы бар.

2013 жылы ауылдық округтердегі демалыс мекемелерімен әр түрлі және кең ауқымдағы көптеген іс - шаралар оздырылды. Клуб құрылымдарының шығармашылық белсенді жұмыстарына байланысты ауданымыздың барлық ауылдық округтерінде әр түрлі тақырыптағы шаралар ұйымдастырылды.

«Наурыз мейрамы» мерекесінде әрбір ауылдық округтерде жаппай көпшілік шаралар өткізілді. Шекарааралық  ынтымақтастық аясында Ресей Федерациясының  Самара, Саратов облыстарынан делегация өкілдері шақырылды. Өткен жылы ҚР Президентінің Жарлығымен «Отбасы күні» бірінші рет аталып өтті. Ауданымызда осы күнге орай 50 жылдан көп отауласып келе жатырғандармен кездесулер, жас отбасыларымен дөңгелек үстелдер өткізілді. Аудан орталығы мен ауылдық округтерде ҚР Тәуелсіздік және жаңа жыл мерекесіне арналған іс - шаралар салтанатты түрде аталып өтті. Барлық мәдениет мекемелерінде мерекелік концерттер, тақырыптық кештер, спорттық шаралар оздырылды.

Сондай-ақ, біздің ауданның тұрғындары республикалық және облыстық шараларға белсене қатысады:

Өскемен қаласында өткен республикалық дәстүрлі әндерді орындау байқауында Мичурин ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Асхат Қажығалиев дипломант атанды және облыс әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Самара облысында өткен фестивальге ауданымыздың «Достық - Дружба» ансамблі  қатысты және жеке орындаушы С.Саяпин осы фестивальдің лауреаты атанды.

Мемлекеттік тілді дамыту

2013 жылы жыл бойына іс - қағаздарға мемлекеттік тілді енгізу үшін ауылдық округтерге электрондық оқулықтар арқылы әдістемелік көмектер, сөздіктер, кітаптар және әдістемелік көрнекі құралдармен көмектесілді. Аудандағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының деңгейі 85%-ды құрайды. Ауданда мемлекеттік тілді кеңінен енгізу үшін жұмыстар атқарылуда. 2013 жылы аудан бойынша 300 адам «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша оқытылды. Переметный және Дариян ауылдарында арнайы оқу жүргізетін класстар ашылып, керек жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бөлмелер барлық керек электронды сөздіктер, оқу құралдар мен т.б. жабдықтармен толық қамтылған. 2013 жылы 13 ауылдық округте мемлекеттік тілде оқыту курстары жүргізілді.

Қоғамдық-саяси ахуал

Зеленов ауданында саяси - қоғамдық тұрақтылықты орнату үшін саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктермен жұмыстар жүргізілді.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 9 үкіметтік емес ұйым тіркелген, «Нұр Отан» партиясының филиалы жұмыс істейді. Филиалға 27 бастауыш партия ұйымдары кіреді, партия мшүшелері - 2420, Переметный ауылында өз кеңсесі бар. Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросы, партиялық бақылау комиссиясы, жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесі бекітілген, «Жас Отан» жастар қанаты жұмысын істейді. Аудандық партия филиалының негізгі қызметі «Нұр Отан» партиясының сайлау алды тұғырнамасын және «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс 15 съезінде жаңадан қабылданған партияның саяси Доктринасын орындауға бағытталған. Партияның саяси Доктринасы «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы ролін анықтайды.

 

Ауданда Президенттің Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық - насихаттау тобы жұмыс істейді. Оның құрамында аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және мемлекеттік мекемелер басшылары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер кіреді. ҚР Президенті Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жоспарына сәйкес бірқатар саяси - ұйымдастырушылық,   медиа - жоспарға сәйкес ақпараттық - идеологиялық насихаттау жұмыстары жүргізілуде, сыртқы көрнекі ақпарттар қойылды.

Ауданымызда 40-тан астам халықтар мен 18 этно - мәдени орталықтар жұмыс жасайды. Ұлттардың мәдениеті мен ұлттық мұраларын жандандырып, рухани бірліктің идеялары, халықтар достастығын, ұлтаралық ынтымақтастық пен этникалық топтардың келісімдерін нығайту бойынша ұлттық - мәдени орталықтар, фольклорлық ұжымдар құрылып, оны сақтап қалу мақсатында жұмыстар жалғасуда.

Қоғамдық тәртіп

Бәріңізге мәлім, қоғамдағы тәртіп аудан өмірінің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ең маңызды ролге ие.

Ауданымыздағы қылмыстық ахуал 2013 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша жалпы қылмыстың саны 8,9%-ға,  2012 жылғы 713 - тен 2013 жылы 744-ке дейін өскендігі байқалады.

Аса ауыр қылмыстар саны 38 - ден 50 - ге  дейін өскен, бірақ ашылуы 2012 жылмен салыстырғанда 65% - дан 69,6% жоғарлады.

Келесі көрсеткіштер бойынша оң нәтижелер байқалады:

Аса ауыр қылмыстар 21 - ден 9 оқиғаға азайса, ашылу деңгейі 71,4% - тен 107,1% құрады;

Адам өлімі көрсеткіштері бойынша 2013 жылы 7 оқиға болса, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3 оқиғаға төмен.  Ашылуы 50% - тен 100% жетті;

Мал ұрлығы 3 оқиғаға төмендеп, 99 - дан 96 оқиғаға;

Алаяқтық 2013 жылы 18 оқиға тіркеліп, 2012 жыл көрсеткішінен 0,8% азайды.

Қарақшылық 2013 жылы 5 оқиға тіркелсе, 2012  жыл көрсеткішінен 0,7% төмендеді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстарды жандандыру нәтижесінде, сонымен қатар ауылдық округтердегі қоғамдық құрылымдар жұмысының жандануы  оң өзгерістер әкелді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Соңында 2014 жылға жоспарланған ең ірі инвестициялық жобаларға көңіл аударғандарыңызды қалаймын:

1) Мичурин ауылдық округіндегі «Родник фирмасы» ЖШС - нің   бөтелкеге ауыз су өндірісі жөніндегі кешеннің құрылысы.  Жоба құны -    1 млрд. теңге, жаңадан 80 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Инфрақұрылым өндірісін дамыту үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 152,1 млн. теңге бөлінді. Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарлануда.

 

2) Мичурин ауылдық округіндегі «ВККS LPG LTD» ЖШС - нің  көміртегі газдарын сақтау және өңдеу бойынша газтолтырғыш станцияның құрылысы. Жобаның құны - 1300,0 млн. теңге. 30 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні монтаждық құрылыс жұмыстары аяқталып, жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 193,5 млн. теңге қаражат бөлінді.  Аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың шілде айы.

3) Белес ауылдық округіндегі «Жайық Петролеум ЛТД» ЖШС - нің көмірсутекті шикізатты өңдеу және сақтау жөніндегі кешенінің құрылысы.  Жоба құны - 5,5 млрд. теңге. 180 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Бөлінген жер телімі 20 га. құрайды. Бүгінгі күні құрылыс - монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2014 жылдың желтоқсан айы.

4) Белес ауылдық округіндегі «Батыс Пауэр» ЖШС - нің қуаттылығы 200 мВт болатын газотурбиналық электростанция құрылысы. Жобаның құны - 22 млрд. теңгеден астам, 70 жұмыс орны ашу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жер қазу жұмыстары басталды. Нысанды іске қосу 2015 жылдың сәуір айы.

5) Көшім ауылдық округіндегі «Жайық құс» ЖШС - нің  қуаттылығы жылына 6350 тонна ет өндіретін құс фабрикасының құрылысы. Жобаның құны - 3,5 млрд. теңге, жаңадан 224 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Құрылыстың басталуы 2014 жылдың сәуір айы. 2014 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. «Қазагрофинанс» АҚ арқылы 3128,0 млн. теңге бөлінді.

6) Рубежин ауылдық округіндегі «134» ЖШС - нің кірпіш зауытының құрылысы. Жобаның қауаттылығыжылына 30 млн. кірпіш. Жоба құны - 1 млрд. теңге. Жаңадан 50 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Құрылыстың аяқталуы 2015 жылдың 3 тоқсанына жоспарлануда.

Сонымен қатар Щапов ауылдық округіндегі «Бисекеш» ш/қ  ешкі сүтін өңдеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруды жалғастыру. Өндірістік инфрақұрылымды дамыту үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 39,8 млн. теңге қаражат бөлінді. 2013 жылдың желтоқсан айында Татарстаннан 106 аналық ешкі әкелініп, сүт өңдейтін шағын зауыт пен сауатын зал құрылысы және 300 бас ешкі сатып алу жоспарлануда. 2014 жылдың 3 тоқсанында аяқтау жоспарлануда.

 

Құрметті жерлестер!

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті «Қазақстан жолы -2050: Бір - мақсат, бір - мүдде, бір - болашақ» атты Жолдауын жария еткені бәрімізге белгілі.    Елбасының халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауы қоғам дамуына, сөзсіз, үлкен жігер береді. Жақын және алыс болашақтың бағыт-бағдарын айқындап, алға үлкен міндеттер белгілейді. Биылғы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының ел үшін стратегиялық маңызы зор екені сөзсіз.

Мұнда Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуының басты негіздері мен 2050 жылғадейінгі ұзақ мерзімді даму көкжиектері айқын көрсетілген. Сонымен қатар, онда елдің өркендеуі мен оның әрбір азаматының игілігіне негізделген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы арқылы ел тағдыры мен әрбір қазақстандықтың жарқын болашағы көрініс тапқан. Жолдауда көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін Мемлекет басшысы нақты және айқын міндеттер қойып отыр.  Осыған байланысты Жолдауды насихаттау және оның негізгі бағыттарын талқылап түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні аудандық актив жиналысы оздырылды. Елбасы Жолдауын ауданымыз бойынша 42 адамнан тұратын 6  ақпараттық -   насихаттау  тобы құрылып, бүгінгі таңда ауданның әр мекеме, кәсіпорын ұжымдардында ақпараттық -   насихаттау  топтарымен  Жолдауды жан - жақты түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Қазірде алдымызда жаңа міндеттер, зор мақсаттар тұр. Осы асулар мен белестерді бағындыру тек өз қолымызда. Бұл қазақстандық агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіріп, энергетикалық және көлік секторларында инфрақұрылымды дамыту, білім, әлеуметтік саладағы, соның ішінде денсаулық саласындағы қызмет сапасын арттыру арқылы қазақстандықтардың әлеуетін одан әрі жетілдіру болмақ.

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Сөзімді қорыта келіп, мынаны айтқым келеді, 2013 жыл бойынша ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде жоспарланған жұмыстар ойдағыдай орындалғандығы туралы сеніммен айта аламыз.

Елбасының биылғы Жолдауы - мемлекетіміздің стратегиялық жолын ғана емес, халқымыздың «мәңгілік өсіп - өркендеуге» деген талассыз ұмтылысын айшықтайтын Құжат. Олай болса, оны атқару жолында шын жанашырлық танытсақ, бітпейтін іс, алынбайтын асу жоқ деп ойлаймын. Елбасымыз - тұтас еліміздің ұйтқысы болса, Сіз бен біз  осы Елбасымыздың - тірегі бола білсек Тәуелсіз Мәңгілік Елдің келешегі әрқашанда кемел болмақ.

Жолдауда жариялаған жаңа стратегиялық реформаларды жүзеге асыруда, ел экономикасын жаңа сатыға көтеруде, қоғам өмірін жаңғыртуда бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, жұдырықтай жұмылып еңбек етуіміз қажет. Ол үшін жүрегіміз Ел деп, Жер деп соғуы тиіс.

Дана халқымызда «Игілік басы - ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Біз өз кезегімізде халқымыздың әл - ауқатын арттыру жолында еңбектене береміз. Елбасының «XXI-ғасыр Қазақстанның «Алтын ғасыры» болады» деген сөзі - бізді жаңа мақсаттарға жігерлендіреді. Осы мақсатты жүзеге асыру жолында бірлесе аянбай жұмыс жасайтын боламыз.

Бүгінгі берекелі тірлігіміз - ертеңгі бақ-берекенің бастау бұлағы болсын, ардақты ағайын!

 

Назарларыңызға рахмет.