Қайырлы күн құрметті Алтай Сейдірұлы,

қымбатты жерлестер және есеп беру кездесуіне қатысушылар!

 

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық тойымен айшықталған 2016 жыл жасампаз істерге толы болды. Ел тарихында алтын әріптермен таңбаланған жыл ауданымыз үшін өте табысты өтті. Қашанда ауызбіршілігінен, татулығынан айнымаған халқымыз берік бірлігін наурыз айында өткен сайлау науқанында кезекті мәрте көрсетті. Халықтың қоғамдық-саяси науқанға белсенділікпен қатысып, өз таңдауын танытуы жарқын болашағына сенгені деп білеміз.

Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын аудан халқы ерекше серпіліспен қабыл алды. Тәуелсіз еліміз үшінші мүшелге қадам жасаған тұста ұсынылып отырған Қазақстанның үшінші жаңғыруының бес басымдығы жаһандық өзгерістерге деген сындарлы жауап болмақ. Аграрлық шаруашылыққа бейімделген ауданымыз Жолдау межелеген міндеттерді уақтылы әрі тиянақты іске асыруда жауапкершілік танытады деп сендіремін. 

Әр жолдауда нақтыланып, алдымызға қойған маңызды тапсырмаларын тиянақты орындаудың, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді ұйымдастырудың арқасында біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын толайым табыспен қарсы алып, ырысымызды еселей түстік.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша белгіленген қадамдар қоғамның жаңаша дамуына тың серпін беруде. Мұның бір ғана мысалы, жергілікті халықтың қоғамдық-саяси ахуалға тікелей араласуына жол ашқан Қоғамдық Кеңестің құрылуы мен халық алдында есеп беруге міндетті, әр тұрғынмен етене жұмыстанатын Жергілікті полицияның жасақталуы дер едім.  

 Ұлт Көшбасшысының тікелей қадағалауындағы «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуы аудан халқына мол мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында аудан орталығын облыспен жалғайтын күре жол құрылысы қарқынды жүргізілсе,  жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрған 600-ден астам отбасы инфрақұрылымы жүргізілген аймақтан жер алатын болады.

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы ешқашан назардан тыс қалған емес.

 

Инвестициялар, бюджет және салық:

Негізгі капиталдың инвестиция көлемі 105,8 млрд. теңге құрады, 2015 жылға қарағанда 10,3% өсу байқалады, соның ішінде қаржыландыру көздері бойынша: республикалық бюджет есебінен 3,6 млрд. теңге, 2,4 есеге өсу байқалады.

жергілікті бюджет есебінен 320,5 млн. теңге, 1,5 есеге өсу байқалады.

өз қаражат есебінен 95,3 млрд. теңге, 1,2 есеге өсу байқалады.

банк несиелері есебінен 2,8 млрд. теңге, 2016 жылы 5,7 млрд.теңгеге былтырғы жылға қарағанда азайды және қарыз қаражаты 3,7 млрд.теңге құрады, 2016 жылы былтырғы жылға қарағанда 1,4 млрд. теңгеге азайды.

Мемлекеттік бюджетке 7,1 млрд. теңге жиналды, 2,7 есе өсу байқалады, соның ішінде аудандық бюджетке - 2,1 млрд. теңге, 2015 жылдың қаңтар-қараша айларына қарағанда 24,3%-ға өскен, республикалық бюджетке - 2,2 млрд. теңге, 3,3 есе өсу байқалады, облыстық бюджетке - 2,8 млрд. теңге, 8,3 есеге өсу байқалады.

 

Агроөнеркәсіп кешені

2016 жылы егіс алқаптарының жалпы көлемі 201 мың га құрады.  Жазғы дәнді-дақылдардың жалпы көлемі 17 ц/га орташа өнімділік көрсеткішімен 210,8 мың тонна құрады.  151 ц/га орташа өнімділік көрсеткішімен жиналған картоптың жалпы көлемі  31,7 мың тонна, көкөніс дақылдары- 27,8 мың тонна, орташа өнімділігі   152 ц/га, бақша дақылдары - 10,9 мың тонна, орташа өнімділігі 160 ц/га.

Биылғы жылы аудан күздік дақылдар бойынша орташа өнімділік 32,5 ц/га жағдайында рекордқа жетті. Кейбір шаруашылықтардың өнімділігі 52 ц/га-ға жетті. Биыл 41 мың га күздік дақыл егілді, 2015 жылға қарағанда 10 мыңға көп.

Ағымдағы жылы майлы дақылдардың жалпы көлемі 22,3 мың га құрады, 2015 жылмен салыстырғанда  2,4 есеге егіс көлемі көбейді. Ағымдағы жылы майлы дақылдарды жалпы жинау 25,2 мың тоннаны құрады .

2017 жылдың 1 қаңтарына ет өнімі  8,2 мың тонна (былтырғы жылдың деңгейіне 101%), сүт -  38,6 мың тонна (100%), жұмыртқа - 52,3 млн. дана (102%) құрады.   

2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына ірі қара мал 38,4 мың бас немесе 97% құрады, 2015 жылға қарағанда:

2017 жылдың 1 қаңтарына кейбір мал басы санының  3% шамасында  төмендеу байқалады, бұл ағымдағы жылдың наурыз айында 1800 басы бар «КроунБатыс» ЖШС ірі инвестициялық жобасы өз жұмысын тоқтатуына байланысты.

Соның ішінде сиыр - 17,9  мың бас (105%),

Қой мен ешкі           - 54,3 мың бас (101%),

Жылқы                    - 4,3 мың бас (109%),

Шошқа                    - 14,3 мың бас (103%),

Құс                          - 335,3 мың бас (114%).

Жем-шөп дайындау

Ауданның барлық ауыл шаруашылық құрылымдары толықтай қыстаққа дайын, мал азығының 2 жылдық қосымша қоры бар, ауданның шаруашылықтары концентратталған азықпен 100% қамтылған. 

Барлық дайындалған азық қыстақ орындарына жеткізілді.

 

Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру

2016 жыл бойынша 22 қарыз алушыға - 237,7 млн. теңге несие қаражаттары берілді, соның ішінде:  

Ауыл шаруашылығын қолдаудың қаржылай қоры арқылы - 9 қарыз алушыға - 28 млн. теңге;  

КТ «Батыс-Шаруа» ЖШС арқылы - 13 қарыз алушыға - 209,7 млн. теңге берілді.

Субсидиялау

2016 жыл бойынша ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарымен жалпы көлемі 767,2 млн. теңгеге демеу қаржы алынды, соның ішінде:

Өсімдік шаруашылығына 366,2 млн. теңге (2015 жылы 257,3 млн. теңге);

Мал шаруашылығына 327 млн. теңге (2015 жылы 562,5 млн. теңге).

Инвестициялық субсидиялау бойынша 74 млн.теңге.

Жер қатынастары

Ағымдағы жылдың өткен мерзіміне республикалық бюджетке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге төлем қайтарымы бойынша 32,6 млн. теңге  көлемінде төлем түсті, аудандық бюджетке елді мекендерде орналасқан жер учаскелері сатылымынан, сонымен қатар 68 жер учаскесін пайдалану мақсатын өзгертуден 38,6 млн. теңге қаражат түсті.

Ауданның арнайы қорына жалпы көлемі 18,7 га құрайтын мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері қайтарылды, атап айтқанда: егістік -  12478,2 га, жайылым - 5893,4 га және шабындық алқаптар 320 га.

 

Шағын және орта бизнес

Аудан бойынша шағын және орта бизнестің 2639 субъектісі тіркелген (заңды тұлғалар - 290, жеке кәсіпкерлер - 1769, шаруа қожалықтары - 580) былтырғы жылға қарағанда 1,5%-ға өсті (2015 жылы 2601 субъект).

Қазіргі таңда іске қосылып тұрған шағын және орта бизнестің субъектілер саны 2181 немесе 82,6% құрайды (2015 жылы - 2259). Мұндағы жұмысшылар саны 5199 адамды құрайды, өсу 1,1% құрады (2015 жылы - 5140) .

Өндірілген өнімнің көлемі (жұмыс және қызмет)  19,7 млрд.  теңге құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 29,7% өсу байқалады.  (2015 жылы - 13,1 млрд.  теңге)

Ауданда  ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша 46 шағын цех (2015 жылы - 44) тіркелген, мұнда 320 адам(2015 жылы - 310)  жұмыс істеуде. 569,7 млн. теңгеге өнім өндірілген (2015 жылы - 548,5 млн.теңге).  

Шағын және орта бизнес саласында 792 жаңа жұмыс орны ашылды, жылдық жоспар бойынша 140,2% құрайды(жылдық жоспар 565 орын) .

Сумен жабдықтау

Зеленов ауданындағы су құбырларының ұзындығы 148,2 км құрайды. Орталық су жабдықталумен 28 елді мекен немесе 5039 аула қамтылған, бұл 41,2% құрайды.

Шахталық құдық суымен 37 елді мекен (54,4%)пайдаланады.

Халық саны 482 адам құрайтын 3 елді мекен тасып әкелетін сумен пайдаланады, бұл 4,4% құрайды. Олар Мичурин ауылдық округінің Зеленый ауылы (366 адам), Карпов (78 адам) және Таловая (38 адам).

Қазіргі таңда Переметный ауылдық округінің Чапаев көшесіндегі су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл жөндеуге жергілікті бюджеттен  1,1 млн. теңге бөлінді.  

Газдандыру

Аудан ауылдарының табиғи газбен қамтылу пайызы 82,% құрайды. 68 елді мекеннің 50-ы немесе 13990 ауласы газбен қамтылған. Аудандағы газ құбырларының жалпы ұзындығы  536,7 км құрайды.

 

Автомобиль жолдары

Бүгінгі күні аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгерімінде    891,3 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары тұр. 

2016 жылда ауданның автомобиль жолдарын ұстау үшін 204,4 млн. теңге бөлінді. Аталған жұмыстарды жүргізу үшін «Коммунальник» МҚК-мен шарт жасалды. 

2016 жылы «БҚО, Зеленов ауданы, Мичурин ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу» жобасын іске асыруға аудандық бюджет қаражатынан 1 млн. теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорының қаражатынан - 122,9 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні жұмыстар толықтай аяқталды.

Шұғыл қажеттіліктер резервінен Зеленый ауылына апаратын автомобиль жолдарын ағымдық жөндеуге 1,7 млн. теңге  бөлінді. Суөткізгіш құбырдың дренаждық бетон сақиналарын ауыстыру, жұмыс жүргізу орындарында автомобиль жолдарына асфальтты төсеу және қиыршық тас қалау жұмыстары, сонымен қатар  ілеспелі жұмыстар жүргізілді.

Белес ауылына апаратын автомобиль жолының шұңқырлы жөндеуі жүргізілді, жөндеу аумағы 217 шаршы метрді құрайды.

Мичурин ауылының ауылішілік жолдарына ағымдық жөндеу жүргізуге аудандық бюджеттен 134,5 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстар аяқталды.

Переметный-Шалғай жол бөлігінің Үлкен Шаған-Вечный автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды және сараптамадан өтті. Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға аудандық бюджеттен  30 млн. теңге бөлінді. Аталған автомобиль жолы бөлігінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 3 млрд. 55 млн. теңге құрайды.

Көп мөлшердегі жауын-шашынның, қардың болуы жағдайына 30 бірлік ауыр техника, соның ішінде  2 МТЗ-1221.2В тракторы, 1 тіркемелі бұрыштығы бар  К-150 тракторы, автогерйдерлер және   жақты шөміштері бар тиегіштер қарастырылған.

Отын және инертті материалдарды сатып алумен жоғарыда аталған ұйымдар айналысады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Абаттандыру

2017 жылдың 1 қаңтарына ауданда  жүргізілді:

- Переметный ауылының Гагарин көшесін абаттандыру (Орталық алаңның қайта жаңарту);

- Переметный ауылындағы  стадионды   абаттандыру;

- жалпы сомасы 6,5 млн. теңгеге Дариян ауылында қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында 6 бейнебақылау камералары орнатылды;

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2016 жылы аудандық бюджеттен  50,2 млн. теңге бөлінді, келесі жұмыстар жүргізілді:

- жалпы сомасы 14,3 млн. теңгеге 9 елді мекенде балалар ойын алаңдары жасалып, орнатылды;

- жалпы сомасы 4,2 млн. теңгеге 8 елді мекенде көше жарығының жөнделуі  жүргізілді;

- жалпы сомасы 9 млн. теңгеге 4 елді мекенде ауылішілік жолдарға ағымдық жөндеу жүргізілді;

- 5,2 млн. теңгеге Дариян ауылында ескерткіштер мен арық жүйесіне  ағымдық жөндеу жүргізілді;

- 460 мың теңгеге Чиров негізгі мектебінің спорт залының терезелеріне  ағымдық жөндеу жүргізілді;

- 1,3 млн. теңгеге  Чеботарев және Махамбет ауылдарында саяжайларға қоршау орнатылды; 

- 6,7 млн. теңгеге Асан ауылында арық жүйесі  жүргізілді;

- 992 мың теңгеге  Шалғай ауылында саяжай абаттандырылды; 

- 2,6 млн. теңгеге  Рубежин және Погодаев ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары орнатылды;  

- Үлкен Шаған ауылында ауылішілік жолдарға ағымдық жөндеу жүргізілді.

Құрылыс

2017 жылдың 1 қаңтарына Зеленов ауданы бойынша 18,5 мың шаршы метр құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға берілді, халықтың өз қаражаты есебінен 151 үй салынды.  

Бүгінгі күнге ауданда келесі нысандардың құрылысы аяқталды:

- Переметный ауылдық округі Озерный ауылында 48 оқушыға арналған мектеп құрылысы, нысан құрылысының құны - 217,7 млн. теңге, 2016 жылға бөлінген қаражат - 216,3 млн. теңге, ақшалай қаражат толығымен игерілді;

- Переметный ауылының жаңа тұрғын үй құрылысына берілетін жер алаптарын электр және сумен жабдықтау, 200 жер учаскесі, 2016 жылға бөлінген қаражат -  143 млн. теңге, игерілді -  136 млн. теңге. (Мердігер ұйым- «ЛИФТЭС» ЖШС);

- Белес ауылының жаңа тұрғын үй құрылысына берілетін жер алаптарын  электр және сумен жабдықтау, 210 жер учаскесі, 2016 жылға бөлінген қаражат - 111,5 млн. теңге, ақшалай қаражат толығымен игерілді;

Володар ауылының солтүстік-батыс тұрғын алабын электрмен жабдықтау аяқталды, 360 ЖТҚ жер учаскесі, 2016 жылға бөлінген қаражат - 94,3 млн. теңге, 100% игерілді. (Мердігер ұйым -«СПМК-123 »ЖШС).

Бүгінгі күні Зеленый және Садовый ауылдарында  жаяу жүргіншілерге арналған Шаған өзені арқылы аспалы көпір құрылысы жүргізілуде, 2016 жылға 67,8 млн. Теңге көлемінде қаражат бөлінді, 100% игерілді.

 

Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу:

Зеленов ауданында мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу 1-5 жас аралығындағы балаларды қамту  63,3% құрайды. Бүгінгі күні ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында кезекте тұрған балалар саны 890 баланы құрайды, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 191 адам немесе 29%-ға артты.  Мектепалды дайындықпен 5-6 жас аралығындағы 893 бала қамтылған, 2015 жылмен бірдей.

2016-2017 оқу жылының басына 8 балабақшада, 13 мектеп-балабақша кешенінде, 27 шағын орталықтарда 1769 бала оқытылып тәрбиеленуде (2015 жылы - 1801). 3-6 жас аралығындағы балалар саны көрсеткіші  99,3 пайызды құрайды. Қазан айында 8 мектеп жанындағы толық күн баратын шағын орталық мектеп-балабақша кешеніне қайта ұйымдастырылды. Бірінші рет Трекин ауылында 65 балаға арналған «Күншуақ» балабақшасы ресми тіркеліп, жұмыс істеуде.

Орта білім

Мектеп және балабақшаларды бейнебақылау камераларымен жабдықтау үшін «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатынан 473 бейнекамера алынды, 28 мектепте және мектеп жанындағы интернаттарда, 29 балабақшада 444 камера орнатылды.

Чувашин, Макаров, Көшім және Батурин мектебіне оқушыларды күнделікті тасымалдау үшін УАЗ маркалы 3 автокөлік және Газель маркалы 1 автокөлік  алынды.

42 мектепте ыстық тамақ, 4 бастауыш мектептерінде - тегін буфетті тамақтану ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы ыстық тамақтың бағасы 120-дан 200-ге көтерілді. 2017 жылда ыстық тамақтың бағасын 240 теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.  

359 мектеп түлектерінің ішінде ҰБТ-ге 229 қатысты, аудан бойынша орташа балл 80,9 құрады. «Алтын белгі» иегері - бір түлек, 12 түлек үздік аттестат иегері болды.  

Оқушылардың жазғы демалыспен қамтылуы 100% құрады.

Жаңа оқу жылының басталуы алдында «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Акция барысында 3645 оқушы қайырымдылық көмегімен қамтылды, бұл мақсат үшін жалпы сомасы 15,5 млн. теңге, соның ішінде жергілікті бюджет есебінен 6,4 млн. теңге бөлінді, 9 млн. теңгеден астам қаражат демеушілер көмегімен жиналды.  

 2016 жылдың 1 қыркүйек күні мектеп парталарына  7786 оқушы отырды, соның ішінде 1 сыныпқа 953 оқушы, 11 сыныпқа 369 оқушы. Кешкі мектепке 88 тыңдаушы қабылданды.  

Аудан мектептеріне 26 жас маман қабылданды. 693 мұғалім және әдіскерлер жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтті.  Барлығы мектептерде 1507 педагог жұмыс істейді.

20 мектеп жаңа компьютерлермен жабдықталды, 17,5 млн. теңге бөлініп, 117 компьютер сатып алынды, одан басқа 4 аз-жиынтықты мектептерге мультимедиялық құрылғылар орнатылды, толық жиынтық 1,6 млн. теңге құрады.

Денсаулық сақтау:

Медициналық көмекпен қамтылған халық саны 50809 адамды құрайды.

Халыққа 68 дәрігер, 333 орта медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. 2016 жыл бойынша 14 жас маман келді, оның ішінде 5 дәрігер, бір медицицналық қызметкер тұрғын үймен қамтылды.  

Аурухана құрылымына 128 төсек орындық тәулік бойы қызмет көрсететін стационар, отбасылық денсаулық орталығы және 137 төсек орындық күндізгі стационар кіреді.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына туу көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңіне сәйкес келеді.  

Жалпы өлім көрсеткішінің 2,7%-ға төмендеуі байқалады.

Ана өлімі тіркелмеген;

Бала өлімі өткен жылдың көрсеткішімен бірдей;

Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 68,2 жастан 68,7-ге дейін өсті.

Жүйелі қанайналым ауруларынан өлім көрсеткіші 10%-ге төмендеді, 274-тен 247 жағдайға.  

Онкологиялық аурулардан өлім көрсеткіші 19,4% төмендеді, 94-тен 76 жағдайға.

Скрининг, профилактикалық шараларды, дәрігерлік консультативті қабылдаулар жүргізу үшін медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттерге, дәрігерлік амбулаторияларға шығу үшін бригадалар құрылды. 

Үлкен Шаған және Зеленый ауылдарына УАЗ маркалы екі санитарлық автокөлік сатып алынды.

Өткен жылы жалпы сомасы 39,6 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Ағымдағы жылы 59,6 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда. 

Ауданның 11 денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 225,3 млн.теңге бөлінді, олар:

-  жалпы сомасы 84,3 млн. теңгеге Дариян ауылындағы аудандық  аурухана ғимаратын күрделі жөндеу;

- жалпы сомасы 30,9 млн. теңгеге Зеленов аудандық  ауруханасының гаражын күрделі жөндеу;

- жалпы сомасы 52 млн. теңгеге Рубежин, Үлкен Шаған, Белс ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория ғимараттарын күрделі жөндеу;

- жалпы сомасы 27,5 млн. теңгеге Володар, Новенький және Шалғай ауылдарындағы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимараттарын  күрделі жөндеу;

- жалпы сомасы 30,6 млн. теңгеге Котельников, Чесноков, Павлов, Озерное ауылдарындағы медициналық пункт ғимараттарын күрделі жөндеу;

Раздольный және Егіндібұлақ ауылдарының медициналық пункт ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттама дайындауға, сонымен қатар өрт сөндіру резервуарын, су қыспақты мұнараны күрделі жөндеуге, Зеленов аудандық ауруханасын қоршау және абаттандыруға облыстық бюджеттен  5,5 млн. теңге бөлінді.

 

Мәдениет және спорт:

«25 жұлдызды күн» республикалық акциясы аясында ауданның 22 ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шаралар өткізілді.

Өткен жылдың 7 қазан күні аудан орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып аудан күні атап өтілді, аталған мерекелік іс-шараға Ресей Федерациясының өкілдері, облыс және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында ауылшаруашылық жәрмеңкесі, ауылшаруашылық техникалары мен асыл тұқымды малдар көрмесі, сонымен қатар ұлттық ойын түрлері және мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Тұрғындардың мәдени демалысын жақсарту мақсатында, ауданда үнемі материалдық-техникалық база жаңартылып тұрады, мәдениет үйлері мен ауылдық клуб ғимараттары ағымдық және күрделі жөндеуден өткізіледі. 

Сонымен қатар республикалық бюджет қаражатынан 2016 жылдың аяғында Раздольный, Зеленый, Чиров ауылдық клубтарына және Дариян мәдениет үйіне ағымдық жөндеу жүргізуге қаржылай қаражат бөлінді.

Спорт

Ауданда 162 спортты құрылымдар, соның ішінде: 2 тир, 48 футбол алаңы, 30 баскетбол, 35 волейбол және 1 бадминтон алаңқайы, сонымен қатар 46 спорт залы жұмыс істейді. 

Біздің спортшылар облыстық және республикалық жарыстарға қатысып, жоғары көрсеткіштер көрсетуде:

- халықаралық жарыстарда - бірінші орын - 5, екінші орын - 5, үшінші орын - 3 спортшы;

- республикалық жарыстарда - бірінші орын - 26, екінші орын - 12, үшінші орын - 17 спортшы;

- облыстық жарыстарда - бірінші орын - 26, екінші орын - 24, үшінші орын - 32 спортшы;

- ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада аудан командасы жалпыкомандалық 2-ші орын алды, 2014 жылы жалпыкомандалық 1-ші орын

 

Общественная безопасность

2016 жылдың 12 айы бойынша ауданның криминогенді жағдайына талдау бойынша 17,7%-ға қылмыстың өсуін көрсетеді.

2017 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жалпы қылмыс саны 1055 жағдайды құрайды, (01.01.2016  - 896 жағдай)

2016 жылы ауданда жасалған 7 аса ауыр қылмыс тіркелген (2015 жылы - 7 жағдай)

Тіркелген ауыр қылмыс саны - 50 жағдай, 2015 жылға қарағанда 2%-ға төменделуі байқалады.

Бөтен мүлік ұрлығы бойынша 723 жағдай тіркелген, 2015 жылға қарағанда 20,3%-ға өсу байқалады.

Мал ұрлығы бойынша 76 жағдай тіркелген, (2015 жылы - 54 жағдай).

 

Сыбайлас жемқорлық:

Ауданның барлық мемлекеттік органдарының жұмысы «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарымен және басқа да заң актілерімен реттеледі.

Аудандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары Батыс Қазақстан облысының әкімі бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында ауылдық округ әкімі аппараттарында және мемлекеттік органдарда семинарлар, акциялар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. 

2015 жылы жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған үшін 3 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 2016 жылы 2 мемлекеттік қызметшіге толық емес қызметтік сәйкессіздік түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер саны азайды.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шараларды жетілдіру, қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар арсындағы қарым-қатынас деңгейін жоғарылату бүгінгі күннің талабы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықты барлық мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар, мемлекеттік емес және қоғамдық бірлестіктердің бірлескен іс-әрекеттердің арқасында жеңуге болады.

 

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы

«Бизнестің жол картасы - 2020»

2016 жылдың басынан 5,9 млрд. теңгеге 20 жоба келісілді, соның ішінде 292,4 млн. теңгеге ішінара кепілдендіруімен 10 жоба. 77 жаңа жұмыс орны құрылды.  

2 млн. теңгеге 2 грант алынды. (Переметный ауылында «Фитнес орталық» және «Прогресс»ағылшын тілін оқыту орталығы)

2016 жылы шағын және орта бизнес субъектілерін аймақтық қаржыландыру аясында облыстық бюджеттен және «Даму» қорынан экономиканың шикізаттық емес салаларындағы кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге көлемінде несие қаражаттары бөлінді.  

Ағымдағы жылдң 1 қаңтар жағдайы бойынша жалпы сомасы 410 млн. теңгеге 4 жоба келісілді және қаржыландырылды. 

Олар: «Авангард» ЖШС айналым қаражатын толықтыруға 100 млн. теңге (өсімдік шаруашылығы), «Автотрансзапад» ЖШС жүк тасымалдауға100 млн. теңге, «Саят этно-туристік орталығы» ЖШС  жалпы сомасы 200 млн. теңге (туризм), жеке кәсіпкер «Урашева» Көшім ауылынан дүкен ашуға10 млн. теңге.

Ауданда аталған жобалар арқасында 4 жаңа жұмыс орны ашылып, 119 жұмыс орны сақталды.

Бүгінгі күні индустрияландыру картасына ену мүмкіндігі бар 4 жобамен жұмыс жүргізілуде, олар:

- Рубежин ауылдық округінде «134» ЖШС кірпіш зауытының құрылысы, өндірістік қуаттылығы жылына 30,0 млн. кірпіш. Жоба құны 1,0 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны 30 адам. Жоспарланған іске қосу мерзімі  2017 жыл.

- Макаров ауылдық округінде жеке кәсіпкер «Жапбаркулов Ж» кірпіш зауытының құрылысы, өндірістік қуаттылығы жылына 15,0 млн. кірпіш. Жоба құны 720 мың. АҚШ доллары, жұмыс орындарының саны 30 адам. 2017 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарлануда.

- Щапов ауылдық округінде «Жаик Агро ЛТД» ЖШС құс фабрикасының құрылысыөндірістік қуаттылығы жылына 6000 тоннаға дейін құс еті. Жоба құны 4,1 млрд. теңге, 200 жұмыс орны ашылады. Жоспарланған іске қосу мерзімі  2017 жыл.

- Белес ауылдық округінде «Жайык Петролеум ЛТД» ЖШС көмірсутек шикізатын өңдеу және сақтау кешенінің құрылысы,  180 жұмыс орны ашылады. Жоба құны 5,5 млрд. теңге. Жоспарланған іске қосу мерзімі  2018 жыл.

 

Жұмыспен қамту:

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша ауданда 792 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл жылдық жоспардың  140% құрайды (жылдық жоспар бойынша - 565). Ресми жұмыссыздық деңгейі - 0,6% құрады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына 44 отбасыға немесе 194 адамға 7,9 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді.

 

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020»

«Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, «Инфрақұрылымның және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының дамуы есебінен жұмыспен қамтудың» І бағыты бойынша Рубежин ауылының ауылдық клубы ғимаратының күрделі жөндеуі, Переметный жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратының күрделі жөндеуі, Мичурин ауылының ауылішілік жолдарының күрделі жөнделуі өткізілді, Красноармейск және Шалғай ауылдарында аылдық клуб ғимараттарына жөндеу жүргізілуде, жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа 180 адам жоспарымен 150 адам жіберілді, бұл 83,3%  құрайды.  (жоспарлы жылдық көрсеткішінің орындалмау себебі - білім беру нысандары бойынша биіктікте жұмыс істеуге рұқсат жоқтығы және жіберілетін жұмыскерлердің біліктілік талаптарына сай келмеуі).  

Ағымдық жөндеу ауданның 13 әлеуметтік маңызды нысандарында жүргізілуде, олар: 5 мектеп, 4 клуб, 2 медициналық әлеуметтік мекеме  (Егіндібұлақ, Новенький, Достық, Январцев, Озерный мектептеріндешатырлар ауыстырылды, Чиров, Раздольный, Зеленый және Дариян клубтарының жөнделуі, ғимаратты ағымдық жөндеу, пандусты жөндеу, Көшім ПӘММ аумағын абаттандыру және Переметный ауылындағы қарттар МӘМ ғимаратының ағымдық жөнделуі.)

«Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және тірек ауылдардың кешенді дамуының» ІІ бағыты бойынша 2016 жылға республикалық бюджеттен 82,1 млн. теңге бөлінді. Аталған бағыт аясында несие алуға 86 адам құжаттарын тапсырды, 1 қаңтарға 82,1 млн.теңге көлемінде 34 адам несие алды, соның ішінде жеке ісін ашу үшін 12 адам және 22 адам жеке ісін  кеңейту үшін.

«Жұмыс берушінің қажеттілігі аясында оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің» ІІІ бағыты бойынша, ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 3,6 млн. теңге бөлінді, 18-24 жас аралығындағы жұмыс жасайтын жастардан кадрларды қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 4 адам жоспарымен 5 адам немесе 125%, 55-64 жас аралығындағы 2 адам жоспарымен 2 адам немесе 100% кадрларды қайта даярлауға, 4 адам жоспарымен 6 адам  немесе 150% кәсіби даярлыққа жіберілді.

Жастар тәжірибесіне 38 адам жоспарымен 53 адам, соның ішінде 47 адам тәжірибені аяқтады, 10 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адам жоспарымен 31 адам жіберілді, соның ішінде 18 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Ауданның кешенді жоспары бойынша 1121 адам жоспарымен 1788 адам, соның шінде аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында 858 адам қамту жоспарлануда, қазіргі таңда 1310 адам қамтылған.

Басқа бағдарламалар аясында:

- «Нұрлы жол» бағдарламасы - 29 адам;

- «Агробизнес - 2020» бағдарламасы - 15 адам;

- «Өңірлерді дамыту»  бағдарламасы - 4 адам;

- «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы - 2 адам;

- «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы - 319 адам.

2017 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту органдары арқылы 1174 адам жұмысқа орналастырылды,

 

«Дипломмен ауылға мемлекеттік бағдарламасы»

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2016 жылы жас мамандарға тұрғын үй алуға жалпы сомасы 302,9 млн. теңгеге 96 несие берілді, (2015 жылы 47 маманға - 135,7 млн. теңге).  39 келген мамандарға жалпы сомасы 5,8 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы төленді (2015 жылы 41 маманға - 5,7 млн. теңге).

 

Өткен жылдың есептік кездесуіндегі түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы:

2016 жылдың 10 ақпан күні қорытынды есептік кездесуде 3 ұсыныс айтылды, олар:  

- Переметный ауылдық округінің Озерный ауылында мектеп құрылысы;

- Макаров ауылдық округінің Садовое ауылында және Мичурин ауылдық округінің Зеленый ауылында Шаған өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы;

- Белес ауылының тұрғын алабына инженерлік-коммуникациялық жүйесін өткізу;

- Трекин ауылының Арман шағын ауданына трансформатор орнату.

 

2016 жылдың 12 желтоқсан күні Озерный ауылында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитетінің төрайымы Әбдікәрім Мәншүк Сәметқызының қатысуымен мектептің ашылуы өтті.

Өткен жылдың қыркүйек айында Садовое және Зеленый ауылдарындағы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысы басталды, құрылыстың аяқталуы ағымдағы жылдың ақпан айының аяғына жоспарлануда.  

Бүгінгі күні Белес ауылының тұрғын алабындағы сумен және электрмен жабдықтау аяқталды.  

Трекин ауылының Арман шағын ауданында 12,5 млн. теңгеге, қуаттылығы 400 киловольт/ампер болатын трансформатор орнатылды, қаржылай қаражат аудандық бюджеттен бөлінді.  Жергілікті тұрғындардың өз қаражаты есебінен тұрғын үйлерге әуе электр желілері тартылды. Бүгінгі күні 63 үй қосылған, 200-ден астам үйді қосу жоспарлануда.

 

2017 жылға жоспар:

100 орындық интернаты бар, 300 орындық Дариян қазақ жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратының құрылысы. Құрылыс бағасы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес 1,1 млрд. теңге құрайды, құрылыс басталуына республикалық бюджет есебінен 401,4 млн. теңге бөлінді.   

Дариян ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу, жобалық-сметалық құжаттама жасалды, күрделі жөндеу құны  214,7 млн. теңге құрайды.  

Батурин, Камен, Зеленый жалпы орта білім беретін мектептерін күрделі жөндеу және қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама жасалуда, жобалық-сметалық құжаттама жасақтауға аудандық бюджеттен 6,4 млн. Теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Переметный ауылының ауылішілік жолдарын жөндеуге 661,9 млн. теңге және Дариян ауылына 217,2 млн. теңге көлемінде жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. 

Ақжол ауылының ауылішілік су құбырының құрылысы мен Володар ауылындағы су құбырын қайта жаңартуға республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді, сонымен қатар Павлов және Дариян ауылдарына облыстық бюджеттен 111,6 млн. теңге бөлінді. 

Владимировка, Үлкен Шаған, Мирный, Кирсанов ауылдарын газдандыруға техникалық-экономикалық негіздеме дайындау үшін аудандық бюджеттен 6 млн. теңге бөлінді.

Факел ауылын газдандыруға  жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін аудандық бюджеттен 4 млн. теңге бөлінді.

Аудан елді мекендерінің көшелерін жарықтандыруға 73,1 млн. теңге бөлінді.

Калинин ауылында 160 көрермендік орынға дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. Бүгінгі күні құрылыс басталуына аудандық бюджеттен 73 млн. теңге бөлінді.   (сонымен қатар алдағы өтетін мәслихат сессиясында аудан бюджеті есебінен 92 млн. теңге бөлу жоспарлануда). 134 млн. теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу қажет.  

Көшім, Щапов ауылдарында су құбыры желілерін қайта жаңарту жоспарлануда.

Мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша Достық ауылында кезегіне 100 орындық жеке меншік балабақша ашу жоспарлануда.

 

Құрметті Алтай Сейдірұлы және

есеп беру кездесуге қатысушылар!

 

Ағымдағы 2017 жыл елімізде халықаралық және әлемдік деңгейдегі ауқымды шаралардың ұйымдастырылуымен ерекшеленуде.

Мыңдаған саңлақ спортшының басын қосатын байрақты дода, Дүниежүзілік Универсиада ел жастарын жеңіске жігерлендіріп, спорттағы әлеуетін танытса, «Астана ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесі еліміздің беделін арттырып, экономикалық әлеуетін еселей түспек.

Бізде алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін Заңмен қамтамасыз етілген барлық мүмкіндік бар. Бүгініне тәубе деп, ертеңіне үмітпен қарайтын еңбекқор халқымыз жарқын болашақ жолында талмай еңбектенеді деп сенемін.

 

Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Қазақстандықтар бейбітшілікте және қауіпсіз өмір сүрулері тиіс. Тұрақты экономика, тұрақты саясат, тұрақты қоғам - бұл әрқашан да біз жүргізіп келген бағыт және бұл бағыттан таюға тиіс емеспіз».

 

Мәңгілік ел болу жолында асқақ армандар мен биік белестерді бағындырып, Ұлы көшіміз ілгерілей берсін!

 

Назарларыңызға рахмет!