Құрметті Бәйтерек ауданы әкімдігінің сайтына келушілер!

Бәйтерек ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер!


Shaharov Aссылка

Тәуелсіз Қазақстан бүгінде әлеуметтік әділдігімен, экономикалық әл-ауқаты мен ұлтаралық бірлігімен белгілі дамыған және тұрақты мемлекет.

Қазақстан Республикасының даму қарқыны бүгінде қазіргі күнге сенімділікпен және келешекке үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы да мемлекеттік істерге өзінің маңызды үлесін қосуда. Біз Бәйтерек ауданында еліміздегі жағымды мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тырыстық және бүгінде ауданымыз тиімді, жоғары деңгейде даму үстінде.

Біз аграрлық кешенде, күрделі құрылыста, шағын және орта бизнесті дамытуда ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Экономика саласының даму қарқыны да аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында денсаулық сақтау, білім және мәдениетті дамыту бойынша ірі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданы Батыс Қазақстан облысымен шекаралас елдеріне де өзінің аграрлық-өнеркәсіптік әлеуетімен белгілі.

Бәйтерек ауданы бүгінде белсенді даму үстінде, және біз жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуда қызығушылық танытудамыз.

Осы сайт - бұл «Электрондық үкімет» идеясын жүзеге асырудағы бірінші қадам, әрбір сайтқа кіруші, аудан тұрғыны, кәсіпкер, инвестор толық ақпарат және қойылған сұрағына жауап ала алады.

Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми сайты арқылы сайтқа келушілер ауданның тарихы туралы мағлұмат алуға, қазіргі кездегі өңірдің әлеуметтік - экономикалық жағдайы жөнінде және аудан аумағында атқарылып жатырған жұмыстар туралы ақпарат алуға және жаңа достар мен іскер серіктес табады деп сенемін.

Құрметпен, 

Бәйтерек ауданының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы

 


Президенттік жастар кадрлық резерві

рисунок

2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталғанын және құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлай-платформа pkrezerv.kz іске қосылғанын хабарлаймыз.


Жаңалықтар


 

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы интернет-конференция өткізеді

12.09.2019

рисунок

2019 жылдың 20 қыркүйек (жұма күні) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде интернет-конференция өтеді.

Толығырақ...


Құрметті жерлестер!

30.08.2019

рисунок 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң ел жетістіктерінің берік кепіліне айналды. Тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге  қол жеткіздік. Ата Заңның  нормаларын ұстану, конституциялық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті міндеті. Ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды.

Мерейлі мерекеге орай әр шаңыраққа игілік пен бақ-береке тілеймін! Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

 

Құрметпен,

Бәйтерек ауданының әкімі                                                        А.Шахаров

 

Азат елдің ар-намысы – Ата Заң

29.08.2019

рисунок

Бүгін ауданда ҚР Конституциясы күніне арналған мерекелік шара «Азат елдің ар-намысы – «Ата Заң» тақырыбында өрбіді. Салтанатты шарада аудан әкімі Асхат Шахаров тәуелсіз елдің тірегіне айналған Ата заңның маңызына тоқталып, азаматтық қоғам қалыптастырудағы рөлін айрықша атап өтті.

Толығырақ...


Барлық жаңалықтарды оқу ...