БҚО ТЖД бастығының 12.09.2017 жылғы № 153 «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында Зеленов ауданында тұрғын үй секторында жергілікті полиция қызметімен келісілген іс-шаралар жоспары бойынша өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде.

Өрттер көптеген материалдық шығындарды, кейбір жағдайларда адам өлімінде келтіреді. Сондықтанда өрттерді болдырмау тек өрт сөндірушілердің емес, барлық азаматтардың міндеттері мен борыштары. Осындай тақырыптағы ұранның астында өтіп жатқан шараның шеңберінде төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып  тұрғындардың аз мобилді  санатының (тәуекел тобына) жататын, хал-жағдайы төмен отбасыларының, әлеуметтік бейімделмеген азамттардың тұрғылықты жерлері, тұрғын жайлары жоқ адамдардың ықтимал болатын орындарына рейдтік және алдын алу жұмыстары жұргізілуде. Тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып үйрету мақсатында ауыл әкімдігі, ТҮКШ ЖК және АЖ, «НұрОтан» және «Ауыл тынысы» редакциясының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Сонымен қатар адамдар көп шоғырланатын орындарында LED экран арқылы бейне түсірілімдер көрсетілді.

Тұрғын үйлерді аралау кезінде ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздік қағидасының талаптары түсіндіріліп жадынамалар таратылуда.

рисунок

рисунок

Зеленов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі