21. 08. 2013 ж 

Құрметті депутаттар мен әріптестер!

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев 14 желтоқсанда «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Бұл халықтың  жұмыспен  қамтылуы, қол жетімді тұрғын үй, аймақтық дамуы, мемлекеттiк қызметтердiң сапасының жоғарлауы, кадрлық потенциалдың жақсаруы, сот және құқық қорғау жүйелерінің жаңғыруы, адам капиталының сапалы өсуі, зейнетақы жүйесiнің жетiлуі, индустриалды - инновациялық жобалар және ауыл шаруашылығының дамуы.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес облыс, қала және аудан әкiмдерінің мiндетіне маслихат депутаттарының алдында жыл сайын есеп беруі  тапсырылған.

2013 жылдың 1 шілдесіне ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп беруге рұқсат етiңiздер.

Ағымдағы жылдың 6 ай ішінде өндірілген өнiмнiң ортақ көлемi 76,7 млрд. теңге құрады, өткен жылдың көрсеткiшінен 23,4% жоғары.

Жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында Н.Ә.Назарбаев дәстүрлі түрде басты бағыттардың бірі ауыл шаруашылығы саласына назар аударып, сұранысқа ие ауыл шаруашылық тауарларын жаңғырту керектігіне тоқталған болатын. Ауыл шаруашылығын дамытудағы басты бағыттардың бірі жаңа технологияларды қолдана отырып, егіс көлемімен оның өнімін ұлғайту болып табылады. 

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауданда дәнді  дақылдардың егісті ауданы 163,0 мың.га.  құрайды. Майлы дақылдардың егістік ауданы 18,7 мың .га.

Картоп және бау-бақша өнімдері 100% орындалып, картоп - 1712 га немесе 104,7%,  көкөністер - 1 600 га  немесе  102,6 %  және  бақшалық - 530 га - немесе 100,8%.

Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары басталып, жүргізілуде. Қазіргі уақытта 7,8 мың га жер шабылып, жоспарланған 14,6 мың Га-ның 53,7% құрады.

Бүгінгі күні күзгі дәнді дақылдарды жинау бойынша 32,2 мың га жиналып, 99,7% құрады.

Орташа 8,3 ц/га бойынша жалпы жиын қоры 26,6 мың тонна құрады

Ауданда  қияр, қызанақтардың қолжетімді бағамен «Алтын болашақ» ш/қ (аумағы 2000 кв/м), «Аймағамбетов» ЖК (аумағы 953 кв/м) және «Дәуқара» ш/қ  (аумағы 750 кв/м) жұмыс жасайды.

Ағымдағы жылы Щапов ауылдық округіндегі «Урал-Лес» ш/қ 5 га жерге алма ағаштарын екті. 

 

Мал шаруашылығын дамыту

2013 жылдың 1 маусымындағы жағдайы бойынша ірі қара мал саны 41,9 мың басты құраса,  соның ішінде сиыр - 16,4 мың бас, жылқы - 3,8 мың бас, қой  - 46,2 мың, ешкі - 6,3 мың бас, шошқа - 15,5  бас, құс - 312,1 мың басты құрайды. Ет өнімдері 4,0 мың тоннаны құрап, 2012 жылман салыстырғанда 11,0% өсті. Сүт - 17,8 мың тонна құрап, 0,9% өссе, жұмыртқа - 19,0 млн. дананы құрап былтырғы жылдың деңгейінде қалды.

Шет елден асыл тұқымды малдар сатып алу.

Үкімет мал шаруашылығына үлкен көңіл бөлуде. Аудан бойынша 200 бас шетелдік  ірі қара  алу жоспарлануда. «Кубеев» ш/қ 50  етті және сүтті бұзау тұқымын сатып алды.

«Доценко» ш/қ Ресей Федерациясынан 150 бас асыл тұқымды сиыр жоспарлауда. Бүгінгі таңда 9 шаруашылық 24 бас асыл тұқымды бұқалар алса, оның 7 өз қаражаттарына ал, 2 «Казагрофинанс» АҚ-нан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы алды.

Жасанды ұрықтандыру пунктінің жұмысы.

Аудан бойынша 41 жасанды ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды.2013 жылдың 1 маусымына 8288 мың бас сиыр ұрықтандырылған, ол аналық ірі қаралардың 65% құрайды.

Малды бірдейлендіру

Ветеринарлық-профилактикалық жоспарға сәйкес 2013 жылдың бірінші жартыжылдығына бірдейлендіру жұмыстары 100% ға орындалды. Қазіргі таңда бірдейлендіруге керек - жарақ барлық ауылшаруашылық жабдықтар алынып, ірі және ұсақ мал бастарын бірдейлендіру жалғасуда.

Кәсіпкерліктің даму статистикасы

Өткен  жылғы кезеңмен салыстырғанда ауданда 2013 жылдың 1 маусымына 2237 шағын  және орта бизнес субъектілері тіркелініп, 2,9% жоғарлады. Оның ішінде 1800 немесе 80,5% жұмыс жасап тұр.

Кәсіпкерлікпен айналысушылар саны 4318 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,1% жоғары.

Ауданда 43 шағын - цех,  ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен айналысуға  жалпы 285,8 млн.теңге, өткен жылмен салыстырғанда  2,3 % құрайды.

Өндіріс көлемі (жұмыс, қызмет көрсету) 2 млрд. 904 млн. теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда  6,7 % өскен.

Ауданда 2012 -2014 жылдар аралығында 33 млрд. 761 млн теңгені құрайтын 49 инвестициялық жобаларды ашу жоспарлануда, соның ішінде бәсекеге қабілетті ішкі және сыртқы саудаға қабілетті 9 инвестициялық жоба бар. Сонымен қатар, қуаттылығы  тәулігіне 4 мың дана нан шығаратын «Белес Агро» ЖШС, Көшім ауылдық округінде қуаттылығы жылына 6300 тонна ет өндіретін «Жайық құс» ЖШС, Белес ауылдық округінде «Орал» ӘКК ҰК біріккен қуаттылығы 200 МВт газотурбиналық электростанция және басқа да жобалар. 

Инвестиция

Инвистицияның басты капиталы 35,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп болды.

7,987 кв.метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, өткен жылдан 10,8% ға төмендегенді көрсетеді.

Жер қатынастары

2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 1274 арыз тіркелді. Жеке тұрғын үй құрылысына жер болмауына байланысты 177 өтініш арнайы кезекке қойылды.

Аймақтық жер инспекциясына шешім қабылдау үшін 38 ауыл шаруашылық құрылымдарының істері жіберілді.

Жалпы көлемі 5507 га құрайтын өз қожайындары жоқ немесе өз еркімен кері қайтарған жер телімдері аудандық арнайы қорға есепке қойылды.

Ауданаралық арнайы экономикалық соттың шешімімен 2 ауылшаруашылық құрылымынан жалпы көлемі 444 га болатын жер телімі тартып алынды.

Кәсіпкерлік

Елбасының Жолдауында жастарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету  ең басты назарда.

Зеленов ауданы бойынша 1 маусымға жылға денсаулық сақтау саласының мамандарына, білім беру саласы мамандарына, мәдениет және спорт саласы мамандарына жұмыс деңгейін жақсарту және ауылда тұрақталуларына әлеуметтік жағдай туғызуда.

Көтерме жәрдемақысы 58 маманға 6 млн. 569 мың. теңге, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттен 19 маманға 41 млн. 270 мың теңге бөлінді. 2013 жылдың 1 шілдесіне көтерме жәрдемақысы мен кредит 100%-ға ие.

Азаматтар тұрғын үй сатып алу бойынша 2013 жылдың шілдесінде 13 үйге жалпы бағасы 77 млн.теңге құрайтын конкурс жарияланды.

Жалпы құны 40 907 000 теңге тұратын тұрғын үй сатып алынды.

2013 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша бес 1 қабатты, 1 пәтерлі, тұрғын үйлер Калининское, Достык, Макарово, Трёкин, Рубёжка ауылдарында және Зеленов ауданында  жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Қазіргі таңда  ЖШС «Батыс Транс Строй» ұйымы  Калининское ауылында, Переметный ауылында 1 қабатты, 2 пәтерлі арендалық тұрғын үйлер салынуда, 2013 жылдың тамыз айында тұрғындарға беріледі.

Сондай-ақ ауданды құрылысқа қажетті инфрақұрылыммен  қамсыздандыруы үшін қажетті жұмыс нысаны құрылысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы еңсеріледі:

- Мичурин ауылындағы ПДП «Южное» жарықтандыру мақсатында және Достық ауылындағы жоғары қысымды газ құбырын  алмастыру үшін жобалық - сметалық құжаттары дайындалуда.

- 2013 жылдың маусым айына Достық ауылында салынған жеке тұрғын үйлерді газдандыру бағытында конкурстар жүргізіледі. Жалпы бағасы 2013 жылға 20 млн. 172 мың теңге құрайды.

- Мичурин ауылдық округінде Садовое ауылында электр желісін жаңарту жұмысына 2013 жылға 4 млн.800 мың. теңге  құрайды, электр желісінің жалпы ұзындығы 1,4 км, нысанның берілу күні 2013 жылы шілде айына келіп тұр.

Қысқы мерзімге дайындық

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар мекемелерде қөыстыққа дайындық жұмыстары басталды. Мемлекеттік және бюджеттік мекемелермен жұмыстың көлемін анықталып, жоспар жасақталды.

Көгілдір өтын

Ауданның 69 елді мекенінің 46-сы көгілдір отынмен қамтылған. 15765 үйдің 13168-і көгілдір отынмен қамтылып, 83,5% құрады.

Тұрғын үй

«Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 8 бір қабатты үйдің құрылысы жалғасуда. Оның 4-уі Переметный ауылдық округінде болса, 4 үй Белес ауылдық округінде орналасқан. Бір үйдің жалпы көлемі 74,1 ш.м. құрады.

2011 - 2014 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Достық, Трекин, Макаров және Рубежка ауылдық округтеріндегі  және Калинин ауылындағы 5 бір қабатты үш бөлемлі тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілер тартылып аяқталды. Жалпы ұзындығы 0,845 км.

Сонымен қатар, Достық ауылдық округіндегі жаңа қоныс аймағына ұзындығы 53,2 км. болатын электро желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 2013 жылдың тамыз айында аяқтау көзделуде.

 Еңбек нарығы

Ел басшысы  өз Жолдауында ерекше көңiл бөлген  бiрiншi бағыт,  бұл қазақстандықтарды жұмыспен қамтамасыз етуi. 2011 жылы бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауданда нақты жұмыстар жүргізілуде. 

Қазіргі таңда аудандағы жұмыспен қамту және халықтың өмірлік сапасын арттыру жағдайы келесідей сипатталады: 

Экономиканың барлық салаларында  226 жұмыс орны пайда болып,2012 жылмен салыстырғанда  40,2% төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 0,7% құрайды.

2013 жылдың 1 шілде жұмыссыздар саны 227 адамды құрайды.

Орташа жалақы құны 2013 жылдың қаңтар-маусым айларына 59 997 теңгені құрайды.

Денсаулық сақтау

Мемлекеттік денсаулық сақтау желісі ауданымызды 2 аудандық ауруханалар арқылы көрсетіледі. Олардың құрамына 12 дәрігерлік амбулаториясы, 4- акушерлік-фельшерлік пункті, 41 дәрігерлік пункті және 1 сауықтыру кешені кіреді.

-      Ауданда негізгі көрсеткіштер бойынша оң өзгерістер байқалуда:

-      2013 жылдың І жартыжылдығында сәби өлімі бойынша 5 оқиға тіркелді.

-      Ана өлімі оқиғасы тіркелмеген:

-      Қан айналымы жүйесінің  аурулары бойынша өлім көрсеткіші төмендеді.

-      туберкулез, онкопатология ауруларының көрсеткіші төмендеді.

Ауданда салауатты өмір салтын насихаттауда денсаулық сақтау,  дене шынықтыру және спорт салалары бір бағытта жұмыстануда. 2 млн. 245 мың. теңге спорттық іс - шаралар ұйымдастыруға бөлінді.

Спорт

Аудан спортшылары облыс және республикалық көлемдегі ұйымдастырылған жарыстарға белсене қатысып, жоғары нәтижелер көрсетуде. Бұл бағытта ауданымызда 2 стадион, 46 спорт зал, 114 спорт алаңдары бар.

 Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарда Переметный және Дарьян ауылдарында  аудандық IV қысқы ауыл спартакиядасы оздырылды.  16 наурызда Дарьян ауылында «Қазақша күреснен» «Қазақстан барысы» аудандық турнирі , ал 15 сәуір мен 20 мамыр аралғында  13 түрі бойынша аудандық VIII жазғы ауыл спортакиядасы өтті. Орал қаласында өткен облыстық 3 қысқы спартакиядасына қатысып аудан 2 орынға иеленді.

Білім беру

Білім беру- қоғамдағы элеуметтік саланың басты бағыттарының бірі.

Білім беру бойынша 7030 оқушыны құрайтын 48 күндізгі мектептер, оның 34 орта білімді болса, 6 негізгі және 8 бастауыш мектептер.

375 оқушылары бар 2 кәсіптік лицей болса, 657 оқушысы бар 8 мектепке дейінгі мекемелер бар. Сонымен қатар,  2 саз мектебі (240 оқушы), 1 спорт мектебі (686 оқушы) бар.

Ұлттық бірыңғай тестілеу  қорытындысы бойынша  ауданның орташа баллы 79,3  баллды құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда 4,6 баллға төмен (85,4). Облыстың орташа  баллынан 4 балл жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр (76балл). Зеленов  ауданы  облыс бойынша  3 мектеп-гимназиясы бар ауданнан және Орал қаласынан кейін 5-ші  орынды  иеленді.  Мектеп түлектерінің  «Алтын  белгі» төсбелгісіне  8 үміткердің  2-уі ғана  «Алтын белгі»  иегері атанды. 27 мектеп түлегі 100 баллдан жоғары балл жинады.

Мәдениет

Ауданда бүгінгі таңда 36 клуб мекемелері жұмыс жасауда. Осы уақытқа дейін мәдениет мекемесі «2013 жылғы мәдени көпшілік іс-шаралар жоспарына» сәйкес жұмыстар жүргізуде. Клуб құрылымдардың белсенді шығармашылық жұмыстарының арқасында барлық аудан округтерінде түрлі бағыттағы тақырыптық іс - шаралар өткізілді. 1 жартыжылдық  ішінде 2 106 іс - шара ұйымдастырылып, оның ішінде 654  мемлекеттік тапсырыс бойынша және ақылы қызмет 452.

Ішкі саясат және қоғамдық тәртіп.

Ауданымызда 40 тан астам ұлт өкілдері мекендейді. Ардагерлер, әйелдер ісі, жастар мен кәссіпкерлерге арналған 9 үкіметтік емес ұйымдар мен 4 діни бірлестіктер жұмыс жасайды.

Ұлт аралық келісімді қалыптастыруға арналған 18 этно-мәдени бірлестіктер жұмыс жасауда.

2013 жылдың бірінші жартыжылдығына республикалық және облыстың өкілдері қатысуымен 2 форум, 12 дөңгелек үстел, 10 семинар-жиындар өткізілді.

Жыл сайын ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау үшін АНТ өз жұмысын жасайды. Олардың қатысуымен бүгінгі күнге 48 халықпен кездесу өткізіліп, 13 мың астам адамды қамтыды. Барлық ауылдық округтерде тақырыптық банерлер ілінген.

Бәрімізге  белгілі  тұрғындардың қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде құқық қорғау органдар негізгі  рөл атқарады. Соңғы 6 ай қорытындысы  бойынша  үстіміздегі жылы ауданымызда 337 қылмыс тіркеліп, былтырғымен салыстырғанда 18,1% ға өскені басқалады.  Бүгінгі күні 100 пайызға  ашылған  21 ауыр және аса ауыр қылмыс тіркелді. Мал ұрлығы  31 ден 45 ке өскен. Кәмелетке толмағандар арсындағы құқық бұзушылық 10 нан 8 азайды.

Құрметті депутаттар,әріптестер!

Бүгінгі таңда атқарылған және  атқарылатын  жұмыстардың бір бөлігі  ғана айтылды. Болашақта Елбасының және Үкіметтің  берген  тапсырмаларын  уақытылы  бірге жүзеге  асырамыз  деп сенемін. Назарларыңызға  рахмет!